жайт. Оқиға желісінің көп элементтері осы тəртіпте жұмыс істейді,
сондықтан сіз оларды есте сақтауыңыз қажет. Сіз Донның Дик екенін,
Пеггидің Питтен бала сүйгенін, Джоан Роджердің нақсүйері болғанын,
кімнің кім туралы не білетінін есте ұстауыңыз керек. Кейде жоғары
шиеленістегі драма кезеңдерінде жəне даму үстіндегі эпизодтардың ұзақ-
сонар серияларының өтемі ретінде бір кейіпкер басқа бір кейіпкердің
оқиғасын танып біледі. Екінші маусымның соңында Пеггидің Пэтке одан
бала тапқанын əрі сəбиді басқаға бере салғанын айтатын сəтін һəм үшінші
маусымның соңындағы Беттидің Донның өткен болмысы мен отбасылық
тарихынан хабардар боп отырғанын айтамыз. Осындай сəттердегі
диалогтерде кейіпкерлердің жан сыры ашылады. Кейіпкердің терең
мағыналы жаңалықты қалай қабылдағанының куəсі болу арқылы көрермен
рухани лəззат алады яки ішкі күйзеліске тап болады. Бірақ көрініс пен
эпизод сайын диалогте орын алатын қарабайыр қайталау мұнда жоқ.
Бұл сəтті эстетикалық артықшылық ретінде көруге бүйрегіміз бұрып
тұрса да, біз бұл жерден ымыраны (
tradeoff
) да байқай аламыз. Бұрынғы
ақпаратты аудитория есіне сала отырып, жаңа ақпаратты жария ету
кезіндегі эмоция көрерменді ерекше əсерге бөлейді.
«Есалаңдар»
стилі,
аздап бұлыңғыр болғанмен, ашық айтылмаған тақырыптық немесе
символдық мағынаны іс-əрекетке бағытталған сюжеттік даму əрекеттерінің
компоненті ретінде ерекше атап өтеді. Көптеген эпизодтарда негізгі
сюжеттік ақпаратты қайталау əлгі эпизодтардың əсерін одан əрмен
күшейтеді. Телехикаяны тұрақты түрде жан-тəнімен беріле тамашалайтын
көрермен өздерінің зеректігі мен оқиғаны ұғынуға жұмсаған күші үшін
марапатталады. Сонымен бірге тарихи жəне психологиялық түсінікке жəне
шоудағы мизансценаның əр деталіне мəн беріп, бай да баяу əрі сырбаз
қалыпта өрбитін картинаға үлкен үміт артады. Ол үміті соңында ақталады.
Желілік жəне кабельдік стильдердің иерархияда өмір сүруі міндетті емес.
Достарыңызбен бөлісу: