Ескертпе
1.
Желі мен кабель екеуінің өзіндік ерекшелігі бар, сондықтан Netflix, Amazon т.б.
бағдарламалау үшін қажет онлайн кеңістіктер кабельмен жабдықталған болуы тиіс, себебі
бұл кеңістіктер əдеттегі телеарналардан ерекше нəрсе.
2.
«Шоураннер» туралы білгіңіз келсе
қараңыз
: Michael Z. Newman and Elana Levine,
Legitimating Television: Media Convergence and Cultural Status (New York: Routledge, 2012).
3.
Brian Steinberg, «Mad Men Is Great Art, Not Such Great TV Business»,
Advertising Age
March
27, 2012.
4.
Deborah Jaramillo, «AMC: Stumbling toward a New Television Canon», Television & New Media
14 (2013), 167–183; Anthony N. Smith, «Putting the Premium into Basic: Slow‐Burn Narratives
and the Loss‐Leader Function of AMC’s Original Drama Series», Television & New Media 14
(2013), 150–166.
5.
Jon Lafayette, «The «Mad Men» Lesson: Buzz Lights Up a Network»,
Broadcasting & Cable
, July
19, 2010.
6.
Smith, 160–161; Marissa Guthrie, «Matt Weiner, AMC Reach Deal on Mad Men»,
Hollywood
Reporter
, March 31, 2011.
ОНЫНШЫ ТАРАУ
Тәжірибе жүзіндегі теория. Жеңілдету әдістері: «
Король
Лирдегі
» сюжет астары
Бриджет Геллерт Лайонс
Бриджет Геллерт Лайонс Ратгерс университетінде ағылшын тілінен сабақ берген. Оның
«Меланхолия үні» (
Voices of Melancholy,
1971)
,
«Теория дәуіріндегі оқу» (
Reading in an Age of
Theory,
1997) және «Түн ортасындағы қоңырау күмбірі» (
Chimes at Midnight
, 1989) атты
кітаптары бар.
Төменде келтірілген ЛИР СӨЗІ
–
оның көз жұмар алдындағы ақырғы сөзі.
Осы сөзді айтқан тұста не көргенін, нендей əрекет істегенін яки не сезгенін
анықтауға тырысып-баққан сыншылардың уысынан əрдайым осындағы
жұмбақ ұғым сытылып кетіп отырды:
Құлың болайын, ағытыңдар түймемді: Рақмет, сэр.
Мынаны көрдіңіз бе? Оған қараңыз, қараңызшы, қараңызшы ерніне
Мына жаққа қараңыз, мына жаққа қараңыз деймін! (Жан тапсырады)
(5.3.309
–
11) (Ə.К.
*
)
Егер біз осы үзіндіні егжей-тегжейлі талдайтын болсақ, Брэдлидікі
секілді патшаның қуаныштан не қайғыдан өлгені туралы тұспалдан
қағыламыз, 310-жолда келтірілген «мына» (
this
) сөзінің алдында
антецедент жоқ болғандықтан, нені меңзегені түсініксіз. Бірақ Лирдің үзік-
үзік сұрақтары мен күйінуі арасындағы саңылауды толықтыруға қатысты
көңілге күдік ұялауының басқа да себептері бар. Бұл негіз осыдан бұрын
біз куə Глостердің өлімініне қатысты əдіспен байланысты. Оқиға Эдгардың
аузымен баяндалады, көрермендер де мұны көзбен көрмейді:
Сөйтіп жүріп, бір күні
Ғаріп болған өз əкеме,
Байғұс шалды өз қолыммен жетелеп,
Қорек тауып, алдарқаттым көңілін.
Шын сырымды алғаш рет мен оған
Жаңа осында келерімде сайысқа
Айтып беріп, ақ батасын сұрадым.
Ойламаған соққы болды ол үшін,
Байғұс жүрек, қуаныш пен азапқа
Қайдан бірдей төтеп бере алады,
Шыдай алмай кетті содан жарылып. (5.3.188
–
99) (Ə.К.)
Бұл пікірде тез арада өткен оқиғаның жетіспейтін тұсы үйлесімнен
табылып тұр. Біз Глостердің өлімін оқиғаны көптен белгілі формада
құрайтын баяндаушы арқылы байқаймыз. Соның көмегімен өмір мен
əдебиет бір ретке тізіледі («менің қаңғыбас өмірім» деп жазылған жерде
5.3.181-дегі қысқа əңгімені тізіп шығыңыз). Мұнда көзқарастағы ишара
туралы оның ұқсас (аналогиялық) құндылығын айтып өтпей, қандай да бір
əңгіме қозғау мүмкін емес. Мотив пен моральдық бағалау анық жазылған
өлімнің өзін жеке алғанда, онда ешқандай құпия жоқ. Глостердің жүрегін
шынымен жарып жіберген құштарлық арпалысына жасалған аллюзия өзара
байланысқан моральдық, физиологиялық, психологиялық жүйелерді
қабылдайды. Осы арқылы Ренессанс дəуірінің адамдары шартты түрде
мінез-құлық əрекетін түсіндірді.
1
Үзіндінің өрнектелген пішіндері де
(«Қымбат тастар жаңа жоғалған», «Күлімсіреп жарылды») оның онсыз да
анық түсінігін барынша айқындай түседі.
Лирдің өлімі қалай болғаны туралы Брэдлидің түсінігі тұрғысынан
Эдгардың есебі ұғынықты. Ол пьесадағы сюжет пен сюжет астары
арасындағы ерекше көзге түсіп тұрған айырмашылықтарды көрсетеді.
Глостердің оқиғасы кейіпкерлердің жиі берілетін комментарийімен бізге
əсер ететін параллельдер реттілігін беру арқылы негізгі əрекетті бастан
өткеруді күшейтеді:
ГЛОСТЕР Жуырда ай мен күн бірдей тұтылғанда-ақ, ішім мұздап қоя
беріп еді; ... үйде əкеге бала қарсы... ұрыс-керіс. Өз баламнан
өзім құқай көріп, менің тұрысым мынау. Өз баласын өзі
тентіретіп, корольдің жүрісі анау. Сүттей ұйып, судай сіңіскен
қайда баяғы заман! (1.2.114
–
18) (Ə.К.)
ЭДГАР Үлкендердің тауқыметін көргенде
Ұмыт екен өз қайғың.
Естен шығып кетеді екен сол қайғың,
Қасіретін көргеніңде басқаның.
Корольдің мынау
Көріп едім азабын,
Уайым болмай қалды аңдыған ажалым. (3.6.111
–
13) (Ə.К.)
ЛИР Тəн мен тəн қосылып (копуляция), жайнасын;
Глостердің заңсыз ұлы үшін
Əкесін оның өз қыздарымнан да жақын тарттым
Көрпе астында бəрі заңды (тең?). (4.6.117
–
19) (Ə.К.)
Бірақ қайталау жеке-дара драмалық қызығушылық тудыра алмайды.
Өйткені кейіпкерлердің айнаның бар екенін саналы түрде ұғынуы айнадағы
кескіннің дəл екенін білдірмейді. Гамлет Лаэртті кереғар мағынада көреді.
Алайда көрермен екі кейіпкердің жауабындағы айырмашылықтардан да,
осы жауаптарды тудыратын ұқсас жағдайлардан да жақсы хабардар.
«
Достарыңызбен бөлісу: |