Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет277/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

artifacts
)
ретінде қарсы шығуы оның міндетті түрде нарратив əрекетін «Басқамен»
сұхбаттасу оқиғасы ретінде кінəлауын білдірмейді деп батыл айта аламыз.
Шындығында, Левинас нарративті соңғы өнім (
said
) ретінде ғана емес,
одан гөрі оң сипатта көруге тырысады. Осыны түсіндіру үшін мен
Левинастың нарратив мəтіндерді талдайтын үш оқиғасын қысқаша
сипаттаймын.
Бір кездері өте ықпалды болған «Əңгіме риторикасы» (
The Rhetoric of
Fiction,
1961) деген еңбегінде Уэйн С. Бут Льюис Фердинанд Селиннің
«Түні бойғы саяхатын»
 
(
Journey to the End of the Night
) автордың көздеген
бейнелер желісін құрай алмаған жəне оқырманға кез келген сенімді,
ауқымды əрі этикалық құнды түсініктеме ұсына алмайтын роман деп
ауызға алады. Бут үшін Селиннің баяндаушысы Бардаму бір мезетте əрі
нигилист, əрі сөзге шебер болғандықтан, оны сенімді деп те, сенімсіз деп те
тануға болмайды. Оқырман баяндаушының моральдық құндылықтарын
қабылдай алмайды. Бірақ олардың тасасындағы «ойда тұрған автордың»
балама көрінісін білу үшін жеткілікті мəлімет те ала алмайды.
Левинас үшін «Шешендіктен жұрдай күнделікті тіл мен риторика» (1993
[1981]) (
«Everyday Language and Rhetoric without Eloquence»
) еңбегінде


Селиннің 
«Түні бойғы саяхатындағы» 
оқиға желісінің маңызы романның
өзіндегі немесе оның əлемге не ойдағы авторға ұсынған бейнелеріндегі
соңғы өнімімен түйінделмейді. Керісінше, француз əдебиетін билеп-төстеп
тұрған есепшіл жəне шешендік риторикадан ажырауымен жəне оның жаңа
үлгілерге, сөздік қор мен ырғақ қуатына кіріспесімен ерекшеленеді. Егер
біз Левинастың ұстанымына оның өзінің қысқа талдауынан да тереңірек
қарайтын болсақ, Бардамудың сенімділігіндегі дүдəмал қасиет ізгілік
ретінде қарастырылып, «ол жан-жүрегімен нигилист болса, неліктен сұхбат
жайлы ойлап мазасызданады», – деп, өзімізге сұрақ қоюға итермелейді.
Бардаму біздің назарымызды осылайша 
«Сөз»
бен 
«Лебіз»
əрекеті
арасындағы айырмашылыққа аударады. Оның мəтінінің семантикалық
мəндерінің астында дауыс əрекеті, төтенше өтініш сарыны жатыр: «менің
даусымды есті», «осы сөздерді ышқына айтып жатқан денені сезін»
дейтіндей. Селиннің романы барлық түсініктеме желілеріне белсенді түрде
қарсы шығатыны да рас. Өйткені мəтіннің артындағы «ойдағы автордың»
шынайы құндылықтарын айқындау оңай емес (оның үстіне, Селиннің саяси
ұстанымы екіұшты болған, ол 
«Түні бойғы саяхатындағы» 
солшыл
анархизмнен 1930 жылдарда жазған памфлеттеріндегі қызуқанды
антисемиттік мінезге дейін өзгерген). Дегенмен 
«Түні бойғы саяхатында»
тіпті ашу мен нигилизмнің ең бір қызған сəтінде де біздің назарымыз
барлық байланыстың өте шешуші элементтеріне, 
«Лебіз» 
əрекетіне қарай
ауады. Алайда Селиннің нарративті қуаты 
«Сөз»
түріне айнала алады.
Левинас автордың шешендіктен ада сөздері жаңа риторикаға, құнарлы
стильге айналғанын мойындайды.
Өзінің «Сөздердің трансценденциясы»
 
(1989c [1949]) (
The Transcendence
of Words
) деген мақаласында Левинас Мишель Леиристің «Ойын ережесі»
(
La Règle du jeu
) автобиографиялық жазбасының (немесе метанарратив)
бірінші бөлімі «Үстеме ақыны» (
Biffures) 
талдайды. Кітаптың соңында
Леирис 
bifures 
(bifurcations – айырылу) мен 
biffures 
(erasures – тазалау)
сөздерін ойнатады (каламбур): оның жазбасы екеуін де 
bifurcations
(күтпеген ассоциация һəм айналымдармен) жəне 
erasures 
(ұдайы түзету əрі
өзгертулермен) деп құбылтады. Левинасқа қарағанда, «осы «айырылу» мен
«тазалау» сөздерімен Леирис алдынан ашылған жаңа жолға түсуді я
болмаса өзі бір нəрсені жаңа нəрсеге айналдырған айрықша сəттегі ойды
ұстап алғаннан гөрі түзетілген мəнге жабысуды қалай қоймайды» (146).
Левинас Леиристің шығармасындағы өмірді нарратив, уақыт əрі себеп
бойынша ұйымдасқан оқиғалар желісі ретінде игеруді күйрететін һəм соған


нұқсан келтіретін элементтерді бағалайтын сияқты. Өмірдің аяқталған
хикаясын іздеудің орнына, Левинас (Леирис сияқты) жазу əрекетіне де-
нарратив (нарратив емес) ретінде, нарративті ишаралардың көбеюі мен
жойылуы ретінде қызығушылық танытады. Өткен балалық шақ яки «Мен»
сезімі жазу үдерісінің ұдайы өзгеріп тұратын құрылымдары ретінде
қарастырылады. Жазудың осы жоюшы һəм ассоциативті тəсілі Левинас
үшін «түсінік пен бірегейліктің классикалық категорияларының шегінде
жатқан ой» (146) секілді көрінеді. Соңында Левинас Леиристің əлі де
көрнекі һəм кеңістік элементтеріне беретін біріншілік (сұхбатқа түскен екі
адамның біреуінің басымдығы) жайлы болмашы сыни ескертуін де айта
кетеді: «ойдың мазмұны» болып саналатын «Сөз» жанды сөз – Лебізден
басым тұрады (149).
Тек Марсель Прусттен ғана Левинас өзінің нарратив идеалын тапқан
тəрізді. Əдебиет бойынша ертеректе жазылған келесі бір мақаласы
«Прусттегі Басқада»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет