Нарратив қандай да бір түрде сəтсіздікке
ұшырап я болмаса нарратив
желісін тудырудан бас тартқан кезде Левинас үшін ол «Басқаның»
көкжиегін ашуы мүмкін. Біз де-нарративтің осы түрі Левинас үшін
«
Лебізді»
барлық тілдік əрекет алдында «жалаңаш келбет» ретінде қарсы
алу үшін «Cөзден бас тарту» тəсілінің бірі болады деп түйіндей аламыз.
Колин Дэвистің айтуынша, Левинас əдеби шығарманы «тек ол өзінің жеке
өзгеріс этикасын қайталаған жағдайда ғана қолдайды» жəне ол
нарративтерді талдамайды, өйткені ол, түптің түбінде, нарративтердегі
түбегейлі өзгешеліктер өзінің жеке этикасына назар тастауы мүмкін деп
қауіптенеді
(93).
Левинастың
талдауларының
əрқашан
оның
ірі
философиялық жобаларымен байланысты өрбитіні шындық, дегенмен мен,
ең болмағанда, Дэвиспен толық келіспеймін. Левинас талдаған мəтіндердің,
жоқ дегенде, тақырып деңгейінде оның көзқарасымен үндесуі міндетті
емес; мəселен, Селин «өзгешелік этикасымен» үйлесе қояр ма екен? Дэвис
Левинастың шығармаларындағы нарратив əрекеті (Лебіз)
мен нарратив
формалары
(Сөз)
арасындағы
айырмашылыққа
жеткілікті
назар
аудармайтын сыңайлы.
Алайда бізге Левинас көзқарасының шегінен шығуға тура келеді.
«Келбеттің» кері бейнесі (
counter-figure
) жазу барысында бой көтереді, бұл
түйткілден қашып құтылу мүмкін емес. Мен Славой Жижектің
сыншылдығы жайлы олай ойламаймын. Ол өзінің лакандық (Жак Лакан)
көзқарасы тұрғысынан əділдік пен этика тек «ҮШІНШІ адам үшін келбетке
ҚАРСЫ таңдау» деген болатын,
басқаша айтқанда, біреу басқалардың
келбетсіз сипаттарын мəртебелі «Басқаның» келбетінің алдына қарсы қоюы
керек. Мен Левинас тікелей келбет мəселесіне мəн береді деп санаймын.
Левинас үшін «Келбет» – мағына. Мағына болғанда да, мазмұнсыз мағына»
(1985:86). Контекспен күмəнсіз байланысқан барлық мəн «контекссіз» бір
ғана түпкі мағынаны – «Басқаның» келбетінің басымдығын бөліседі. Бірақ
былай деп те сұрауға болады: осы этикалық тазалық бізді барлық
нарративтер алдында шарасыз қалдыра ма? Контекссіз нарратив жоқ.
Талдауға тұратын нарратив мəні де жоқ. Контекссіз ешбір тіл де жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: