«Тіл»,
«Сөз»
болмаса, ешқандай
«Лебіз»
де болмайды.
7
Оның үстіне,
«Түні бойғы саяхаттағы»
Селиннің басым үнін оң
бағалайтындықтан, мен нарративте «Лебіздің» əрекеті нарратив дауысқа
баланбауы тиіс деп есептеймін. Сондықтан Леиристің «айырылу мен
тазалауы» сияқты немесе Прусттегі құпия үшін кейбір ортақ құрмет
ретінде төмен бағаланбасын деген ұсыныс айтқым келеді. Егер біз
Левинастың кейінірек Филипп Немомен жүргізген сұхбатында түйген
пайымдарына байыппен қарайтын болсақ, яғни біз кітаптарды жай ғана
құралдар я болмаса өнімдер ретінде емес, өзінің айрықша мəртебесі һəм
дербес технологиясы бар тіршілік ету тəсілі ретінде қарастыруға тиіспіз.
Олай болса, біз əдеби байланыс сипатын екінші дəрежелі байланыс ретінде
ескере аламыз. Басқаша айтқанда, біз бұл сəттерді Левинастың жас
кезіндегі шығармаларынан (кейде тіпті егде кезіндегі де) іздемегеніміз жөн.
Бұл кезде ол қандай да бір бейнелерге немесе фигураларға дұшпан көзімен
қараған не Деррида «фоноцентризм» деп атаған нəрсенің құрбанына
айналған болса керек. Роббинс атап көрсеткендей, біз «тілдің дербес əрі
барынша бейнелі əлеуетімен, тілге барынша тəн, яғни... этикалық
мүмкіндік ретіндегі келбеттің тілімен жүздесуге тиіспіз» (54). Əдеби мəтін
дегеніміз – сөзді жазбаша күйінде оқып шығу емес, бірінші дəрежелі тілдік
əрекет, яғни бұл тілдік əрекет көріністерін жасау жəне оқырманға тарату.
Жазба – тек қарым-қатынас қана емес, бір жағынан мета-байланыс, екінші
жағынан шынайы этикалық оқиға. Оны Левинас «Лебіз» деп атайды. Мұны
автор қолына қауырсын қаламын алған сəт деп түсінбеуіміз керек, ол –
кітаптың виртуалды кеңістігі. Мұнда жазу оқиғасы көрініс табады һəм
өрбиді. Əдебиет оқиғасы (қайта туған өнердің барлық оқиғалары ретінде)
бір сəтке бағынбайды: ол мəтін бойынша болып өткен, болып жатқан жəне
болатын оқиға; оқиға болғанда да, мета-оқиға.
Мен Достоевскийді оқып отырған кезде, ол əлі менің ойымда
шығармасын жазып жатады; мен фильм көріп отырған кезде, Чарли Чаплин
өзінің аяқкиімін кеміріп жатады; мен CD-ден əн тыңдап отырған кезде,
Джими Хендрикстің гитарасының сым пернелерін шертіп жатқанын
естимін. Бірақ осы қайталаулардың ешқайсысы маған олардың о бастағы
жазу, жеу немесе ойнау əрекетіне жол аша алмайды: барлық қайталанған
жəне ұсынылған көріністер «архе-жазба» ережесіне бағынады. Олар,
Дерриданың сөзімен айтқанда, қайталау билігіне, жаңарту мүмкіндігіне
һəм
белгілердің
түрлендірілуіне
тəуелді.
Осы
«арақашықтық
ұзақтығының» «Басқаның» өлімі – «өмір сүру үшін өлім» болуы міндетті
емес (Levinas,
1989b [1948]: 140), бірақ бұл – қалайда «Басқамен» жүздесу
мүмкіндігі. Біз
Лебіз
оқиғасын бөле алмаймыз, егер біз мəтіндік жүздесу
үшін кеңістікті ашатын нарратив тəсілдеріне назар аудармасақ, нарративтегі
«Басқаның» сөйлеп тұрған келбетін тыңдаңыз. Бұл нарративтерді əртүрлі
деңгейлерде: əңгіме əлемі деңгейінде, нарратив деңгейінде əрі автор мен
оқырман арасындағы кеңістікте талдауды білдіреді. Мəселен, біз
нарративтегі
кейіпкерлердің
бір-бірімен
қалай
жүздесетінін,
баяндаушының кейіпкерлер мен оқырмандармен қалай кездесетінін һəм
нарратив əрекеті қалай автор мен оқырманның жүздесуі мен бірігуіне
кеңістік əзірлейтінін талдай аламыз. Талдау барысында осы əртүрлі
деңгейлердің қалай тізе қосып əрекет ететінін, бір-бірін қалай көрсететінін
жəне кейде бір-бірімен қалай күресетінін ұғынуға тырысып көрейік. Бұл
үшін, мəселен, Дженет, Риммон-Кенан, Херман (2004) я болмаса Филан
жетілдірген нарратологиялық теория пайдалы идеялар мен сөздерді
ұсынады. Сөз болып отырған нарративтік тəсілдер өз-өзіне мақсат яки
нарративті «Басқаны» ұғыну һəм меншіктеу құралы ретінде емес,
керісінше, этикалық терминдер, əдебиетке тəн болмыс түрін ажыратуға
көмектесетін терминдер ретінде қарастырылуы керек. Сонда ғана олар
бізге «Басқаның» келбетімен жүздесуге көмектесуі мүмкін.
Оның үстіне, біз келбетпен контекстен тыс жүздеспей тұрып, таза
этикалық өтініш ретінде оны өз контексінде көруге тиіспіз. Левинас тарихи
жəне саяси контексті ескермегені үшін жиі айыпталған əрі бұл əділетті де
(мəселен,
Бадиу
2001, Жижек 2006). Жүзбе-жүз дидарласу тарихтан тыс
мекенде өтеді, мұнда өмір шындығы бір сəтке «жақшаға алынады».
Левинас моральдық таңдауды, əділдік пен саясатты енгізетін үшінші
жақтың маңызын мойындағанымен, өзінің талдау тəжірибесінде жекелей
жүзбе-жүз дидарласу сəтіне мəн береді. Алайда мен адамның келбетінің
қалай сөйлеп тұрғанын не оның қалай «тұтығып қалғанын, не қалай
сұхбатқа түскенін немесе оның карикатурасымен (алдамшы бейнесімен)
қалай күрескенін» көріп-есту үшін мына нəрсені ұсына аламын. Біз,
алдымен, осы «карикатураларды» қалыптастырған жəне олармен күресуге
тырысып жатқан тарихи һəм саяси себептерді көруге тиіспіз. Тек содан
кейін келбетті меншіктеуге тырысып жатқан барлық күш дискурстарының
астынан оны аршып алу үшін нарративтердің осы карикатуралармен қалай
күресетінін сынауға көшуіміз керек. Жак Рансьердің сөзіне қарағанда,
этикалық жүздесу мүмкіндігінің алдында əрқашан белгілі бір саяси
«саналыларды жіктеуге», яғни адамдарға саналы кеңістікті бір-бірімен
бөлісуге əрі кейбір адамдарды осы кеңістіктен тыс қалдыруға мүмкіндік
беретін тарихи институттар өмір сүреді.
II
Олай болса, Шарль Бодлердің кездесу мен жүздесу жайлы баяндалған
|