Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет274/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

vocabulary
) роман формасы лебізді (
saying) 
сөзге (
said
)
 
айналдырады, яғни
«Басқамен» сұхбаттасу жəне жүздесу əрекетін «Басқаны» түйсіну мен
меншіктеу əрекетіне бейімдейді.
1
Ол өзінің жақын досы Морис Бланшоның
əңгімесін сипаттаған кезде, нарратив болмай қоймайтын, бірақ қатал сəт
сияқты көрінеді. Бұл кезде көркем (поэтикалық) лебіз өзінің сипатын
өзгертіп, «айтылған сөздің тұтастығы ішінде» қалып қояды (
Levinas
1989d
[1966]: 157).
Сонымен, Левинас этикасының нарратив жайлы көзқарасы барынша
сыни түрде өрбісе, оған қатысты қандай «нарратологияны» сөз ете аламыз?
Шындығында, «нарратология» ұғымы «нарратив ғылымдары» идеясының
өзін құрайды. Мəтін құрылымдарын кескіндеу, сипаттау жəне талдау
теориясы мен тəсілі ретінде бұл сала əлі Левинастың ойларымен үйлесіп
кете қойған жоқ. Левинастың ойлары біздің «Басқаны» ақылмен тануға
деген талпынысымызды тежеп, этикалық тəжірибедегі элементтерге назар
аударады.
Бұл мақаланы жазудағы мақсатым – қандай да бір Левинас немесе
Постлевинас нарратологиялық тəсілін (əрі-беріден соң, қандай да бір
Постлевинас əдеби теориясын) жасау емес. Бұлай істеу Левинастың
еңбегінің (
œuvre
) қос қырлы сипатын феноменологиялық (Гуссерль мен
Хайдеггер) жəне иудаистік (Бубер мен Розенцвейг) дəстүрлерде, сонымен
бірге Левинас жайлы сөз болатын жəне талданатын философиялық
контексте зерделеуді талап етеді. Левинасты еңбектеріне арқау еткен
философтар – Деррида (1978) [1964], 1991 [1980], 1999 [1997]), Бланшо,
Иригарей, Риккер жəне Кристиан, Пеперзак (1993, 1999), Левелин (1995,
2002), бұлардан бөлек, Байлаше Левинастың ең маңызды зерттеушілері
болатын. Левинас жəне постлевинас философиялық дискурсының жалпы
фонында Левинастың əдебиет пен өнер жайлы дербес пікірлерін талдаған
Роберт Иглстоун мен Джилл Роббинстің этикалық əдеби сынға Левинас
тəсілін қолдану үшін жасаған талпыныстарын сипаттау қажет. Сонымен
бірге өзінің Левинастан түйген əсерлерін Бахтиннің диалогизмі мен Кавель
скептицизмімен біріктіріп, «нарратив – этикалық ойдың бастапқы
формасы» деген тұжырымды алға тартқан Адам З. Ньютонның да
көзқарастарын талдауға тиіспіз. Сондай-ақ бізге Джеффри Галт Харфаммен
де сұхбат құруға тура келеді. Өйткені оның этика мен мораль арасындағы


байланыс жайлы көзқарастарына Левинастың ойлары қатты ықпал еткен.
Осы тізімге постмодернистік ағылшын романы жайлы жазбаларына
Левинас қарастырған бірнеше тақырыптарды арқау еткен Эндрю Гибсон
мен «Əдебиеттің ерекшелігі» (
«Singularity of Literature»
) деген еңбегінде
Левинастың «Басқаның» басымдығы жайлы түсініктерінен əсерленген
Дерек Аттриджді де қосуға болады.
Шамасы, міндетіміз ауқымды болар деген ойдамыз. Мен мұнда
Левинастың басты тақырыптарының бірі «Басқамен жүздесуді» негізге
алып, оның Бодлердің «Кедейдің көзі»
 
(
«Eyes of the Poor»
) əңгімесімен
қалай үндесетінін зерделеймін. Мен Левинас этикасында өте бейнелі ұғым
ретінде жиі қолданылатын «Келбет» жайлы түсініктен Бодлердің
мəтініндегі əлдеқайда дəстүрлі нарратологиялық ұғымға ауысамын. Нақты
келбетті талдауға көшкен кезде, Левинас этикасы мен нарратив талдауы
арасындағы қашықтықты еңсеру талпынысының өзінде бір кемшілік орын
алуы мүмкін. Яғни Левинас тұжырымы мен мəтінді талдау арасында
үйлеспейтін жайттар да болуы ықтимал.
Нарративті 
талдауға 
дұшпан 
көзімен 
қараса 
да, 
Левинастың
шығармашылығындағы маңызды тақырыптардың бірі ретінде неліктен біз
əңгімені зерделеу үшін оған жүгінуге тиіспіз деген мəселені көтеруіміз
керек. Біз, түптің түбінде, неліктен постлевинас этикалық тəсіліне көшу
үшін Левинастың тұжырымын нарратив туралы мəтіндік, тарихи жəне
саяси сипаттағы түсініктермен біріктіруге тиіспіз?
Левинас этикасындағы орталық элемент – жүздесу. Шын мəнінде,
этикалық ойлау тіршілік етіп жатқан дербес сананың сезімдерінен емес,
«Басқамен» жүздесу оқиғасынан басталады. Левинас үшін бұл жүздесу
ешқашан үйлесімді (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет