кемел бірлестік қиялының күлін көкке ұшырады. Кедейдің көзі күйменің
есіктеріне (
portes cochères
) теңестіріледі, олар пешенелеріне жазылмаған
шаттыққа кенелуге дайын күйде тұр. Бұл жағдайда бас даяшы сезімді
үлестіру мен бөлісуге жауапты «полицияның» жергілікті өкілі ретінде
қарастырылуы мүмкін. Нарратив бастапқы нарратив сəтіне қайта келеді,
баяндаушы былай деп түйіндейді: «Періштем менің, бір-бірімізді түсіну
неткен қиын десеңші! Не деген қайшылық, тіпті ғашықтардың өзі де бірдей
ойлай алмайды екен-ау!»
12
Бикеш, шынымен де, «əйел жұмбағының» керемет үлгісі бола ала ма? Ол
санасына қандай да бір жанашыр
ойдың келуін қаламайтын, кедейдің
мұқтаждығына да, еркектің ойларына да сезімсіз қалатын адам ба? Ол əлде
өскелең капитализмнің тұтынушы көрінісіндегі жай ғана ойыншы ма? Онда
шешім қабылдамай тұрып, нарратив жағдайын ой елегінен өткізейік.
Анығы сол, баяндаушының сөзі – «сен неге бүгін мені жек көріп
қалдың?» деген бикештің сұрағына ашық я болмаса жасырын түрде
берілген жауап. Дегенмен біз оның не деп сұрақ қойғанын тек
баяндаушының жауабынан кейін жорамалдай аламыз. Олардың күні бойы
бір-біріне шерткен сырларының ортақ тарихы тек оқиға желісі арқылы ғана
ашылады. Ал кедей пайда болғанға дейін ол бірінші жақта көпше түрде
баяндап тұрады: «Біз бірге өткіздік. ... Біз шынымен де уəделестік ... біздің
отырғымыз келді». Дегенмен осы «біз», шын мəнінде, бірінші жақта көпше
түрде сөйлеп тұрған ерекше дауыс, ол – «біз» деп екеуінің атынан сөйлеуге
құқығы бар екенін білетін дауыс. «Біз» деп сөйлеп тұрған адам – еркек
емес, бикеш. Бикештің даусы тек бір ғана жерде шығады, оның өзін
баяндаушы өз сөзімен жеткізеді. Шындығында, нарратив жағдайы
баяндаушының суреттеген карикатурасынан қорғануға, бізге оның келбетін
баяндаушының сөзінсіз көруге мүмкіндік бермейді.
13
Оған əңгімені баяндауға мүмкіндік берілсе, не айтар еді? Бəлкім, ол өзінің
жай ғана махаббатына адал болып қалуға тырысып,
кездейсоқ біреудің
кездесулерін мазалағанын қаламағанын айтып ақталар ма еді? Оның да
құқы бар, оның да сүюге құқы бар. Оның ақшасы болуы мүмкін, бірақ əлі
шын ғашығын жолықтырмаған да шығар. Бұл, бəлкім, өзінің кедейлігіне
қарамастан, ұлдарын ерткен міскін əке болар. Əлгі ғашық бикеші өзіне
қарамай, теріс бұрылып, басқа көзқарастарға жауап бергенін байқаған кезде
жəбірленген де болар? Бəлкім, ол өзінің ұят сезімінің, шын мəнінде,
баяндаушы «жазушының сөзіне» сүйене отырып меңзегендей, нағыз
этикалық жанашырлыққа қарағанда, өз жүрегін «жібіткен» шаттық
сезімінің арқасында туғанынан күмəнданып қалған шығар? Бəлкім, ол өз
араларындағы махаббаттың басынан бастап, «Басқаны» қарсы алу жəне
түсіну қалауынан емес, романтикалық қиялынан туғанын сезген де шығар?
14
Баяндаушы бикештің
сөздерін келтірмей тұрып, оның көздері жайлы:
«Мен сенің сондай əдемі əрі сондай ғажайып нəркес көздеріңнің
тұңғиығына баттым; Назға толы, Айдан шуақ алғандай сенің жанарыңның
жарқылына еріксіз тұтқындалдым», – дейді. Бикештің нəзік те тылсым
көздері мен оның суық сөздерінің арасындағы қайшылық еріксіз
таңғалдырады. Бұл жерде оның көзқарасы тек еркектің көзімен бағаланып,
баяндаушының
сөздері
арқылы
түсіндірілетіндіктен,
орын
алған
қайшылықты баяндаушының əдейі ұйымдастырған жымысқы əсері ретінде
көруге де болады. Қалай болғанда да, еркек өзінің көздерімен «Наз» бен
«Айды» көргені үшін бикеш кінəлі емес. Тіпті құбылмалы əйел мінезінің
осы бейнелері оны күтпеген сөздерді айтуға дайындаса да, қыздың кінəсі
жоқ. Көздерінен аллегория мен мифтерді оқи отырып, оған сүйсіну бейне
бір кафенің декорында мифологиялық бейнелерді талғамсыз қолдану
сияқты күлкілі.
Оның үстіне, бикештің көзіндегі сырларды
жаңсақ оқыған еркектің
кедейдің көзіндегі ойды қапысыз дəл оқуы күмəн тудырады. Осы тұрғыдан
қарағанда, оның кедейдің үнсіз көздеріне тіл бітіретін əрекеттері шынайы
жанашырлықтан гөрі қатаң меншіктеу ишарасына келеді: ол өзінің
бақылауында тұрған жандардың үнсіздігін сөзге «айналдырады», оларды
мəртебесінен, үнсіз тұру құқынан айырады. Ол қалайша кедей отбасының
не ойлап тұрғанын бикештен де жақсы білуі мүмкін?
15
Егер əңгіменің
соңында баяндаушы айтқандай, «тіпті ғашықтардың өзі бірдей ойлай
алмайтын болса», ол кедейдің көзінің не айтып тұрғанын білемін деп қалай
айта алады? Осы жерден, біз Левинасқа қайта оралуымызға болады: ол
үшін «Келбет» – ұғынуға, тақырыпқа айналдыруға,
сөз ішінде басқаға
ауыстыруға келмейтін дүние. Келбет «Басқа» болып қалуы жəне санаға
(
logos
) айналдырылмауы тиіс. Баяндаушы олардың келбетіндегі көзқарасты
нақты сөйлемдерге айналдырып, олардың сұрына келбет ретінде
қарамайды.
Бəлкім, баяндаушының əңгіменің өн бойында айтқан оқиғасынан бөлек
бір жеккөрініштің себебі бар шығар? Əңгіме кедейлердің мүддесі үшін
əділдікті талап ету емес, əйелдің қиялын күйрету үшін жасалған кек
қайтару əрекеті болар? Бұдан бөлек, əңгіме басындағы жеккөрініш пен
соңындағы «қымбатты періштем» мен «ғашық жандар»
деген лебіздердің
арасында екіұшты байланыс бар болуы да мүмкін? Барлық нарратив əрекеті
қандай да бір үлкен, садомазохизм ойынының бір бөлігі болуы да мүмкін.
Мұндай ойын оқырмандардың көпшілігі үшін Бодлердің басқа да
шығармалары арқылы өте жақсы таныс. Баяндаушының бикешке деген
ашық жаулығы оны тіпті жазушының көзінде де сенімсіз жан ретінде
көрсетуі тиіс. Бəлкім, баяндаушы бүкіл нарратив əрекетін бикешті
біржақты диалогке қарап отырған нарративті оқырмандардың көз
алдарында кемсітіп қорлауға құрған болар? Бəлкім, біз күшті нарратив
жағдайын еркек баяндаушы жағынан ғана емес, көбінесе жанайқайы
тыңдалмай жататын əйелдер жағынан да
қарауға шақыратын автордың
келбетін (оның барлық мəжбүрлеуші ойларының артында, бəлкім, оның
жеке қалауына қарсы) ажырата алатын шығармыз?
Əлде мұнда, түптің түбінде, баяндаушы əйелдерді тіпті де жек көрмейді,
шынымен де, оларды сүйеді немесе, ең болмағанда, оны кафеде емес,
нарратив сəтінде түсінеді деген қандай да бір ишара жатыр ма? Бодлердің
мəтінін Смиттің
Достарыңызбен бөлісу: