Сөзге ер адам өзінің жан сырын айтқанына қарағанда, кедейлердің ым-
ишарасы көп жайтты аңғартады. Олардың бет-əлпетінен көп нəрсені оқуға
болады. Бұл сезімді алдында Адам өзінің сүйіктісімен бөліскен болатын
(бұл жайлы тек өте жалпы сипаттау ғана бар): баяндаушы кедейлердің
көздерін «тыңдайды» жəне олардың көзқарастарын
айтылған сөйлемдерге
айналдырады. Əкенің көзі: «Қандай əдемі! Сіз осы кедей əлемнің барлық
алтыны оның (кафенің) қабырғасында тұр деп ойлағандайсыз», – десе,
баланың көздері: «Қандай əдемі! Бірақ бұл үйге тек біздей жұпыны жандар
емес, ақшалы адамдар ғана кіреді», – дейді. Екінші кішкентай ұлдың
көздері тіл қатпайды; оның жанары тек «ақымақ пен терең шаттықты» ғана
білдіреді. Келбет сөзбе-сөз тіл қатып тұр.
Кедейдің келбетін суреттеу үшін қолданылған кейіптеу (
prosopopoeia
) бұл
кездесудің жүзбе-жүз дидарласу екенін меңзей алады. Бұл жүздесу
адамның алдындағы өзінің сүйіктісімен кездесуіне қарағанда, мəні
жағынан, əлдеқайда терең əрі əлдеқайда маңызды.
Шындығында, екінші
кездесу (кедейдің келбеті) бірінші кездесуге (ғашығының келбеті)
қарағанда, Левинастың этикалық кездесу анықтамасына барынша сəйкес
келеді: осы сəтте кедей, бір жағынан, еркекке қарағанда төмендеу тұр,
Левинас үшін бұл – «Басқаның» прототипі, өйткені ол «кедей, бөтен, əйелі
өлген бейбақ жан» (1961: 281).
Екінші жағынан, əке кедей болса да,
балаларына қамқор болып, моральдық дəрежесінің арқасында əйелден
жоғары тұр. Еркек пен отбасы арасындағы байланыс ассиметриялы əрі
үйлесімсіз. Осылайша кез келген романтикалық махаббатқа қарағанда,
отбасылық байланыс əлдеқайда этикалық сипатта деп ұйғаруға болады.
Өйткені
онда жақындық, қамқорлық, мейірбандық бар. Мұндай жағдайда,
романтикамен екі арадағы теңдік жүзеге аса қояр ма екен?
Левинасқа сəйкес, əке мен оның ұлдары «үшінші жақты» бейнелейді.
Онда əділдікті, моральдық шешімді талап ету бар. «Мен» жəне «Басқа»
əлемде ешқашан жалғыз болмайтын үшінші жақ та бар. Ол сонымен бірге
«Басқа» (жəне басқа біреуге де «Басқа») бола алады. Сонымен қатар бұл –
жауапкершілігі бар адамға өзін түсінуді талап ететін «Басқа». Бұл мораль
шешімінің, заңдардың һəм саяси əрекеттердің жүзеге асуын талап етеді.
Бұл талап, ақыр аяғында бізді жүзбе-жүз
дидарласудың бастапқы, бірақ
осындай, бос этикалық тəжірибесінен қоғамдағы шынайы моральдық
ойлауға алып келеді.
Жалпы алғанда, Левинастың этикалық, саяси емес ұғымдары осы
жағдайдың барлық ирониясын ашып көрсетпейді. «Үшінші жақтың»
маңызын түсіну үшін біз тарихи жəне саяси талдауға да мұқтажбыз.
Вольтер Бенджамин өзінің жарияланбаған «Аркадалар жобасында»
(
Достарыңызбен бөлісу: