Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет284/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Ескертпе


1. 
Мен 
«Лебіз»
бен 
«Сөз»
арасындағы айырмашылыққа ораламын. Сонымен бірге француз
тілінде «Басқа» мəнінде екі сөз қолданылатынын ескеру қажет: 
autre 
кез келген басқаны
білдірсе, ал 
autrui 
дербес жəне басқа адамға қатысты қолданылады. Мен Левинастың
стандартты аудармасына жүгінемін һəм 
autre 
үшін «басқалар» сөзін 
autrui 
үшін «Басқаны»
(Other) (О бас əріппен) қолданамын.
2. 
Мұнда Достоевскийге сілтеме жасау кездейсоқ емес. Левинас ауысым тақырыбын дамыта
отырып, жиі-жиі 
«Ағайынды Карамазовтардағы» 
атақты сөйлемді келтіреді: «Біз бəрінен
бұрын барлығы үшін əрі барлық адамдар үшін айыптымыз, ал басқаларға қарағанда, менің
кінəм көп» (1985:98).
3. 
«Кері-фигура» ұғымы үшін Расаненге 
қараңыз
(2007: 14–25): ол бұл ұғымды, жекелей
алғанда, олардың жеке бейнелілігін терістеу үшін барлық фигураларға қатысты қолданады.
Бұл Магриттің «Трахисон» атты картинасының төменгі жағындағы «Бұл – түтік емес»
(
«Ceci n’est pas une pipe»
)
 
деген əпсанаға ұқсайды.
4. 
«Лебіз» бен «Сөз» арасындағы айырмашылық «дискурс» пен «əңгіме уақыты» арасындағы
формалистік/структуралистік айырмашылықпен үйлеспейді.
5. 
Мұнда Левинастың, жоғарыда айтылғандай, сөйлеу мен жазуға деген көзқарасы оның кейбір
ертеде жазған мəтіндерінен ерекшеленеді. Онда ол «жанды сөздің бейне жəне сурет белгісі
болып қалған сөзден ерекшелігі – сөз сарынының естіліп тұруы» дейді (1989c [1949]: 148).
Көзқарастың өзгеруіне Дерриданың «жазу сөйлеу бола алмайды» деген пікірі біршама əсер
еткен болуы мүмкін.
6. 
Мұнда мен Альфонсо Лингистің аудармасын аздап өзгерттім.
7. 
Бұл, əрине, сынды білдірудің тағы бір тəсілі. Бұған сай, Деррида 1964 жылдың өзінде
«Күштеу мен метафизика: Эммануэль Левинастың ойлары туралы мақала» деген еңбегінде
«қиянатсыз тіл» идеясын ұстанған болатын.
8. 
«Кедейдің көзі» 
алғаш рет 1864 жылы «Париж өмірінде»
 
(
La Vie Parisienne
) жарияланды.
«Париж мұңы» 
не 
«
Прозадағы шағын өлеңдердің» (
Petits poèmes en prose
) толық нұсқасы
ол дүние салған соң, 1869 жылы жарыққа шықты.
9. 
«Париж мұңындағы» 
мəтіндердің аралас жанрлары жайлы Эвансты 
қараңыз
.
10. 
Бенджаминнің Бодлерге жасаған талдауын оқу үшін Маклофлинді де 
қараңыз
.
11. 
Люс Иригарейдің ізінше Ева Корсисаари махаббаттың екі түрін бөліп көрсетеді: «жандары
бірігетін» жұпқа айналуға ұмтылатын Өзіне деген махаббат һəм біреудің өзгешелігін
мойындауға ұмтылатын «Басқаға» деген махаббат (50–56).
12. 
Олардың сəтсіз бірлестіктері жайлы Скотты 
қараңыз
: 93–98.
13. 
Əйелдің барлық сөздері, негізінен, күрсініс сарынында болып келеді («Жабайы əйел мен
кішкентай қожайын») немесе эгоистік, ойсыз дауысқа телінеді көбіне қорлық пен қысымға
ұшырайды (
«Кедейдің көзі»
, «Сорпа мен бұлт» жəне «Қандай шындық?») (Крюгер, 294).
14. 
Раббит: «Ғашықтың өзінің дербес ерекшелігін білдіруі, шынымен де, сөйлеушінің қалауын


өшіреді, оның бірегейлікке ұмтылысы» – қарым-қатынас емес, идеалданған өзіндік
рефлексия» (361).
15. 
Адам, əрине, біздің күнделікті өмірімізде жасайтын нəрсемізді жасайды: бөтен ойларды
олардың ишаралары арқылы оқуға тырысып, «халық психологиясын» я болмаса
«омыртқааралық танымды» жүзеге асырамыз. Кейде мұның сəті түседі, бірақ көбінесе бұл
қолымыздан келмей жатады.
Сілтеме
Attridge, Derek. 2004. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет