Әдебиет теориясы. 1-том


Адамзатты өркендету: нарратив қиялы



Pdf көрінісі
бет286/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Адамзатты өркендету: нарратив қиялы
Марта Нуссбаум
Марта Нуссбаум – этикалық сыншылдықтың көрнекті жақтасы, Броун университетінде дәріс
береді. Ол этикалық тұрғыдан жанашырлық, өзін өзгенің орнына қоя білу және уайым-қайғысын
бөлісу үлкен маңызға ие деп түйеді. Бұл қабілет әлеуметтік әділдікке қол жеткізуге деген
талпыныстың өзегі болып саналады. Әдебиет адамның мейірімін оятып, жанашырлық сезімінің
артуында ерекше рөл ойнайды, өйткені сөз өнері бізді, кейіпкерлерді, шынайы жандарға балап,
олардың сүйініші мен күйінішіне ортақтасуға баулиды. Марта Нуссбаумның кітаптары: «Ізгіліктің
осалдығы» (
The Fragility of Goodness
, 1986), «Махаббат білімі» (
Love’s Knowledge
, 1990) және
«Адамзатты өркендету» (
Cultivating Humanity,
1997)
.
«Адамзат қарым-қатынасы аясындағы ой мен сөз формалары сан алуан.
Сайлаушы 
соларды 
таңдап 
қолдана 
отырып, 
білім, 
интеллект
құндылықтарына сезімталдық қасиет дарытып, саналы əрі объективті
пайымдау қабілетін игереді. Дауыс беру үрдісі дегеніміз, айналып келгенде,
осыны білдіреді. [Адамдарға] əдебиет – романдар мен драмалар,
картиналар мен өлеңдер ауадай қажет, «өйткені оларды дауыс беруге
шақырады».
Александр Мейкеджон, «Алғашқы түзету абсолютті»
Адамзат əлемі тарих пен əлеуметтік фактілер жайлы білімге əркез
мұқтаж.
1
Біз бұл сұраныстың əртүрлі типтегі бағдарламалардың (
curricula
)
көмегімен қалай қанағаттандырылуы мүмкін екенін түсіне бастадық.
(
Латынша «curriculum», «curricula» оқу бағдарламасы, сабақ жоспары
деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді аударма мəтінде бағдарлама деп
бердік. – Ред.
)
 
Бірақ басқа жандардың өмірі жайлы көп деректерді мол
білетін адамдар əлі адамзат мүддесі үшін толықтай жұмыла қойған жоқ.
Гераклит 2500 жыл бұрын «Көптеген заттар жайлы білу білімді деген
ұғымды тудырмайды» деген болатын. Марк Аврелий «əлемнің азаматы
болу үшін біз тек білім алып қана қоймауымыз керек, бізден басқа
адамдардың мотивтері мен таңдауларын ұғынуға мүмкіндік беретін
жанашырлық қасиетін дамытуға тиіспіз» деген ойды алға тартқан еді.
Оларға мүлдем жат адамдар ретінде емес, көптеген қиындықтары мен


мүмкіндіктерін бізбен бөлісетін жандар ретінде қарауымыз керек. Дін,
жыныс, тап жəне ұлттық тегіне қарай бөлу, ұғыну міндетін қиындатады,
өйткені бұл айырмашылықтар тек адамдардың тəжірибелік таңдауын ғана
емес, сонымен бірге олардың «ішкі қасиеттерін», қалауын, ойларын жəне
əлемге қарау тəсілдерін танытады. Кейбір дəрежеде бұл барлық өнер
түрлеріне де қатысты. Əн, би, сурет, мүсін жəне сəулет өнері – осының бəрі
біздің айналамыздағы адамдар жайлы түсінігіміздің қалыптасуында белгілі
бір рөл ойнайды. Бірақ əлем азаматтарына арналған бағдарламада
(
curriculum
) əдебиет саласы тегі əртүрлі адамдардың нақты жағдайы мен
түйткілдерін көрсетуге қабілетті болғандықтан, айрықша бай үлес қосады.
Аристотель 
«Поэтика» 
кітабының 9-тарауында айтқандай, əдебиет бізді
«болары болып, бояуы сіңген нəрседен емес, алда болуы мүмкін жайттан»
хабардар етеді. Осы мүмкіндіктер білімі саяси өмірде құнды қорға
айналады.
Əдебиет адамзаттың қиялын қалай дамытуы мүмкін деген мəселені
қозғамай тұрып, уақыт пен кеңістік бойынша айтарлықтай ерекшеленетін
қос əдеби туындыны қарастырып көрейік. Екі жағдайда да əдеби шығарма
тиісті азаматтық түйсікке баулитын айрықша дербес қабілетке жатады.
Б.з.д. 409 жылы Афина демократиясы дағдарысқа ұшыраған кезде
жазылған Софоклдің «Филоктеті» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет