Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет292/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

бір миль – 1610 метр. – Ред.
) жол жүрген Дэвид Копперфилд үшін де
қам жейді. Кедейлер өмірінің осындай нақты шындықтары трагедиялық
поэзиядағы қолжетімсіз жанды суреттерді оның жүрегіне орнықтырады.
Сонымен бірге оқырман ұқсастық пен ерекшелік қасиеттерін де үйренеді.
Таптар айырмашылығы жайлы романды оқып отырып (мəселен,
Диккенстің бір романы), адам, бір жағынан, кейіпкерлердің өмірі мен
арманы, үміті мен қасіретіне қатысты көп жайттарға қанығады. Алайда
кедей кейіпкерлердің өмірін орта таптағы оқырмандардың өмірінен қатты
ерекшелейтін жайттар да аз емес. Мұндай оқырмандар кейіпкерлердің бай
жəне 
ауқатты 
өмірге 
деген 
ұмтылыстары 
жайлы 
ойлап, 
осы
айырмашылықтарды бағалайды. Олар жалпыадамзаттық мақсаттар мен
тұрмыс жағдайынан туған бөтендік сезімі арасындағы нəзік байланысты
көріп, ішкі əлеміндегі айырмашылықты байқайды. Тап, нəсіл, ұлт, гендер
мен тек айырмашылығы адамдардың мүмкіндігін, сонымен бірге
психологиясын да қалыптастырады. Мəселен, Эллисонның «көрінбейтін
адамы» «бəріміз бауырмыз» дейтін жеңіл əрі үстірт жанашырлықты жоққа
шығарады. Өйткені оның ішкі əлемі оқырманды қараңғы һəм қорқынышты
сипатымен таңғалдырады. Себебі қамқор отбасының қауіпсіз баласы бірте-
бірте жабайы һəм пессимист адамға айнала бастайды. Осылайша біз
нəсілшілдік дертінің (
расизм
) сана-сезімге қалай тереңдейтінін ұға
бастаймыз. Мəселен, баяндаушының Гарлем көшесіндегі сатушыдан батат
ботқасын сатып алатын көріністі қарастырайық. Оның үйіне деген
сағынышы, қуанышы мен мойындауы, бір қарағанда, таныс дүниелер;
бірақ ол өзінің қара нəсілді екенін көрсететін нышан деп білетін нəрсеге
құмарлығын жасырмау керек деп шешкен кездегі ұят сезімімен күресі –
орта таптағы ақ нəсілді оқырман үшін бейтаныс жағдай, яғни ол өзін
мұндай тəжірибемен сəйкестендіре алмауы мүмкін. Алайда мұндай
жанашырлықтың сəтсіздікке ұшырауы əлдеқайда терең, əлдеқайда
жанашыр сезімді тудырады. Өйткені оқырман бастапқыда басып-
жаншитын нəсілшіл тəжірибені сезінбей өсетін адамның, ақыр аяғында,
осы тəжірибемен қалыптасқанын көреді. Оған күмəнсіз иланады. Оқырман
қаранəсілділерді басып-жаншу арқылы қалыптасқан мұндай тəжірибе
өзінің немесе жақынының «басына келуі де мүмкін-ау» деген ойға келеді.
Түбінде, бұрынғы қалыптасқан түсініктен арылу керек деген ой түйеді.
Стоиктердің 
де 
əлем 
азаматтарына 
үндеу 
тастап, 
бір-бірінен


ерекшеленетін адамдардың өзара жанашырлық сезіміне қол жеткізуін
сұрағандағы талап еткені – осы күрделі түсіндірмелі өнер.
9
Алайда бұл
идеяны əлдеқайда күрделі əлемнің бөлігі болып саналатын плюралистік
демократиялық қоғамдағы ойлау мен пайымдаудың маңызды бөлігі ретінде
белгілі бір демократиялық жолдармен дамыту керек. Бізге осы міндетті
атқаруда айрықша көмек беретін – өзіміздің дербес дəстүріміздегі əдеби
бейне. Уолт Уитмен əдеби суреткерді демократиялық азаматтардың
таптырмайтын ұстазына балайды. «Олардың президенттері, – деп жазады
ол, – ақындар сияқты олардың ортақ қазылары бола алмайды».
10
Ол əдеби
өнер демократияның мəйегінде жатқан түйсік пен пайымдау қабілеттерін,
жекелей алғанда, «ер мен əйелдің мəңгілігін көру» қабілетін дамытады деп
ұйғарады. Адам əдебиет арқылы «ер мен əйелді арман немесе нысана»,
статистика немесе сандар кейпінде көрмейді, олардың мақсаттарын
ұғынады, күрделі ішкі əлеміне бойлайды. Уитменнің демократиялық поэзия
жайлы идеясының оның ежелгі Афина идеясын заманауи Америка
жағдайына бейімдеу екенін ұғамыз: «Көрме əнінде» (
«Song of the
Exposition»
) ол ежелгі грек поэзиясының Музасы Америкадағы алуан түрлі
адамдар мен олардың техникаға деген таңғажайып махаббатына
қарамастан, Жаңа əлемге (Америка) қоныс аударып, өзінің өлеңдеріне
шабыт берді деп жырлайды.
Уитмен ақынның «мəңгілікті көру» қабілеті əсіресе біз топтың ортасына
түскенде маңызды деп есептейді. Өйткені оның мүшелері: əйелдер мен
нəсілдік азшылықтар, гомосексуалдар, кедейлер мен əлсіздерді біздің қоғам
əрқашан лайықты бағалай бермейді. Əдеби суреткердің əлеуметтік рөлінің
маңызды бөлігі біздің барлық қуғындалған жəне езілген адамдарға деген
жанашыр сезімімізді оятумен, олардың армандарына үн қосумен
түйінделеді. Ақын: «Мен – жанашырлық жаршысымын», – деп мəлімдейді
«Өзім жайлы жырында»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет