белгілі бір пайдалы жетістік тұрғысынан түсіндіруге тырыстым, алайда бұл түсініктемені
қабылдай алмадым, себебі бұл – қате түсінік. Мəселен, мені өзінің аты санағандардың көпшілігі
маған аяқ артқан емес, мені мүлде басқа адамдар мінді. Мені бағып-қаққан да олар емес, басқа
жандар. Сонымен бірге арбакеш, мал дəрігері, басқа да сырттағы кісілер маған жылы қабақ
танытқанымен, мені өздерінің жекеменшігі санағандар олай қарамады. Уақыт өте келе, менің
бақылауларымның аясы кеңейгендіктен, «менікі» деген түсінік тек бізге, аттарға ғана қатысты
емес, «меншік құқығы» деп аталатын тар адами түсініктен басқа негізі жоқ ұғым деген ойға
тиянақтадым. Адам «Мынау менің атым» деп айтады, бірақ оны ешқашан мінбейді, тек оның
сыртқы тұрпаты мен күйін ғана ойлап қояды. Мəселен, саудагер «мынау менің дүкенім» немесе
«менің жақсы заттары бар дүкенім» деп айтады, бірақ ешқашан өзінің дүкеніндегі ең жақсы
заттардың арасынан киім алып кимейді.
Жердің бір бөлігін менің жекеменшігім деп атайтын адамдар бар, бірақ оны пайдаға
жаратпайды, тіпті ол жерде серуендемейді де. Кейбір адамдар өзге бір адамдарды сырттай
меншіктейді, бірақ оларды ешқашан көрмейді. Олардың арасындағы жалпы қарым-қатынастар
«қожайындардың» басқаларға əділетсіз қарауына келіп саяды. Əйелдерді менікі немесе менің
«əйелім» деп атайтын адамдар кездеседі, алайда олардың əйелдері басқа еркектермен уақыт
өткізеді. Адамдар осы өмірде жақсылыққа емес, біздікі деп айтуға болатын заттарға ұмтылады.
Бұл – адамдар мен біздің арамыздағы ең басты айырмашылық деген қорытындыға келдім.
Сондықтан мен бізді жоғары етіп көрсететін басқа да заттарды емес, тек осы бір ғана қасиетті
қарастыра келе, біз жалпы тірі жаратылыстар ішінде адамдардан жоғары тұрмыз деп сеніммен
айта аламын. Адамдардың іс-əрекеттеріне, менімен ісі болған адамдарға олардың істері емес,
сөздері басшылық етеді деп түйіндеймін».
Осы оқиғаның соңына қарай бұл жылқы өлтіріледі, алайда осы айтылған
баяндау əдісі өзгерген жоқ:
«Жарық дүниеде жер басып жүрген, өзіне бұйырған ризығы таусылған соң дүние салған
Серпуховскийдің денесі əлдеқайда кейінірек жерленді. Оның терісі де, еті де, сүйегі де кəдеге
асқан жоқ. Жарық дүниені босқа ыстаған тірі аруақ жиырма жыл бойы жұрттың бəріне қандай
масыл болса, енді оның өлігін жерлеу жұртқа тағы да қосымша əурешілік болды. Ол əлдеқашан
ешкімге керек емес-ті, əлдеқашан жұрттың бəріне масыл болатын, бірақ, дегенмен де, өлілерді
қара жердің қойнына жасырушы пенделер осы, кеудесінен шыбын жаны шығысымен-ақ шіри
бастаған, ісінген денеге жақсы мундир мен жақсы етік кигізіп, төрт бұрышында жаңа шашақтары
бар жаңа жақсы табытқа салып, сосын бұл жаңа табытты басқа қорғасын табытқа салып Мəскеуге
апаруды, сөйтіп онда ескі бейіттегі атамзаманғы өліктердің сүйегін бір жағына ысырып тастап,
жаңа мундир мен жылтыраған етік кигізілген осынау іріп-шіріген, құрты құжынаған өлікті нақ
осында көмуді қажет санады». (Н.Сыздықовтың аудармасы. –
Ред
.)
Сайып келгенде, біз оқиғаның соңында Толстойдың осы əдісті
қолдануының реті жоқ болса да, одан ары жалғастырып отырғанын
көреміз.
«Соғыс жəне бейбітшілік» (
Достарыңызбен бөлісу: