Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет31/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Война и мир
) шығармасында да Толстой
соғысты бейне бір жаңа құбылыс ретінде көрсетіп, жан-жақты суреттеу
үшін таныс тəсілді қолданады. Мысалға алу үшін бұл сипаттамалар өте
шұбалаңқы. Осы төрт бөлімнен тұратын шығарманың біраз бөлігін жекелеп
алып көрсету қажет болар еді. Алайда Толстой нақ осы əдісті қонақ бөлме
мен театрды сипаттауда да қолданады:
«Сахнаның ортасы тегіс тақталардан тұратын. Оның айналасы ағаштар бейнеленген


суреттермен көмкерілген. Артқы жағына төбеден жерге дейін түсіп тұрған зығыр мата тартылған.
Қызыл көкірекшелі, ақ белдемше киген қыздар сахнаның дəл ортасына жайғасқан. Жасыл
қорапша жапсырылған орындықта өзгелерден ерекше толық, ақ көйлекті қыз отыр. Олардың
барлығы бір əнді қосыла шырқауда. Əн аяқталған кезде, ақ көйлекті қыз суфлер отыратын орынға
жақындады. Жібек жейде мен толық балтырына жабыстыра тар шалбар киген еркек қызға
жақындап келіп, əндеткен қалпында, абыржыған түрмен қолындағы қауырсынымен желпіне
бастады. Ол бастаған əнін жалғыз өзі айтып бола берген кезде, қыз оған қосыла жөнелді. Содан
кейін əуен қайтадан ойнай бастағанда, екеуі үнсіз қалды. Бұл кезде қызбен бірге əнді қайтадан
айтуға ұмсынған жігіт қыздың саусақтарын ыздия ұстап тұрған еді. Олар əнді екеуі бірге қосылып
аяқтады. Ал көрермен болса ду қол шапалақтап, шулап қоя берді. Сахнада ғашықтарды ойнаған
жігіттер мен қыздар иіліп, жымия күліп, көрермендерге қолдарын бұлғады.
Екінші актіде – сүттей ақ зығыр матаға салынған ескерткіштердің суреттері. Матаның əр
жерінен көрінген тесіктер қараңғылыққа құйылған ай жарығын бейнелегендей; бірнеше адам
əлденеге салынған шырағдандарды көтеріп тұр. Музыканттар бас-рог пен контрабаста ойнай
бастағанда, қара жамылған қыруар адам сахнаға оң жақтан да, сол жақтан да топталып шыға
бастады. Қолдарына қылыш сияқты əлдене ұстаған адамдар əлекедей жаланып, қолдарын шыр
айналдыруда. Іле-шала бұрынғыдан да көп адамдар жүгіріп шығып, алғаш ақ көйлек кисе, енді
аспан түстес көк көйлек киген əйелді сүйрелей жөнелді. Оны бірден сүйреп шығара алмады, бірақ
əуелі онымен бірге ұзақ уақыт бойы əн салды, содан кейін сүйрелеп алып кетті. Олар сахнаның
бүйір қабырғасындағы темір тəрізді əлденені үш қайтара ұрғылап, əрқайсысы тізе бүгіп, дұға
оқуға кірісті. Бұл көрініс көрермендер тарапынан қайта-қайта мəре-сəре айқай-шуға ұласты...».
Толстойды оқыған жандар оның еңбегінен осындай жүздеген көріністерді
таба алады. Оның заттарды əдеттегі контекстен тыс көру əдісі əсіресе
соңғы еңбектерінде айқын көрінеді. Толстой өзі қарсы болған догмалар мен
салт-жоралардың күнделікті тұрмыста пайдаланылған мəнін, шіркеу салт-
жораларында кеңінен қолданыс тапқан дəстүрлі діни мəнге айналдыра
отырып, бейтаныс етіп сипаттайды. Көптеген адамдар бұған наразы болды.
Олар өздері қасиетті деп қабылдаған ұғымдарды адамның ақылына
қонбайтындай жəне жантүршігерліктей етіп көрсету Құдайға тіл тигізу,
күпірлік деп есептеді. Олардың əрекеті, негізінен, Толстойдың қабылдауы
мен оның қоршаған ортаны бейнелеу тəсіліне қарсы болды. Толстой
баяғыдан қашқақтаған мəселеге қайта айналып оралғанда, өзінің таным-
түсініктері өзгелердің сеніміне селкеу түсіргенін аңғарды.
Таныс заттарды бейтаныс етіп көрсету (өзгешелеу) тəсілі тек Толстойға
ғана тəн емес; шығармалары көпке танымал болғандықтан, мысалды
Толстойдан ғана келтірдім.
Енді осы техниканың жалпы табиғатын түсіндіріп болған соң, шамамен,
мұны қолданудың шегін анықтауға тырысамыз. Маған салса, кез келген
форма бар жерден өзгешелеу (
остранения
) табуға болатын сияқты…
Бейнелеу өзі арқылы ашылатын өзгермелі күрделіліктерге, құбылмалы
қиындықтарға сілтеме жасамайды. Оның мақсаты – бізге мағынаны
ұғындырып, қабылдату емес, бірақ нысан туралы белгілі бір түсінік


қалыптастыру, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет