Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет42/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

constable
)
 
Харди, – дегенмен іздеген кісіміз ол болмай шықты,
себебі ол біз қалаған адам емес».
5
«Өлеңді бейне бір автордың интенциясы мен еркін көрсететін шарт
немесе қағида ретінде қарастырып, өзінің санасын зерттемейтін сынаушы –
сыншы емес, – дейді профессор Столл. – Өлең – сыншының меншігі
емес».
6
Ол ең негізгі деген жауапсыздықтың екі түрін нақты анықтайды.
Дегенмен біздің пікіріміз мүлде басқа. Өлең – сыншының меншігі немесе
иелігіндегі зат емес һəм ол жазған кісінікі де емес (ол дүниеге келген
сəтінен бастап автордан оқшауланып, өзінің үстінен бақылайтын оның ойы
мен үстемдігінен тəуелсіз əлемге жол тартады). Поэма қоғамға тиесілі. Ол
қоғамға тəн тілде жазылады. Қоғамдық білімнің объектісі болып саналатын
адамзат туралы сөз қозғайды. Əдебиет туралы айтылғандардың бəрі
лингвистикадағы тұжырым тəрізді: жалпы психология, мораль сияқты
ғылыми зерттеудің бір нысаны болады. Ричардс мырза поэманы 
класс
(
class
)
 
деп дəл атады: «тəжірибе класы белгілі бір көлемнен гөрі кез келген
сипат бойынша… қалыпты тəжірибеден ерекшеленбейді». Əрі қарай былай
жалғастырады: «Біз аяқталған шығарманы талдағанда, ақынға тиісті
тəжірибені қалыпты тəжірибе секілді қабылдай аламыз». Профессор
Уэллек өзінің осы мəселеге қатысты тамаша мақаласында поэманы
«нормалар жүйесі» деп атап, «оны əрбір жеке тəжірибеден алынған» деп
пайымдады. Ол Ричардс мырзаның «ақынды оқырман ретінде құрметтеу»
деген пікіріне қарсылық білдірді. Біз профессор Уэллектің «ақынды
шығармасынан тыс кезде абырой-бедел иесі ретінде қарастырмау керек»
деген пікірін қолдаймыз.
«Сөздік» 
(
Dictionary

деген 
мақаламыздың
 
сыншысы, 
Ананда
Кумарасуами «шығарманы өнер туындысы ретінде танудың екі жолы
болады» деп тұжырымдады.
7
Біріншіден, автор өзінің діттеген мақсатына
жетті ме; екіншіден, өнер туындысының «бəрі бірдей зерттелуі тиіс пе?»
жəне ол «мұра етіп сақтауға тұрарлық па?» «Екіншісі, – дейді Кумарасуами
мырза, – кез келген шығармаға жазылған сын өнер туындысы болмайды.
Тиісінше, бұл – моральдық сын. Біріншісі – нағыз көркем сын. Алайда біз
оның екіншісін тек қана моральдық сын болады деп есептемейміз. Өнер
туындысы ретінде оны сақтауға тұрарлық па немесе оларды зерттеу тиімді


ме дегенді анықтаудың басқа да жолы бар деп санаймыз. Осылай болғанда,
өнер туындыларын, аса ептілікпен жасалған кісі өлімі қылмысын
зерттегендей, хас шеберлікпен жазылған поэма арасын ажырату да
объективті сынаудың бір жолы болмақ». Кумарасуами мысалға келтірген
қылмыс пен поэма арасындағы айырмашылық көркемдік емес, мораль
тұрғысынан 
айқындалады, 
оның 
əрқайсысы 
жоспарланғандай,
«шеберлікпен сəтті ұйымдастырылған». Сондықтан біз екінші жолды –
«көркем сынды» – біріншісіне қарағанда, «қылмыстан» ажырата алатын,
үлкен құндылықтарды талдап-таразылайтын жол деп білеміз. Бұл –
эмпирикалық пайымдаудан гөрі талдамалық пайымдау деуге келеді. Тарихи
пікір емес, бірақ анықтама; яғни əдейі қателесудің романтикалық сипатта
болатынын білдіреді.
II
Бұл – аналитикалық үкім ретіндегі эмпирикалық құбылыс емес, не
болмаса, тарихи мəлімдеме де емес, алайда əдейі қателесудің
романтикалық екенін білдіретін анықтама. Шамамен, б.з. I ғасырында
шешен «Рухтану дегеніміз – ұлы Жанның жаңғырығы» немесе «Гомер өз
кейіпкерлерінің əрекеттерінен шабыт алып, шайқаста олармен бірге
рухтанды» десе, біз бұл шешенге романтизмнің ежелгі хабаршысы ретінде
таңғалмаймыз. Өйткені ол Сейнтсбери сияқты романтикалық сыншының
ықыласына ие болды. Ал Лонджинусті (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет