төмен екенін көрсетеді. АҚШ-тағы жағдайы бар адамдардың жұмыс орындарын шетелге
ауыстыруға, жұмыс күшіне əлдеқайда аз
төлеуге, сатылған заттардан соған сəйкес табыс тауып,
əлдеқайда көп пайдаға кенелуге мүмкіндігі туды. Жаһандану АҚШ
сияқты елдердегі жұмысшылар
санының, табыстың айтарлықтай азайып, күнкөріс деңгейінің
төмендеуіне себеп болды, сондай-ақ
байлықты капитал ұстаушылардың аздаған бөлігінің қолына шоғырландырды. Нəтижесінде теңсіздік
айтарлықтай өсті. Дəл сол кезде Қытай сияқты елдер «алғаш рет жəне дəл
осы себептермен жаңа
халықаралық сауда жүйесінен көп нəрсені ұтқан жаңа тап, алпауыт инвестор-өнеркəсіп
иелерінің
пайда болғанын» көрді. Қытай сияқты елдерде жұмысшылардың күнкөріс деңгейі жақсарды, бірақ
бұл АҚШ сияқты елдердегі жұмысшылардың есебінен болды. Бұрын
америкалық жұмысшыларға
төленіп келген жалақы енді қытай жұмысшыларына төленетін болды. Байлықтың шығысқа қарай
көшуі, сонымен қатар байлықтың қоғамның жоғарғы бөлігіне қарай ауқымды түрде
ауысуына да
себеп болды.
Жеріну
(abjection) – эгоның (тұлғалық «Меннің») тұтастық көрінісіне қарама-қайшы жағдайда
болатын дене тіршілігіне қатысты материалдық құрсауды сана-сезімнен аластау əрекеті. «Жеріну»
термині, сондай-ақ тұлғалық менді (эго) қалыптастыру қажеттілігі туған кезде байланысты үзуді
талап ететін ана тəнінен жерінуге қатысты да қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: