Әдебиет теориясы. 1-том


Жалпы экономика (Шектелген экономикадан өзгеше)



Pdf көрінісі
бет343/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Жалпы экономика (Шектелген экономикадан өзгеше) 
(general economy) (as opposed to a
restrained economy) – Джордж Батай ұсынған терминдер. Жак Деррида 
«Жазу жəне айырмашылық»
еңбегінде дамытқан, бұрын жабық боп келген (мəселен, бастапқы алғышарттары əдіс түйіндерімен
ақталған диалектика сияқты) жəне жүйелік философия шектерінен философияның жүйелік сипатына
күмəн тудыратын (соңғы түйіндер бастапқы алғышарттарды ақтамайтындай) ерекшеліктерді табуға
болатынын зерттейтін Дерриданың деконструкциясы тəрізді философиялық дискурстарды
қолданды.
Жанр 
(genre)
 
– əдебиеттің комедия, трагедия немесе лирикалық өлең сияқты жалпы
сипаттамалары мен шарттары арқылы анықталатын түрі.
Жаңа критицизм 
(new criticism) – əдеби мəтіндерді əсіресе өлеңдерді, олардың күрделі бейнелеу
тəсілдерін, өлшемдерін т.с.с. егжей-тегжейлі мұқият талдауға мүмкіндік беретін ұстаным. Клинс
Брукс жəне У.К. Уимсет сияқты кейбір «жаңа сыншылдар» əдебиеттегі əлеуметтік əрі тарихи
мəселелерден гөрі «əдеби шығарманың өзі мағынаның бірден-бір көзі жəне зерттеудің жалғыз
нысаны» дегенді алға тартты. Олар əдеби шығармалардың арнайы түрлері əсіресе өлеңдер, əдетте
алдамшы рухани бағытта сипатталатын жалпылама мағыналарды өз қалыбына сіңіріп алады деп
тұжырымдады.
Жаттану эффектісі 
(verfremdungseffekt, ағыл. – allienation, effect) – ХХ ғасырдағы неміс
драматургі Бертольд Брехтің өз шығармаларының негізгі мақсатын сипаттау үшін ойлап тапқан
термині. Дəстүрлі театр көрермендерді кейіпкерлер жəне оқиғалармен етене жақындастыруға
тырысты. Ал, Брехт, керісінше, аудиторияны кейіпкерлерден аулақ ұстауға тырысып, шығарманы
кейіпкер əсерінен ада, оқиғаны объективті, тарихи тұрғыдан бағалап үйренуге үндеді.
Жаттану, реификация 
(entfremdung, ағыл. – allienation, reification) – жұмысшы күшімен жасалған
еңбек өнімін капитал қожайындарының иеленуін белгілеу үшін Карл Маркс енгізген термин.
Жұмысшылар өздері жасаған бұйымға бойындағы бар қуатын сарқа жұмсайды. Капиталистік
өндірістік қатынастарда бұл бұйымдар немесе тауарлар меншік иелеріне тиесілі. Жұмысшылардың
өмірлік энергиясы жаттанады, өзгенікі болады, жаттың қолына өтеді. Өндірген сəтте олардан тартып
алынып, меншік иесінің немесе капиталистің меншігіне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет