«Король Лирді»
емес. Мұның сондай ес шығарарлық ұзын жолы бар. Ол
кейіпкерінің сахнадан тыс бейнесіне де көп мəн береді, өлу «түкке
тұрғысыз нəрсе» (5.3.295) десе де, өлтірген адамдарының айрықша
драмалық күшпен қайта оралып жатқанын көрсетеді. Өйткені оның
құрбандары оқиғаның ортасына ерекше драмалық күшпен қайта оралады.
Жырақтау мен қайта оралудың бұл эстетикалық қалыптасуы этикалық
құндылықтардан біршама нəр алады. Поэтикалық əділдік, кем дегенде,
Эдмунд үшін əділдік боп қала бермек. Оның жақсы адамға айналуы
Албанидің өшпенділігін тудырып, Лирдің бойындағы алапат өзгерісті
аңдатады. Екі ер адамның өмірі бір-біріне байланыссыз, əрқилы аяқталады.
Өйткені екеуі де этикалық түсінік танытуды өзгертілген кейіпкер белгісі
деп түсінеді. Мұндай белгілерде қателеспеу керек; олар бізді пьесадағы
кейіпкерлердің жүйелілігін терең түсінуге жетелейді. Мұны басқаша айтуға
да болады: бір белгі бойынша айтылған пікір бізді басқа кейіпкерлер
туралы пікірден бөліп тастай алмайды. Этикалық даусы, оның соңғы
куəлігі болғанына қарамастан, Эдмундтың іске қатыссыз екенін байқау
үшін Лир мен Корделияның соңғы күштерін көрсетуі керек. Əрине,
эстетикалық қасиеттерге шақыру өзге пікірлерге кереғар келмейді. Тіпті
əрекет пен қойылымның өзі этикалық болған күннің өзінде, эстетикалық
тұрғыдан ғана бағаланады. Бір ғана пікір басқаларын ығыстырып шығара
алмайды. Соған қарамастан, Лир осылайша сұрап, сұрақтарды кемсітіп қою
арқылы біздің кəсіби талпынысымызды түкке тұрғысыз етеді. Біз оның
эстетикалық адамгершілігін бағалаған күннің өзінде, «Эдмундтан еш пайда
жоқ» деп оны жоққа шығарамыз. Өзіне қарсы шыға отырып, ол пьесаның
қаруына айналады.
15
Харли Гранвилл-Баркер мен Стивен Гринблаттан өзге əдебиет
сыншылары
«Король Лирден»
өзінше бөлек түбегейлі өзгерісті байқаған.
16
Ол көрініс Корделияның үнсіздігімен ашылып-жабылады. Бұл – менің де
қазір қарастырғым келіп отырған үнсіздіктің этикалық құндылығы мен
оның Лирге нақты əсер ететін тұсы. Екі үнсіздік бір-біріне мүлдем
ұқсамайды, бірақ біз бұл айырмашылықтың драмалық əрекеттің, тілдің һəм
сахнаның тірек нүктесі екенін білеміз. Өйткені ол соңына таман сөйлеу мен
көзқарастың ортақ белгілерінде күшейе түседі.
17
Қария қалайда бір ауыз
сөзін естігісі келіп немесе тіршілік белгісін көргісі келіп, қызына бар
денесімен еңкейеді. Енді оны қызының бұрынғы айтқандары емес, қазіргі
айтар сөзі алаңдатады əрі өзі де Корделия туралы бір нəрсені білгісі келіп
ынтыққан сыңайда, бірақ соны ашық мойындамастан, жан тапсырады.
Көрермендер белгісіз дүниені білуге құмартады, өйткені Корделия
келмеске кеткен. Оның бейнесі Корделияның өткен өмірін бейнелейтін
əртістің бет қимылынан (мимикасынан), яғни өлім мен театрлық
иллюзияның керемет ұштасуынан ғана көрінеді. Алайда риторикалық əсер
Корделияның корольге, ал корольдің өзін бақылап, қоршап тұрған əскерге
назар аударуынан байқалады. Лир өлер алдында да: «Көрдіңдер ме? Оған
қараңдар, оның ерніне қараңдар, / Мұнда қараңдар, қараңдар! [ол өлді]»
(5.3.309–10)» – деп айқай сала, түрлі көзқарастарды көріп тұрып, оларға
бұйрық беруге деген құштарлықпен аяқтайды.
18
Ол əлі де болса қызының
тіл қатуын күтеді, бірақ енді оны есту мүмкін емес. Оның бейнесін
Шекспир қайта жасап шықты. Сондықтан бұл соңғы мəселе мен пəрменнің
аясы сахналық топтасудан бастап, оқырмандар мен көрермендерге дейін
кеңейеді. Біз көру үшін қарауды жəне сөйлеуді сұрап алдық. Корделияның
еріндеріне үйірілген сөзді, оның əкесінің қайғысын яки өзіміздің
жанашырлық сезімімізді оқи алуымыз керек. Этикалық пікір контекстік;
құндылық мүдделі тұлғалардың қайғысын һəм төрелік айту қабілетін
қамтуы керек. Лирдің бойында осы қасиеттердің барлығы бар. Өйткені ол
қызынан өзін тастап кетпеуін өтініп, оның əйелдік қасиеті мен
құндылықтарын тереңнен қаузап, қайта қарастырады. Бірінші көріністе ол
қызының өзін қалай жақсы көретінін айтуын талап етті. Қызы айтқысы
келмеген кезде, оны қуып жіберді. Сонан соң, оқиға аяқталар сəтте жылы
сөзбен қызының өзін қалай жақсы көретінін айтуын өтінді. Мұнда Лир
оның үнсіздігін тағы түсінбеді деп айтуға болады. Қалай болғанда да, бұл
үрдіс көпқырлы: атаулы, мекенді жəне сипатты. Корольдің даусы өзгерді.
19
Бұйрық екпіні енді жалынышқа көшті. Соңғы сөзі «Сөйлеші» (1.1.85)
болды. Бірақ аталмыш биязылық Эдмундты тоқтата алмайды. Енді ол өзге
жанның үнсіздігін бағалай алатын адамға айналды. Тілі жұмсарып,
еркелететін болды.
Корделия, Корделия! Кетпеші, қызым.
Не дедің? Оның даусы қашан да биязы еді,
Нəзік əрі биязы, əйел затынан табылар жақсы сипат.
Сені өлтірген бір құлды өлтірдім өзім қинап. (5.3.271–74) (А.Ə.)
Эдмунд қателескен еді. Мұндайда қылыштың өзі қауқарсыз. Өйткені Лир,
алдында тұрған өз қызы болса да, жалпы əйел заты туралы жақсы сөз
айтпайтын жан.
20
Өмірдің күрделілігі оның бойындағы қара ниеттің бəрін
күл-талқан етті. «Үлкен ашу / Көрдің бе, өлді оның бойындағы», – дейді
Корделияның дəрігері, қызы əкесінің алдына иілгенде (4.7.78–79). Бұл
бойын ашу кернеген адамның қаһары еді. Ол көңілі қалған əкенің,
билеушінің бұрынғы ашуымен бірге қайнап шығып, өршелене түскендей
болды. Эмоциялардың шарпысуы Лирдің өзінің үнсіздігіне, ұйқысының
қашуына, ақыр соңында, өліміне алып келді. Алайда осы шартты не оның
нəтижесін көрсету үшін медициналық диагноз жеткілікті болды.
Қойылым көрінісі Корделиядан басталып, Корделиямен аяқталады.
Сюжет дамуы бір-бірімен байланысты кейіпкерлердің ішкі шеңберін
(айналымын) көрсетеді. Əкесінің жай-күйін яки сөзін түсінбесек, қызының
да үнсіздігін түсіне алмас едік. Лирдің аман қалуы енді қызының аман
қалуына байланысты. Ол жоғалған балалардың архетиптерін қайта қарап,
ата-аналарына іздеу салып, патшалық медицина аясын кеңейтіп, қиялын
«күкіртті шұңқырға» қарай дамыта беруге тиіс (4.6.130).
21
Оның кейіпкері
өзінің керегін іздеп жүр: 4-көріністе айтылған нəрсені 1-көріністе бұйыру
мүмкін емес жəне бұл корольдің боранды түндердегі «пайда болған
күресін»
(3.2.23)
жұмсақтықпен
қайта
басады.
Корделияның
бойсұнушылығы мен қажырлы қасиетінің бірінші сипаттың екіншісін
елеусіз еселейтіндей нəзіктікпен араласып кеткені кейбір көрермендерді
таңғалдыруы мүмкін. Корделияның биязылығын, этимология тұрғысынан,
əлеуметтік немесе отбасылық жағдайы мен жеке қасиетінің, король ұрпағы
болуының əрі өз бойындағы жақсы көру қасиетінің көрінісі деп түсіну
керек. Осы патриархалды жүйе аясындағы 1-көрініс пен 4-көріністің
арасындағы айырмашылық король бұйрығы мен əке өтінішінің ешкім
күтпеген мейірімділікке айналып кетуіне байланысты.
Объективті стандартсыз этика бос сөз болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |