Әдебиет теориясы. 1-том


Тәжірибе жүзіндегі теория



Pdf көрінісі
бет78/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Тәжірибе жүзіндегі теория.
 
«Ерніне оның қараңдаршы»:
«Король Лирдегі»
 дауыс биязылығы мен кейіпкерлер жүйесі
Майкл Холахан
Майкл Холахан – Оңтүстік методистік университетінде ағылшын әдебиетінің оқытушысы.
Ол қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін және оның бұрынғы классикалық мұралармен
байланысын зерттейді. Қазір Шекспирдің драмаларын, Джейн Остиннен бастап, Генри Джеймс
пен Л.П. Хартлиге дейінгі жазушылардың шығармаларын саралау үстінде.
«Найзағай мен
от-жалын енжар, сылбыр сезімді оятады. Ал жылы сөз адамның
жүрегін баурайды».
1
ХХ ғасырдың теоретиктері əдеби кейіпкер ұғымына қатаң қарады. Олар
осы ғасырдағы адамгершілік пен миметикалық құрылымға күмəнмен
қараған поствикториандық рух туралы көп сөз қозғай бермейді. Жаңа
критицизм өткір тілді яғни парадоксалды құрылымды бейнелеу үлгілеріне
басымдық берді. Миф сыншылдығы оны одан да күштірек архетипке
жатқызды. Деконструкция, жаңа тарихшылдық əрі соған байланысты
постструктуралистік 
сынға 
жақын 
салалар 
бейнелі 
(астарлы)
құрылымдарға күмəн келтірді. Эссенциалды тұрғыдан алғанда, адамның өзі
туралы биік мораль мен ақылға қонымды психологияны күшейтуді
біріктіретін 
сəт 
болғанына 
қарамастан, 
қарапайым 
риторика
просопографияда ұшырасатын 
рух
пен 
шабыт
болып танылады. Дей
тұрсақ та, кейіпкердің жасандылығын постмодернизмнің жаңалығы деуге
бола қоймас. Бұл түсінік, əрбір жағдайда кейіпкерлердің қайта
қалыптасуын риторикаға алып келмеген күннің өзінде, көптеген
риторикалық дəстүрлердің өзегі болып қала бермек.
2
Драмада бұл мəселе
даулы; қалыптасқан ортада кейіпкер сөзі шындыққа жанасымды болуы
керек. Өйткені оқырмандар ерікті һəм саналы түрде сенімге бас ұруы
мүмкін. Бірақ күмəннан арылу түпкілікті сенуге жол ашады дегенді
білдірмейтінін ескергеніміз жөн.
Риторикалық элементтерден тұратын əдеби əдіс болғанына қарамастан,
кейіпкердің əдеби жəне сын тəжірибесінде табанды болғаны соншалық –
тіпті олар жарамсыз болып, ұмытыла бастаған теорияның өзін оңай
еңсеріп, пайдаға жарата алады. Əдеби кейіпкер өзіміз іздеп жатқан мəтіндік


мəннің бірі болып қалады деген ой 
«Король Лирге»
де тəн. Өзінің шегінен
шыққан, бірақ сол тұлғаны сомдау үшін пайдаланатын барлық амал-тəсіл
кейіпкерге тұс-тұсынан «шабуыл» жасау арқылы тексеріледі. Расымен де,
пьеса кейіпкердің əдеби бейнесі арасындағы əртүрлі түйінді тұстарда пайда
болатын мəндер мен құндылықтарды сахналау (
dramatizing
) арқылы
қалыптасады. Мысалы, пьесаны бүркемелеу
 
(
disguising
) кейіпкерге назар
аудартып, тар аяны кеңейтіп көрсетеді де, кенеттен бəрін қайта жасырып
қалады.
3
 «Бейшара Турлыгод! Байғұс Том! / Бір гəп болды. Мен, Эдгар, еш
нəрсе істей алмадым» (2.3.20–21).
4
Кейіпкерді қайта конфигурациялау
мақсаты туралы менің негізгі ойым – бір кейіпкерді басқа біреу арқылы
дыбыстау: біреуін «
қандай да бір»
сөздермен сөйлетіп, екіншісін 
«демін
шығармай»,
өлі тыныштық құшағында тыншытып, екі түрлі бейнені
салғастыру жəне біріктіру. (5.3.306). Сөйлеу мен тыныштық, дауыс пен
шақырған дауыс (
invoked voice
) арасындағы көмескі көрінетін кеңістікте
ешқандай саңылау жоқ. Сөз қолданысының қалыпты үлгілері дауыс һəм
тыныстың көмегімен кейіпкерлер арасындағы беймəлім кеңістіктерді
ашады əрі өз ішінде туындайтын бірнеше моральдық дəлелдер ұсынады.
Аталмыш дəлелдер драмалық сипатты мойындаудан бастап, əдеби жауапта
берілген мойындаудың нақты түрлеріне дейін жалғасып жатыр.
Бұл еңбекте бір кейіпкердің, яғни Корделияның бойындағы құндылық əрі
осы құндылықтың қызының өлі денесімен сөйлескен Лирдің ақтық
сөздеріне байланысы талданған. Мені өлім алдындағы, оқиғаның
эстетикалық тұрғыдан жабылуындағы кейіпкерлер арасындағы қарым-
қатынас толғандырады. Мен Корделияның қадірін оның биязы даусы мен
«алқызыл еріндерінен» (4.3.20) көремін жəне осы сипаттауды Лирдің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет