Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет80/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

… Сен де, жаныңдағы жан да таныстай маған,
Күдігім басым, бəлкім, танымай қалам.
Мекенді мынау, киімді мынау,
Танымай тұрмын, сенделді санам.
Түнде қайда болдым мен. Күле көрме маған.
Бірақ, бірақ көз алдымдағы тым таныс жүзің,
Болармысың, сен, Корделия қызым. 
(А.Ə.)
КОРДЕЛИЯ
Иə, бұл менмін, менмін. 
(4.7.64–70)
(М.С.)
Эразм қарастырған қысқа сөйлеудің «мағынаға толы болғаны сонша –
естігенге қарағанда, сөз саптауынан түсінікті».
8
Бикештің/қызының қысқа
сөзділігі оның қарапайымдығын жəне отбасылық қарым-қатынас пен өз
есімін тани алатын нəзік бейнеде қалыптасқан «мен» деген пайымдылығын
жақсы көрсетеді. Ол өзін таныта отырып, бейшара күйге түскен «адамның»
тірі екенін айтуға батылы жетпей жүрген əкесі – король екенін, ауыр
сынаққа түскен оның тұлғасын, тұрпатын растайды. Соған қарамастан, Лир
Корделияның даусын танып, оның өзіне тəн ерекшелігі мен бейнесін
айтып, қуанышын білдіреді: «Оның даусы қашан да биязы еді, / Нəзік əрі
бəсең, 
əйелден 
табылатын 
жақсы
сипат» 
(5.3.272–73) 
сынды
ерекшеленген сөздер қосылған. 
«Король Лирдің»
соңы болу не болмау
мəселесін 
қозғайтын 
драмалық 
шешіммен 
аяқталады. 
Мұндай
басымдықтың орын алуы, оны қарастыру нені білдіреді? Корделияның
«Бұл менмін, менмін»
немесе 
«Не үшін? Не үшін?»
(4.7.75) деген сөздерін
еске түсіріп, оның өліп бара жатқанына үнсіз қарап отыра беру керек пе?
Мұндай есеңгіреген күй – дəрігер Джонсонға мəлім жағдай. Сондықтан ол
қойылымның өн бойында көрсетіле бермеген.
ІІ
Істің аяқталғаны – соңы
.
9
Пьесада үлгі көріністерді бүркемелеу, жеке тұлғаны мойындау жəне
сфералық артықшылықтан өзге зерттеуді қажет ететін кейіпкер дамуының
басқа да үлгілері бар. Эдмунд тарихи бейімдеуді немесе қалыптастыруды
(сенімсіз түрде) пайдаланады. «Ерлер / Уақыт сияқты, – дейді ол


Англияның жеңісінен кейін капитанға. – «Биязы болу / Қылыш болу емес»
(5.3.31–33).
10
Содан кейін ол жендетіне орындалмайтындай, ақырында, кəрі
корольдің қылышынан ажалын табатындай тапсырма берді. Бұл – осы
қойылымдағы күш көрсетуді білдіретін қылышқа қатысты көп көріністің
бірі. Біз аласапыран уақытта капитан өз ажалының Корделияның өлімімен
қатар келетінін білді деп ойламаймыз. Кейіпкерлердің бəрі бірдей маңызды
болмағандықтан, сахна сыртындағы һəм мəтіннен тыс құбылыстар
кейіпкердің бас пайдасы үшін пайдаланылмауы керек. Ал некесіз туған
Эдмунд үшін бұл басқаша. Ол – тартымды (Гарольд Блумның айтуынша),
мейірімсіз апалы-сіңлілі қыздардың көзіне түскен ерекше жан. Ол
бауырының қолынан ажал құшар алдында ғана ниетін өзгертеді.
11
Əкесімен
«қысқа тілдескеннен» кейін Эдмунд (5.3.181–99) жақсылық жасауға бел
буады. Ол өзінің «
Лир мен Корделияның өмірлеріне қатысты… бұйрық
»
бергенін мойындап, қылышын «
рақымшылық белгісі
» ретінде беріп, «
тез
арада
» аттануды бұйырады (ll. 243–51). Патшайым үшін уақыт тығыз еді.
Бірақ оның сөз таратушы жендеті əрі соңғы құтқарушысы болуы мүмкін
адамға мұндай тапсырма бергені заңды ма, əлде оның бейнесіне жат па?
Бұл да кезекті бір этикалық не эстетикалық мəселе ме? Бұл кейіпкерді
ендігі жерде еш пайдасы болмайтын рақымшылықты жеткізуге соңғы рет
күш салғызудың қаншалықты мəні бар?
Шекспирдің табиғаты Эдмундты жақтауға төтеп бере ала ма? Ал біз ше?
Оның өзіндік болмысына қарамастан, кейінірек ниеті түзелсе де, осы екі
адамның өмірлеріне үкім айтқаны үшін оны жазғырғанымыздан не пайда?
Істің аяқталғаны оның соңын білдіре ме? Мен үшін Эдмундтың
тартымдылығы тек теория жүзінде ғана. Өйткені ол тұрақтылық пен өзгеріс
мəселесіне бейне мен этикалық талдау тұрғысынан қарайды. 3.7-көріністен
кейін бұл адамның бойында сондай жақсы қасиеттер бар деп кім ойлайды?
Оның 2-көріністегі өзгеруі бізді таңғалдырып қана қоймай, Лирдің де
бойындағы өзгерісті көрсетеді. Екеуіне тағылған соңғы айып сол жерден
аяқталмауы тиіс болса да, олардың Корделиямен арақатынасы бірдей.
Соңғы сəтте күтпеген жерден жүрегі жұмсара қалған Эдмунд корольдің
қызын қайтадан сахнаға шығарып, оның тағы да сөйлеуін сұраған «Жаңа
король Лирді» шығарады.
12
Пьеса соңында король Лир арқылы кейіпкерді
мойындау мен өзгерудің негізгі мəселелері көтеріледі. Меніңше, пьесадағы
кейіпкерлердің өзгеруі драмалық сəтте тайталасқа түскен дауыстары
сияқты мойындауды табатын не жоғалтатын үрдіске байланысты.
13
Біз адамның тұрақты, табиғи мінез-құлқын ұнатамыз. Бірақ ол ұдайы бір


қалыпта болмайтынын да білеміз. Мінез уақыт ағымына қарай жетіледі яки
қалыптасады, əрі қарай да өзгеріп, қайта қалыптасады. Қалай болғанда да,
егер этикалық пайымдау арқылы қандай да бір кейіпкердің басынан өткен
өмір жолынан жақсы (не жаман) сəттерді көбірек күтер болсақ, онда
кейіпкердің өзі де өзгеруі керек. Яғни кейіпкердің өзгеріп, бірақ табиғи
мінезін сақтап қалуы əдебиеттегі еркіндік пен оның көрінісіне жауапты
идея үшін салмақты мəнге ие. Поль Рикёр атап өткендей, табиғи мінезді
біркелкілік пен даралық (айтарлықтай өзгерістер болатын орын) ретінде
анықтауға болады əрі бұл айырмашылықта өзгеретін һəм өзгермейтін
элементтерді салмақтайтын жағдай орын алады.
14
Бұл жағдайда кейіпкер
мəндес қалыптасу емес, ол тұрақтылық пен өзгеріс арасындағы кейбір
жалғаспалы келісімдердің атауы болады. Өз кезегінде, этикалық пікір
уақыт өте келе жұмсарып, күтпеген жерден туындаған айқын өзгеріске
Эдмунд сияқты төзімді болуы керек. Əдеби талдауда пікірдің мұндай түрі
жат емес. Өйткені тəжірибе бірыңғай заңдылықты емес, оқуды түрлендіруді
көздейді. Мұнда əпкелі-сіңлілі қыздардың көңілін тапқан, бірақ туған əкесі
мен патшасын сатып кеткен кейіпкердің (Эдмундты айтып отыр. –
Ред
.)
оларды өлтіруге бұйрық беріп, бірақ кейіннен ниетінен қайтып, құтқарайын
десе де құтқара алмай қалған король отбасының эстетикалық қалыптасуы
көрсетіледі. Эдмунд этиканың кез келген қисыны əдеби сюжетке жақсы
қызмет етеді деген ойда болды; ол бұл істің өзегі де емес, оның
айналасында да қалмаған. Ол көп нəрсені заңсыз иемдене алады, бірақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет