дауылды көрсетеді. Этикалық зерттеудің мақсаты – айналымды аяқтап, осы
бір шарасыздықты биязы дауыспен қайта сызып шығу. Шынайы
жаңғырықтың акустикасы көріністің ұзын-ырғасында Шекспирдің негізгі
кейіпкерінің болмауымен сыналады.
Шығарма құрылымы 4.3-көріністе аяқталады. Бұл фолиода (Шекспир
пьесаларының алғашқы жинағы) жазылғанымен, көбінесе пьесаны
сахналау кезінде түсіп қалады. Өйткені оның орындалу техникасы
қарапайым болғанымен, кейінгі романстардың соңғы көріністерінде сəнге
айналған жасанды қимылдарға толы.
24
Егер Корделияның сөздеріне əрі
оның не
айтқанына назар аудармасақ, қойылым өзектілігін жоғалтар еді.
Өйткені қойылымның өзі Корделияның оқиға ішінде болуы мен
болмауының жаңғырығы болып тұр (2.2.162). 4.3-көріністе Кенттің
Корделияның хатын алып, оны оқи отырып, «күннің жылуын» (2.2.162)
сұраған көрінісі бар. 4.3-көріністе Кент белгісіз ер адамнан Корделияның
Лир туралы хатты оқып отырғанын естіп отырғандай күйде болады.
ЕР АДАМ …Бірақ сақтап тектілігін,
Жасырғандай болғанмен
Мұңды екені көрінді.
КЕНТ
Көңілі түсіп кеткен шығар.
ЕР АДАМ Сезімін шығармады; қайғысы менен қайраты
Жүзінде оның таласқа түскендей болды.
Шуақты күнде жаңбырдың жауғанын көріп пе едіңіз?
Көз жасы оның күлкісімен бірге туғандай егіз.
Күлкісі оның нұр шуақ шашты,
Сезбегендей көзінен аққан жасты.
Қос гауһарды кеткендей маржандар көміп,
Бəріміз солай бола алсақ егер,
Қайғыны оңай еңсерер едік.
КЕНТ
Ол саған сұрақ қоймады ма?
ЕР АДАМ Дірілдеген еріндері бір-екі рет «əке» деді,
Қарс айырылып кеткендей жас жүрегі.
(ll. 14–27)
(М.С., А.Ə.)
Екі көріністе де қарсылық бар: ашуланған Кенттің Освальдті жазаламақ
болған əрекеті мен Корделияның өзін-өзі ұстауы. Ер
адамның сөздері
тақырыптық мағынасы бар күрделі сюжеттерді жеткізе отырып, осындай
нəзіктікті тамсана сипаттайды. Бұл – əдеби қулық: метафораны пайдалана
отырып, сол сəтте өзі жоқ болса да, Корделияның басшы əрі əйел адам
екенін көрсету.
25
Мұнда түсінуді сыпайылықпен, сондай-ақ Лирдің қаһарлы
даусын естісе де, оның жаны ашығандығын білдіретін тілмен жеткізген.
Риторика сарай ділмарларының не қарапайым адамның ауызекі сөйлеу
дағдысына қарама-қайшы болса да, оның шағымын жеткізе білген. Бұл –
оның «алқызыл еріндерінде ойнаған» мағыналы бейненің ашылуы (1. 21).
Белгісіз ер адам Корделияның байсалдылығын сыпайы да бай тілмен
қайталап айтып шығады. Оның Францияны өзінің жасауына теңеуі билік
мəселесіне жалғасып кетеді. Бұл жаңа риторика табиғаттың «шуақты күні
мен жаңбырын» король қызының ерні мен маржандай көз жасына теңеуді
көрсетеді. Оның осындай қасиетін əлгі ер адам есіне түсіре отырып,
Кенттің өзі көріп отырғандай жеткізуге тырысады. Мұнда ол өзін-өзі жақсы
бақылаған. Ұстамды бола отырып, басқаларды да, мына белгісіз ер адамды
да, тіпті корольдің билікқұмарлығын да бағындыра алатынын көрсетіп
отыр. Король мəртебесі Лирдің бұрынғы өктемдігін көрсетеді. Шап-шағын
ғана нəзік əлем 3-көріністегі дауыл қайта басталғандай, күтпеген жерден
Корделияның терең қайғысына айналып кетеді.
Ер адам Корделияның қол жеткізген
дербестігін ғана емес, оның 1-
көріністе
көрсете
алмаған
ұшан-теңіз
сезімін
де
сипаттайды:
«Бақытсызбын мен деген, көтеріле алмаймын / Аузымды ашсам – көрінетін
жүрегім» (1.1.91–92). (5-көріністе сөз əрекеті өлім аузында жатқан
қызының сандырағы ретінде Лирге көшеді.) Мұнда Корделия сахнаға
оралмай тұрып, оның екі түрлі, патшайым мен жеке тұлға ретіндегі,
мəртебесі айқындалады.
26
Оның ұлылығы Лирдің ашуында емес, жан
жарының салқын сенімінде. Ол өзінің жүрегіндегі сөздерін əкесінің
аузынан шығара алады. Келесі көріністе дəрігердің кеңесімен «қайғының
көзін жұмып», сауығу үрдісін бастайды (4.4.15). Сарайдағы асыл тастарды
табыстау салтанаты қамқорлық пен мейірімнің көрінісіне айналып кетеді.
Корделияның жүрегінен елжірей шығып, көздеріне ұялаған сезім Лирдің
көз алдында қызының көз жасы мен еріндерінде көрініс тапқандай болады
(оған көрермендердің өзі куə болды). Тіл
мен көріністің кемелденуі
қойылымның екі сюжетінде де көрініс табады. Əшекейдің əсерлі көрінісі
Корделияның құтқарушысы – бауыры Эдгардың əкесі туралы: «қан тамған
сақинасы, / Оның асыл тастары қайта жоғалып кетті» деген сөздерімен
күшейе түседі (5.2.11; 5.3.189–90). Ғибадаттың тілі бірте-бірте кісі
өлтіруден тайынбайтын «нəзік жанды лорд» Реганның өзін де игеріп
əкеткен.
Корделияның «алқызыл еріндері» қайғыны басқандай болады. Оның бұл
қасиеті, Корделияның өзі жоқ болса да орын алғандығымен емес,
емді ер
адамның асыл тастарға балағандығымен «ерекше» болып тұр. 4-көрініс
Корделияны (бұл жолы əкесіз) сипаттау арқылы оның сахнада ояну сəтіне
ауысып кетеді.
ДƏРІГЕР
Өтінемін, жақынырақ келіңдер. Музыканы барынша ойнаңдар!
КОРДЕЛИЯ
Əкетайым-ау!
Менің ернім дертіңізге
Ем боп қонса, бір сүйгенім
Қос əпкемнің сізге істеген зұлымдығын өшіре алса, əкешім!
Құйқылжыған музыка үні мен қызының құшағы оны «
Достарыңызбен бөлісу: