секілді «құрастырылған» кейіпкер түсінігі оны айқын мəнінен айырып,
субъективтілік мəселесінде мағынаның
мазмұнсыз екенін білдіреді, ашып
көрсетеді. Кейіпкер бейнесі дегеніміз – параққа салынған белгіден басқа
ештеңе де емес; мұндай дəлелдер қабылданады, ол тыныш, көрнекі, бірақ
естілмейтін болу керек. Бұл талап əдеби
құрылымда пайда болатын
мағыналар мен түсініктер мəселесін шешуден жалтару сияқты кейіпкерге
деген теориялық қарсылық емес.
5
Мұндай редуктивті талапқа деген қарсылық Лирдің табиғатына жат, оның
санасында қалыптасқан құндылықтар туралы пікірін мен Корделияның
бейнесі арқылы драмаланған,
оның тірі кезінде айтылған, бірақ өлгеннен
кейін əкесі Лирдің аузынан естілетін сөздерден табуға тырыстым. Менің
мақсатым – əдеби кейіпкерді теориялық түрде жақтау емес, дəстүрлі
əдебиеттің ерекше құрылыммен жасалғанын тексеруге мүмкіндік тудыру.
Сол арқылы дамыған ішкі байланыстардан да ауқымды байланыстардың
заңдылығын қалыптастыру. Мен субъективтілікті
тек ішкі байланыспен
сəйкестендіруден арылтып, кесімді түсініктемеге қарсылық танытатын
этикалық қабылдау қалыбын жасауға тырыстым. Лир өзгерісінің
«антропологиясында» əртүрлі тілдер өзара біріккен. Сондықтан мен
«толыққанды»
(
thick
)
болып
табылатын
кейіпкерді
этикалық
құндылықтардан іздедім. Қалыптасқан көзқарасты сипаттауға ден қойдым.
6
Оның өлім алдындағы бейнесі басқа кейіпкерлердің
бойындағы өзгеріс
арқылы пьесаның соңында толық ашылады. Бұл – бүркемелеуге антитеза.
Өйткені Лир қысқа драмалық сəттерде өзін-өзі табады əрі қызының
бейнесіне кіріп, оның даусын алған кезде, қызына ұқсап қалады. Оның ішкі
жан дүниесіне, болмыс-бітіміне ишара жасалады. Бұл шартты, жанама,
бірақ соған қарамастан, теорияның қатаң
талаптарынан аттап кете
алатындай анық. Теориялық күдікшілдіктің (скептицизмнің) нақты
дəлелдері
«Король Лирдегі»
қысқа да нəзік түйінді танудың үздік тəсілі
болмауы мүмкін.
7
Кейіпкерлер арасында ауысатын адамгершілік мəселесі,
меніңше, оқырмандардың назарын аудартатын, қалыптастыратын əрі
ойландыратын қасиеттерді көрсете алады деп ойлаймын.
Мұндай ықшамдық пен сезімталдық бейнелердің, тақырыптардың һəм
көріністердің орын алған кезінде көздермен ұғысып, дауыстармен үнемі
үндесетін шебер өрнектеу аясында драмалық резонанс тудырады. Əкесі
қызы арқылы өзін табады. Өйткені кенже қызының даусы оны күдіктен
арылуға көмектескен еді. 5-көріністегі жетістік бір кездері король болып ел
билеген, ал қазір қызының есімінен басқа еш нəрсе
есінде қалмаған
бейшара күнəһарды сипаттаған 4-көріністен ауысып келді. Соған
қарамастан, оның əлсіз бейнесі Корделияның ұтқыр жауабымен
бүркемеленеді. Өйткені Корделия күлкі мен нəзік мойындаудың
айырмашылығын еш толқусыз айыра алады.
ЛИР
Достарыңызбен бөлісу: