333
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.
Erkemai200209@gmail.com
Тіл ғылымы мен әдебиеттану ғылымы өзара сабақтасып жататын болғандықтан,
олардың арасында ортақ ұғымдардың кездесуі – заңдылық. Қайталау амалын да осы
заңдылықтың шеңберінде қарастыра аламыз. Себебі аталған ұғымның қолданылу мақсатының
түрлілігіне орай, анықтама беріп, белгілі бір терминмен атауда көптеген тілшілердің,
әдебиетшілер және стилистедің көзқарастары бірнеше бағытқа бөлінеді. Бұл ұғымға қазақ
ғалымдарының ішінде ең бірінші болып тұжырым жасап, анықтама төңірегінде ойын ортаға
салған теоретик-ғалым А.Байтұрсынұлы
болды:
«Бір сөзді яки лебізді қайта-қайта айту
қайталақтау
деп аталады. Ондай қайта-қайта айту –
нәрсенің өзіне яки ғамалына көбірек назар салғызу үшін істеледі» – дейді ғалым. [1,169].
Ғалым атаған «қайталақтау» термині қазіргі кездегі «қайталау» ұғымының алғашқы нұсқасы
екені анық. Өйткені, көптеген тілшілер А.Байтұрсынұлын қазақ тіл білімінің
терминологиясын жасаушысы ретінде таниды.
Қайталақтау терминін А.Байтұрсынұлынан соң І.Кеңесбаев және Т.Жанұзақов
қолданған:
«Қайталақтау
– сөйлемдегі сөз мағынасын күшейту немесе стилистикалық мән беру үшін
қолданылатын тәсіл. Индоевропа тілдерінде оны редупликация деп те атайды» [2,208].
Бір қарағанда бұл анықтамада ешбір ағаттық жоқтай көрінуі мүмкін. Алайда, бұл жерде
қозғалуға тиіс бір мәселе бар. Ол – қайталақтаудың редупликация ұғымымен теңестірілуі.
Редупликация ұғымының тіл біліміндегі түсініктемесі, көбінесе, қайталама қос сөздерді,
күшейткіш буынды сын есімдерді белгілеуге қолайлы. Бұл туралы ғалым В.Виноградов:
«
Редупликация
– это фономорфологическое явление – удвоение слога или корня», - дейді
[3,408]. Мысалы: Иттер иесіне үрген де жоқ, еркелеген де жоқ. Үйшіктерінен шығып бір-бір
керілді де, иесінен бұйрық күткендей аңырасып қалды (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»).
Берілген үзіндіде «де» шылауы арқылы қайталанып отырған «жоқ» модаль сөзі қимылдың
болымсыздығының созылыңқылығын аңғарту үшін берілген. Бұл – қайталаудың үлгісі. Ал
«бір-бір» деген қайталама қос сөзінің қолданылу мақсаты редупликация құбылысын
сипаттауға бағытталған. Сонда бұл мысалда қайталау да, редупликация да берілген, алайда
екеуінің мақсаты да, қызметі де әрқилы. Осыдан шығатын қорытынды: қайталау мен
редупликация ұқсас болғанымен, екеуі екі түрлі құбылыс.
Сонымен бірге, ғалым І.Кеңесбаев «повтор», яғни
«қайталау»
терминін «қайталақтау»
терминінен бұрын пайдаланған болатын. Өзінің 1961 жылғы «Еще раз о трансформированном
повторе в казахском языке» атты мақаласында қайталауды сөзжасамның нысаны ретінде
қарастырады. Яғни ғалым қос сөздердің проблемасын зерттей отыра, қайталану арқылы
жасалған қос сөздердің табиғатын сөз етеді. Олардың компоненттеріндегі фонетикалық және
морфологиялық өзгерістерін атап көрсетеді: «Взаимодействие смысловой стороны и
фонетического облика можно продемонстрировать и на фактах «межповторных согласных»
м, п, с. Одна из разноводностей парно-повторных слов типа түйе-мүйе (верблюд и т.п.), шөп-
мөп (трава и т.п.), шай-пай (чай и т.п.), ет-мет ( мясо и т.п.), мата-сата (мануфактура и т.п.)
имеет большое распространение и в тюрских языках» [4,181].
Алайда, қайталаудың негізгі функциясы қос сөздердің қалтарысында қалып кетеді.
Сонда ғалым І.Кеңесбаев екі жағдайда да қайталақтау, қайталау ұғымдарын өзге құбылыстарға
қатысты қарастырады. Осы орайда, зерттеуші-ғалымдардың қайталауды басқа терминдермен
алмастыруы немесе өзге құбылыстарды қайталау ұғымымен атауы байқалады.
А.Байтұрсынұлының жоғарыдағы ойын осы бағытта академик Қ. Жұмалиев
жалғастырған. Ғалым өзінің «Әдебиет теориясы» еңбегінде: «Белгілі бір ұғымға назар аударту
үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды
Достарыңызбен бөлісу: