336
Қорытындылай келе, ғалымдардың бірқатары қайталауға қайталақтау, бірқатары
қайталама, бірқатары қайталау деген атау берген. Тіпті басқа құбылыстың атауымен
редупликация деп те атаған. Біз редупликацияның анықтамасын бере отыра, оның қайталаудан
айырмашылығын көрсеттік. Осы орайда, ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша
қорытынды жасайтын болсақ: «
Қайталау дегеніміз
– поэзияда және прозада барлық тіл
деңгейлерінің тілдік бірліктерінің түрлі мақсатта қайталануы».
Жоғарыдағы мәселелер қайталаудың қай ғылымның аспектісінде қарастырылуына
қатысты туындаған болатын. Осы тұрғыдан келгенле, біз қайталауды тіл білімінің аспектісі
ретінде алғандықтан, қайталау деп атап, оның тілдің әрқилы деңгейлеріндегі түрлеріне
тоқталдық. Оның ішінде Р.Әмір және М.Серғалиев сынды ғалымдардың зерттеулерін арқау
ету барысында қайталаудың синтаксистегі орны айқындалды деп ойлаймыз.
Сонымен, адам күнделікті өмірде өзінің ойын басқа адамға жеткізу үшін ғана емес, әсер
ету үшін де сөйлейді. Қайталау осындай мақсатта жүзеге асатын процестердің бірі болып
саналады. Сондықтан оның көркемдегіш құрал ретіндегі рөлі, адамның эстетикалық таным
деңгейін көрсетуіндегі маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (Құраст. Шәріпов Ә.,
Дәуітов С.) – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
2
Кеңесбаев С. Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. – Алматы:
Ғылым, 1966. – 208 б.
3
Виноградов. В. Редупликация // Лингвистический энциклопеди- ческий словарь. –
Москва. 1990. – 408 с.
4
Кенесбаев С. Исследования по казахскому языкознанию. – Алма-Ата: Наука, 1987. –
352 с.
5
Амиров Р. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи. – Алма-Ата: Наука,
1972. – 180 с.
6
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. –Алматы: Мектеп, 1964. –252 б.
7
Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 224 б.
8
Серғалиев М. Синтаксистік зерттеулер. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. – 384 б.
Достарыңызбен бөлісу: