334
Осы сияқты бірқатар әдебиеттанушы ғалымдар З.Қабдолов, Қ.Өмірәлиев, З.Ахметов
Қ.Жұмалиевтың ізімен
қайталау
терминін пайдаланады. Сонда, аталған ғалымдар қайталауға
әдеби тұрғыдан анықтама бере отырып, поэзиядағы қолданысына мән береді. Олар қайталауға
өлеңдерден мысал келтіре отырып, түрлерін атап көрсетеді. Алайда, бұл қолданыстың
мақсатын, қызметін сөз етпеді. Осы орайда, М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б.
Манасбаев, Р.Сыздық, М.Серғалиев, М.Қанабекова сынды ғалымдар қайталау ұғымын
стилистика тұрғысынан зерттеп, стильдік қызметін айқындаған болатын. Осы ғалымдардың
ішінде Р.Сыздықты ерекше атап өту қажет. Себебі ол қайталау құбылысына
қайталама
деген
жаңа терминологиялық атау береді. Ғалымның пікірінше, қайталау – қимылдың ғана атауы, ал
қайталама – абстракт терминнің де атауы болады [6,87]. Сондықтан қайталау құбылысына
қатысты қайталама терминін пайдаланған жөн деп есептейді. Бұл қайталаудың стилистикалық
айшық ретіндегі функциясына байланысты деп есептейміз.
Қазақ ғалымдарының ішінде қайталауды синтаксистік тұрғыдан қарастырған ғалым –
Р.Әмір. Ол 1972 жылғы еңбегінде: «Связанные повторы организуются путем зависимых
отношений составляющих компонентов. Компоненты повторов соединяются между собой
посредством предикативных, объективных, определительных отношений», – дей келе,
қайталау амалын
сөйлем мүшесі түрінде талдайды [7,17]. Ғалым сөйлеу барысындағы
грамматикалық қайталаудың мақсатынан туатын қорытынды: «Қайталау – экпрессивті ойды
үнемді беретін синтаксистік амал», – деп өз ойын қорытындылайды.
Осы орайда, тіл біліміндегі қайталаудың түрлеріне тоқталайық. Негізінен, қайталау –
тілдің барлық деңгейін қамтитын күрделі құбылыс. Аталған күрделілікті тілде дыбыстық
қайталаудың, лексикалық қайталаудың және синтаксистік қа йталаудың кездесеуінен байқай
аламыз. Мысалы, фонетика саласында дыбыстық қайталаудың өзінің ассонанс, аллитерация
деген түрлері болса, лексикалық қайталаудың анафора, эпифора, еспе қайталау деген түрлері
бар.
Көп уақытқа дейін дыбыстық қайталаудың көркемдік мәні мен қызметінің маңызы
айтылмай келген. Тек соңғы кезде ғана дыбыстық қайталаудың жоғарыда аталған түрлері
көркемдік құрал ретінде өз бағасын алып жүр. Осының ішінде өлеңдегі әр жолдың басында
дауысты дыбыстардың қайталануы
ассонансқа
мысал келтірсек:
- Арқа деген құба жон,
Аядай біткен көл екен
Атты кердең естірген
Арқаның тарал шөбі екен («Жетпіске келді бұл жасың» Ш.Қанайұлы).
Ал өлеңдегі әр жолдың басында дауыссыз дыбыстардың қайталануы
аллитерация
деп
аталады. Мысалы:
- Жаманның көкірегі – көр, көзі – соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып-ай («Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» С.Аронұлы).
Дыбыстық қайталаудың поэзияда қолданылатынын көріп отырмыз. Ал лексикалық қайталау
поэзиядан бөлек, прозада да пайдаланылатынымен ерекшеленеді.
Лексикалық қайталау
дегеніміз
– бір сөздің белгілі позицияда қайталануы. Оның ішінде
анафоралық қайталау
– әр
жолдың не сөйлемнің басындағы сөздің қайталанылуы. Мысалы:
- Бір жігіт бар – құр жан,
Бір жігіт бар – тірі жан.
Бір жігіт бар – жігіт жан («Жігіт туралы» Шал ақын).
Өлеңнен алынған үзіндіде анафоралық қайталау ғана емес
, эпифоралық қайталау
да бар. Әр
жолдың соңындағы «жан» сөзінің қайталануы эпифоралық қайталауға жатады. Қайталаудың
бұдан бөлек тағы бір түрі – еспе қайталау. Демек,
Достарыңызбен бөлісу: