Мемлекет және қуқықі теориясы Оцу ццралы


Нормативтік актілердің түсінігі жэне түрлері



Pdf көрінісі
бет46/75
Дата07.09.2023
өлшемі7,78 Mb.
#106478
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75
2. Нормативтік актілердің түсінігі жэне түрлері. 
Норматив- 
тік заңды актілер - бүл қүзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын
қүқық нормаларынан қүралған және белгілі бір қогамдык қаты- 
настарды реттеуге багытталған ресми құжаттар.нормативтік акті- 
лерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анық- 
талған тәртіп бойынша қабылдайды. Заңды күшіне қарай барлық 
заң актілері екі топқа бөлінеді: заңдар мен заң актілері.
Заң - бүл заң шығарушы билік органы немесе референдум 
арқылы ерекше тэртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, 
жоғары заң күшіне ие жэне маңызды қоғамдық қатынастарды 
реттейтін нормативтік акт.
Заңга сәйкес актілер - бүл заң нормаларынан қүралған, заң- 
дардың негізінде жэне оларды орындау мақсатында қабылданған 
актілер. Оларға мыналар жатады:
1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен 
өкімдер;
2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен 
өкімдер;
3) мемлекеттік аумақтық және жергілікті органдардың (өкілдік 
органдар мен экімшілік органдар) актілері - мемлекеттік билік пен 
басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі 
баскару органдары қабылдайды жэне осы аумақта өмір сүріп 
жатқан барлық түлғаларға таралады;
4) ведомстволық актілер - белгілі бір органның құзіреті шегін- 
де қабылданады жэне осы үжымның мүшелеріне ғана таралады.
3. Зацдардың түсінігі, белгілері және түрлері. 
Заң - бүл заң 
шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше 
тэртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң ку­
пине не жэне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін норма­
тив^ к акт.
Заңның белгілері:
1. Заң - бүл қүқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды 
жоюға немесе өзгертуге байланысты қүқықшығармашылық әре- 
кеттер бекітілген заң актісі.
2. Заң - бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары 
органдарының актісі.
3. Заң жоғары заң күшіне ие. Бүл мынаны білдіреді: а) қалған 
барлық қүқықтық актілер заңдарга негізделуі жэне оларга қарама-
63


кайшы болмауы тиіс. Кез-келген басқа акт заңға қайшы келген 
жагдайда басымдылық соңтысына беріледі; ә) занды кез-келген 
басқа орган бекіте алмайды; б) оны қабылдаған органнан басқа 
ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.
4. 
Заң - бұл қүқықтық жүйеде бұрын болмаған жэне қогамдық 
өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты міндеггі нормалардан 
күралған нормативтік акт.
Заңның түрлері:
1) Конституция - бүл басқарудың және мемлекеттік құры- 
лымныц нысанын, сот эділдігі жүйесін анықтайтын, конститу- 
циялық қүрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостан- 
дықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт;
2) конституциялық заңдар - Конституциямен көзделген жэне 
онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады;
3) жай заңдар - бүл қогамдық өмірдің экономикалық, саяси, 
әлеуметгік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.
4. Нормативтік актілердің күші. Нормативтік актілер әрекет 
етудің уақыттық, кеңістіктік жэне субъектілік шектеріне ие:
1. Нормативтік актілердің уақыттағы күші олардың күшіне 
енген сэтінен бастап қүшін жоғалтқан сәтіне дейін таралады. Ак- 
тілер не оларды қабылдаған сәттен бастап, не нормативтік актінің 
өзінде немесе оның күшіне енуі туралы арнайы актіде көрсетілген 
уақыттан бастап, немесе оларды жариялаган сәттен бастап белгілі 
бір мерзім өткеннен кейін күшіне енеді. Актілер оларды қабыл- 
дауда көрсетілген эрекет ету уақыты өткеннен кейін,не олардың 
орнына жаңа акт қабылданган жагдайда, не нақты бір органның 
осы актінің күшін жою туралы тікелей нүсқауы негізінде өз күш- 
терін жояды.
Нормативтік актілердің уақыттагы күшіне байланысты жалпы 
ережелердің ішінде екі ерекше ереже бар:
а) заңның кері күші - жаңадан қабылданған нормативтік акті- 
нің өз күшін бүл акт заңды күшіне енгенге дейінгі катынастарға 
таратуы. Жалпы ереже бойынша, заңның кері күші болмайды, 
алайда, заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда мүмкін: егер заң- 
ның өзінде бүл аталып өтсе немесе заң жауапкершілікті жеңіл- 
детсе немесе жойса;
ә)жаңа заңдағы арнайы корсету бойынша өз күшін жойған 
заңның жекелеген мәселелерге қатысгы күшін сақтап қалуы.
2. Нормативтік актілердің кеңісгіктегі күші олар таралатын 
аумақпен анықталады. Мемлекеттің аумағы ретінде мемлекеттік
шекаралар ішіндегі оның қүргақ және су кеңістігі, олардың үстін-
• 
. . .

.
дегі ауа кещстігі, жер қоинаулары, сонымен қатар, шетелдердеп 
елшілік өкілдіктердің аумақтары, ашық теңіздегі әскери және 
сауда кемелері, мемлекеттің аумағынан тыс жерлерде үшып 
жүрген үшақгар танылады. Бүл мәселені қарастыру кезінде мы- 
наны ескерген жөн: заңның белгілі бір кеңістікке немесе түл- 
галарга таралмау тәртібі эксаумақтық деп аталады.
64


3. 
Заңның тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талап- 
тардың белгілІ бір актінің әрекет ету аумағындагы барлық түлға- 
ларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден де ауытқушы- 
лықтар бар:
а) мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, елшілік және 
консулдық өкілдіктердің қызметкерлері эксаумақтық қүқығына ие 
және оларга қылмыстық заңнаманы жэне әкімшілік құқықбұзушы- 
лықтар туралы заңнамамы бүзғандығы үшін жауапкершілік жэне 
мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды;
ә) кейбір нормативтік актілер, мысалы, қьшмыстық жауапкер- 
шілікті көздейтін акіілер, азаматтарға, олардың қай жерде жүр- 
геніне және олардың шетелдік заңнама нормаларына сэйкес жа- 
заны өтегеніне карамастан, таралады;
б) мемлекет аумағында өмір сүруші шетелдік түлғалар мен 
азаматтығы жоқ түлғалар кұқықтар мен міндеттердің кең шең- 
берін пайдаланатынына қарамастан, кейбір жағдайларда құқықтар 
мен міндеттерді иелене алмайды. Мысалы, олар қарулы күштер 
қатарында борышын өтемейді, мемлекеттік билік органдарына 
сайлана алмайды және сайлауга қатыса алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет