Глава 11. Ожидаемые результаты по завершении 8 класса
79. Предметные результаты.
80. Ожидается, что обучающиеся будут знать:
1) главные и второстепенные члены предложения;
2) названия частей речи и их значение;
3) наиболее распространҰнные правила правописания слов.
81. Ожидается, что обучающиеся будут уметь:
1) писать под диктовку текст, применяя правила проверки написания слов;
2) разбирать слова по составу, образовывать слова с помощью приставок и
суффиксов;
3) различать части слова;
4) различать части речи;
5) строить простое предложение с однородными членами;
6) связно высказываться устно и письменно (по плану);
7) пользоваться словарем;
8) составлять элементарное рассуждение-объяснение, описание, сравнительное
описание, не выдуманный рассказ;
9) оформлять деловые бумаги.
Глава 12. Ожидаемые результаты по завершении 9 класса
82. Предметные результаты.
83. Ожидается, что обучающиеся будут знать:
1) главные и второстепенные члены предложения;
2) названия частей речи и их значение;
3) наиболее распространҰнные правила правописания слов.
84. Ожидается, что обучающиеся будут уметь:
1) писать под диктовку текст, применяя правила проверки написания слов;
2) разбирать слова по составу, образовывать слова с помощью приставок и
суффиксов;
3) различать части слова;
4) различать части речи;
5) строить простое распространҰнное предложение с однородными членами,
сложное предложение;
6) писать изложения и сочинения (по плану);
7) пользоваться орфографическим словарем;
8) оформлять деловые бумаги.
Глава 13. Ожидаемые результаты по завершении 10 класса
85. Предметные результаты.
86. Ожидается, что обучающиеся будут знать:
1) части речи и использование их в речи;
2) наиболее распространҰнные правила правописания слов.
87. Ожидается, что обучающиеся будут уметь:
1) писать небольшие по объҰму изложения и сочинения творческого характера;
2) оформлять все виды деловых бумаг.
88. Личностные результаты ожидается, что обучающиеся проявят:
1) уважение и интерес к родному языку;
2) проявление культуры человеческого общения, соблюдения этических языковых
норм.
89. Системно-деятельностные результаты. Ожидается, что обучающиеся овладеют:
1) умением планировать собственное высказывание;
2) умением конструктивно участвовать в диалоге, беседе, общем разговоре;
3) навыками составления деловых бумаг.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 350-қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру
деңгейінің 5 - 10 сыныптары үшін "Оқу және тіл дамыту" пәнінен үлгілік оқу
бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 350-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес және жеңіл ақыл-ой
стандартына
кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып
әзірленген.
2. Оқу пәнінің мақсаты – оқыған материалды дұрыс, жылдам, саналы түрде түсініп
және мәнерлеп оқуға дағдыландырып, қалыптастыру.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) білім алушылардың ұғымына лайықты мәтіндерді дауыстап және іштей оқуға,
оқыған білімін саналы түрде түсінуге қалыптастыру;
2) адамдардың еңбегін, достық қарым-қатынасын, бейбітшілік жолындағы қызметі
туралы мәліметтерді толықтырып, жалпылау;
3) аталған тарауларды оқығанда балалардың адамгершілікке, еңбекке, Отанына
деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
4) табиғатты қорғау, аялап-күтіп өсіру біліктілігін қалыптастыру.
4. Жоғары сыныптардағы (5-10 сыныптар) "Оқу және тіл дамыту" пәні – білім
саласындағы кіріктірілген оқу пәні.
5. Аталған бағдарлама мынадай тараулардан тұрады: Қазақ халқының өмірі мен
еңбегі, саяси-қоғамдық оқиғалар, кең-байтақ Ұлы Отанымыз туралы, адамдардың
достық қарым-қатынасы, бейбітшілік жолындағы қызметі; табиғат және оны қорғау;
Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктер жөнінде жазылған әңгімелер, мақалалар, өлеңдер,
Тәуелсіздік күні, Президент күні, Астана күні, Конституция күні, Қазақстан халқының
бірлігі мерекесі, Жеңіс күні, Балалар күні.
6. Осы тараулар сыныптан сыныпқа қайталанып, күрделеніп, толықтырылып
оқытылады.
7. Білім алушыларды шығармалармен таныстырғанда олардың бақылауы, зейіні, есі
дамиды. Оқылған мәтіндерді білім алушылар мұғалімнің сұрақ тапсырма көмегі
арқылы талдап, салыстырып, себеп-салдарын байланыстырып, әңгіме барысында,
сөздік қоры кеңейіп, байланыстырып сөйлеу тілі дамиды.
8. Оқулықта (ана тілі) берілген мәтіндерді оқу барысында балалар әдістемелік
аппаратқа сүйеніп бақылау, экскурсия, жұмыс дәптерлерін толтырып, әр түрлі
практикалық жұмыстарды өткізеді.
9. Бастауыш сыныптағы ана тілі сабақтарында өтілген пәндерге сүйеніп, "Ана тілі
және тіл дамыту", "Айналадағы әлем", "Еңбекке баулу", "Сурет салу" пәндерімен тығыз
байланыстырылады. Осы жоғары сыныптарға арналған бағдарлама бастауыш
сыныптардағы пәндерге негізделген.
10. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сыныпта аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;
2) 6-сыныпта аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;
3) 7-сыныпта аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;
4) 8-сыныпта аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;
5) 9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
6) 10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
11. Әр тақырыпқа берілген сағаттарды мұғалім білім алушылардың ерекшеліктерін,
мүмкіншіліктерін ескере отырып, оқу сағаттарын өзгертіп отыруға болады. Өткен
материалды қайталау және бекіту барысында мұғалім білім алушыларға топтық және
жеке жұмыстарды ұйымдастырады.
12. Оқуға ұсынылатын шығармаларды таңдау кезінде оқышулардың танымдық
қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, қоғамдық саяси түсініктерін,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, қоғамда өздігінен өмір сүруге тәрбиелеу
мәселелері ескертіледі.
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
13. Оқылатын материалдардың тақырыптары (жылына 102 сағат, аптасына 3 сағат):
1) қазақ халқының өмірі мен еңбегі (36 сағат);
2) саяси-қоғамдық оқиғалар, кең-байтақ Ұлы Отанымыз туралы, адамдардың
достық қарым-қатынасы, бейбітшілік жолындағы қызметі; табиғат, оны қорғау (30
сағат);
3) "Ұлы Отан соғысы" кезіндегі ерліктер жөнінде жазылған әңгімелер, мақалалар,
өлеңдер (20 сағат);
4) "Тәуелсіздік күні", "Президент күні", "Астана күні" (4 сағат);
5) "Қазақстан халқының бірлігі мерекесі", "Жеңіс күні", "Балалар күні" (10 сағат);
6) "Конституция күні" (2 сағат).
3-тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
14. Оқылатын материалдардың тақырыптары (жылына 102 сағат, аптасына 3 сағат):
1) біздің Отанымыздың өткен өмірі (23 сағат);
2) "Ұлы Отан" соғысы жөнінде, бейбітшілік үшін күрес (20 сағат);
3) адамдар еңбегі, туған табиғат, оған қамқорлық (20 сағат);
4) ел өміріндегі елеулі оқиғалар жөніндегі мазмұны білім алушылардың жас
ерекшелігіне сай көркем шығармалардан үзінділер, әңгімелер, мақалалар, өлеңдер (21
сағат);
5) "Қазақстан халқының бірлігі мерекесі" (6 сағат);
6) "Тәуелсіздік күні" (2 сағат);
7) "Балалар күні" (2 сағат);
8) "Президент күні", "Астана күні", "Конституция күні" (6 сағат);
9) "Білім күні" (2 сағат).
4-тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
15. Оқылатын материалдардың тақырыптары (жылына 102 сағат, аптасына 3 сағат):
1) қазақ классиктерінің көркем шығармаларынан балалардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес үзінділер (14 сағат);
2) қазақ классик ақын-жазушыларының өмірі мен творчестволық қызметі жөнінде
қысқаша мәлімет (10 сағат);
3) халық ауыз әдебиетінен шығармалар: ертегілер, жұмбақтар (12 сағат);
4) қазақ әдебиеті классиктерінің халық өмірі, оның даналығы, ержүректігі, болашақ
өмірі туралы асқақ арманы (20 сағат);
5) туған жердің әр мезгілдегі табиғат көрінісі жөнінде (12 сағат);
6) "Ұлы Отан соғысы" (8 сағат);
7) еңбек, бейбіт өмір жөніндегі шығармалары (А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М.
Жұмабаев, С. Көбеев, М. Әуезов, Б. Соқпақбаев, М. Мақатаев) (14 сағат);
8) "Қазақстан халқының бірлігі мерекесі" (4 сағат);
9) "Тәуелсіздік күні", "Президент күні", "Астана күні", "Конституция күні" (6 сағат);
10) "Білім күні" (2 сағат).
5-тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
16. Оқылатын материалдардың тақырыптары (жылына 102 сағат, аптасына 3 сағат):
1) қазақ және шетел әдебиетінің классиктерінің, қазіргі қазақстандық (
жазушылардың шығармаларынан үзінділер мен шағын көркем шығармалары (16 сағат);
2) қазақтың белгілі классик ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылық
қызметі жөнінде қысқаша мәлімет (10 сағат);
3) халық ауыз әдебиетінің шығармалары: ертегілер, мақал-мәтелдер, жырлар,
мысалдар, айтыстар (16 сағат);
4) Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. Көбеев, Б. Майлин, С. Сейфуллин, М.
Жұмабаев, Шәкәрім, А. Байтұрсынов, І. Жансүгіров, А.С. Пушкин, И.А. Крылов, А.П.
Чехов шығармалары (24 сағат);
5) С. Мұқанов, М. Әуезов, Т. Ахтанов, Ғ. Мүсірепов, М. Зверев, А. Пришвин
шығармалары (12 сағат);
6) Б. Соқпақбаев, Ш. Айтматов, М. Мақатаев, Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Қ.
Баянбай шығармалары (14 сағат);
7) прозалық үзінділерді, өлеңдерді жаттау (10 сағат);
6-тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
17. Оқылатын материалдардың тақырыптары (жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат):
1) қазақ және шетел әдебиетінің классиктерінің көркем шығармаларынан үзінділер.
Өмір мен шығармашылық қызметі туралы қысқаша мәліметтер (14 сағат);
2) халық ауыз әдебиетінен шығармалар: ертегілер, жұмбақтар, мақалдар,
жыр-дастандар, айтыстар, әдеби ертегілер (12 сағат);
3) қазақстандық ақын-жазушылардың шығармалары (10 сағат);
4) көркем әдебиет мысалдарына сүйене отырып, жасөспірімдерге адамгершілікке
баулитын этикалық және эстетикалық тәрбие беру (8 сағат);
5) А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Б. Майлин, С. Сейфуллин, Л. Толстой, М.
Лермонтов шығармалары (12 сағат);
6) М. Әуезов, Жамбыл, Ә. Тәжібаев, Ә. Шәріпов, Қ. Қайсенов, М. Пришвин
шығармалары (12 сағат).
7-тарау. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
18. Оқылатын материалдардың тақырыптары (жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат):
1) қазақ және орыс әдебиетінің классиктерінің көркем шығармаларынан үзінділер.
Өмір мен шығармашылық қызметі туралы қысқаша мәліметтер (10 сағат);
2) халық ауыз әдебиетінен шығармалар: ертегілер, жұмбақтар, мақалдар,
жыр-дастандар, айтыстар, әдеби ертегілер (10 сағат);
3) қазақстандық ақын-жазушылардың шығармалары (12 сағат);
4) көркем әдебиет мысалдарына сүйене отырып, жасөспірімдерге адамгершілікке
баулитын этикалық және эстетикалық тәрбие беру (12 сағат);
5) А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Б. Майлин, С. Сейфуллин, Л. Толстой, М.
Лермонтов шығармалары (12 сағат);
6) М. Әуезов, Жамбыл, Ә. Тәжібаев, Ә. Шәріпов, Қ. Қайсенов, М. Пришвин
шығармалары (12 сағат).
8-тарау. 5-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
19. Пәндік нәтижелер.
20. Білім алушылар:
1) шығарманы түсініп, дұрыс, мәнерлеп, жылдам оқуды;
2) сөздерді тұтас дауыстап оқуды;
3) іштей оқуды;
4) мұғалім тапсырмасын орындай біледі деп күтіледі.
21. Білім алушылар:
1) мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беруді;
2) мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеуді;
3) қарапайым мәтінді өздігінен оқып, әңгімелеуді меңгереді деп күтіледі.
9-тарау. 6-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
22. Пәндік нәтижелер.
23. Білім алушылар:
1) шығарманы түсініп, дұрыс, мәнерлеп, жылдам оқуды;
2) сөздерді тұтас дауыстап оқуды;
3) іштей оқуды;
4) мұғалім тапсырмасын орындай біледі деп күтіледі.
24. Білім алушылар:
1) мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беруді;
2) мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеуді;
3) дауыстап, түсініп, дұрыс, жылдам мәнерлеп оқуды, іштей оқуды, шығарманың
бастапқы ойын анықтауды меңгереді деп күтіледі.
10-тарау. 7-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
25. Пәндік нәтижелер.
26. Білім алушылар:
1) түсініп, дауыстап, мәнерлеп, жүгіртіп дұрыс оқи;
2) іштей оқуды, шығарманың басты ойын айқындай;
3) дауыстап, түсініп, дұрыс, жылдам мәнерлеп оқи;
4) іштей оқуды, шығарманың бастапқы ойын анықтай біледі деп күтіледі.
27. Білім алушылар:
1) мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беруді;
2) мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеуді;
3) дауыстап, түсініп, дұрыс, жылдам мәнерлеп оқи, іштей оқи алады, шығарманың
бастапқы ойын анықтауды меңгереді деп күтіледі.
11–тарау. 8-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
28. Пәндік нәтижелер.
29. Білім алушылар:
1) түсініп, дауыстап, мәнерлеп, жүгіртіп дұрыс оқи;
2) іштей оқи, шығарманың басты ойын айқындай;
3) дауыстап, түсініп, дұрыс, жылдам мәнерлеп оқи;
4) іштей оқи, шығарманың бастапқы ойын анықтай біледі деп күтіледі.
30. Білім алушылар:
1) мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беруді;
2) мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеп беруді;
3) дауыстап, түсініп, дұрыс, жылдам мәнерлеп оқи, іштей оқи алуды, шығарманың
бастапқы ойын анықтауды меңгереді деп күтіледі.
12-тарау. 9-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
31. Пәндік нәтижелер.
32. Білім алушылар :
1) түсінеді, дауыстап, мәнерлеп, жүгіртіп дұрыс оқи;
2) іштей оқи, шығарманың басты ойын айқындай;
3) дауыстап, түсініп, дұрыс, жылдам мәнерлеп оқи;
4) іштей оқи, шығарманың бастапқы ойын анықтай біледі деп күтіледі.
33. Білім алушылар:
1) мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беруді;
2) мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеуді;
3) дауыстап, түсініп, дұрыс, жылдам мәнерлеп оқи, іштей оқи, шығарманың
бастапқы ойын анықтай білуді меңгереді деп күтіледі.
13-тарау. 10-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
34. Пәндік нәтижелер.
35. Білім алушылар :
1) түсініп, дауыстап, мәнерлеп, жүгіртіп дұрыс оқи;
2) іштей оқиды, шығарманың басты ойын айқындай;
3) дауыстап, түсініп, дұрыс, жылдам мәнерлеп оқи;
4) іштей оқуды, шығарманың бастапқы ойын анықтауды біледі деп күтіледі.
36. Білім алушылар:
1) мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беруді;
2) мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеуді;
3) дауыстап, түсініп, дұрыс, жылдам мәнерлеп оқып, іштей оқи, шығарманың
бастапқы ойын анықтай білуді меңгереді деп күтіледі.
37. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) мәтін оқу барысында тиісті жерде кідіріс жасау керектігін, оқу жылдамдығын
анықтау, екпіні және мазмұнына сай қалай оқылатынын анықтау (кідіріс жасау, ой
екпіні, дауыс мәнері);
2) берілген тапсырманы іштей оқумен орындау. Мазмұнын мәніне сай кейбір сөздер
мен сөз тіркестерін айрықша айту;
3) кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез құлқын бағалау; кейіпкерлерді, табиғатты,
оқиғаны суреттейтін анық, дәл әсерлі үзінділерді табу (мұғалімнің көмегімен);
4) мәтін ішінен түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін тауып, сөздікті пайдалана білу;
5) мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру; Мұғалім көмегімен мәтінді бөліктерге
бөлу. Бөліктерге ат қою және мұғалімнің көмегімен сұраулы және хабарлы сөйлем
түрінде жоспар құру;
6) жоспар бойынша әңгімелеу. Әңгімелеу кезінде мәтін ішіндегі қанатты сөздер мен
сөйлемдерді қолдану. Мұғалім қойған сұрақтары бойынша иллюстрация мазмұнын
айту дағдыларын танытады деп күтіледі.
38. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) сабақтан тыс кезінде мектеп кітапханасынан мұғалімнің берген тақырыбы
бойынша балаларға арналған кітап таңдау, балалар журналы мен газеттерінен
мақалалар оқу. Оқығаны жөнінде әңгімелеуінен;
2) сабақтан тыс кезде балалар көркем әдебиеттерін, газет-журналдарды үнемі оқып
отыру. Мұғалім берген үлгіде, сабақтан тыс оқылған шығармалар жөнінде күнделікті
толтыруынан;
3) оқылған шығармалар жайында талқылау, кітап жайында пікірлер құрастыру,
мұғалім тапсырмасы бойынша оқылған шығарма мазмұнын айту, басты кейіпкерлерді
атап айту, оған өз көзқарасын айқындап айтуынан;
4) жазушы өмірі, шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет білу. Мектеп
кітапханасынан кітаптар алып оқу. Өздігінен балаларға арналған газет-журналдардан
мақалалар оқу. Оқыған кітабы, мақаласы жөнінде пікірлесу. Шығарманың негізгі ойын,
мақсатын тауып айта білу, кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауынан;
5) сабақтан тыс кезінде оқу жайлы күнделікті толтыруынан;
6) күрделі емес жай әңгімелерді өздігінен оқып, мұғалім тапсырмасын орындау:
қойылған сұрақтың жауабын табу, мазмұнын әңгімелеуге, мәнерлеп оқуға
дайындауынан;
7) газет-журналдарды, кітаптарды өздігінен оқуынан;
8) оқығанын талдауынан;
9) кітап жайлы сын-пікір құрастыруынан;
10) мұғалім көмегімен күнделікті баспа құралдарындағы бір тақырыпқа жазылған
мақалаларды оқып талқылауынан, бағалауынан көрініс табады деп күтіледі.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 351-қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру
деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Оқу және тіл дамыту" пәнінен үлгілік оқу
бағдарламасы
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 351-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
Достарыңызбен бөлісу: |