54
– тапсырманың көлемi оқушының оқу мүмкiндiгiне сай болуы;
– әрекет деңгейiне бейiмделiп берiлуi, т.б.
Жоғары оқу орындарында студенттердiң өздiгiнен бiлiм алу
мәселесiн С. Архангельский, М. Герунов, С. Зиновьев, П. Пидка-
систый, И. Лернер, В. Беспалько, т.б. ғалымдар қарастырды. Ға-
лым дардың зерттеулерiнде студенттердiң өзiндiк жұмысы келе-
шек маманның шығармашылық ойлауын, ғылымға қызығуын,
кәсiби қарым-қатынас қажеттiлiгiн туғызатын оқыту әдiсi, та-
ным үдерiсi, студенттiң өз бетiнше жасайтын iс-әрекетi, дербес
әрекеттiң сипаты және оқушы қабiлетiнiң көрiну формасы, оқу
үдерiсiнiң негiзi, студенттi өз бетiмен бiлiм алуға дайындаудың
жолы ретiнде сипатталады.
Жоғары мектептегi өзiндiк жұмыс – оқу үдерiсiнiң бiр бөлiгi,
оқы тудың әдiсi, оқу-танымдық әрекеттiң тәсiлi, сипаты, бiр iздi лi гi,
типi, тексеру формасы жоспарланған кешендi, мақсат ты оқу әрекетi.
Достарыңызбен бөлісу: