О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Өзiндiк жұмысты басқарудағы мұғалiмнiң әрекетi



Pdf көрінісі
бет25/69
Дата08.09.2023
өлшемі4,9 Mb.
#106678
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
Байланысты:
dokumen.pub 9786010400351

Өзiндiк жұмысты басқарудағы мұғалiмнiң әрекетi
:
– жұмыстың мақсаты мен мiндетiн айқындау;
– бiлiмi мен тәжiрибесiн беру;
әрекеттi ұйымдастыру;
– өзiндiк жұмысты жоспарлау;
– оқу-әдiстемелiк нұсқаулар дайындау;
– өзiндiк жұмысты тексеру формасын анықтау, т.б. 
Өзiндiк жұмыстың нәтижелi болуы оны ұйымдастыра бiлумен 
тығыз байланысты. Ұйымдастыру жұмысты ұйымдастыру-әдiс-
те мелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстары деп бөлемiз. 
Ұйымдастыру-әдiстемелiк iс-шаралар:
– өзiндiк жұмысты жоспарлау, кесте түзу;
оған кететiн уақытты анықтау;
– оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен қамтамасыз ету;
– техникалық құралдар даярлау;
тексеру формасын, мерзiмiн анықтау. 
Ғылыми-әдiстемелiк iс-шаралар:
– оқу материалымен жұмыс iстеудiң жолымен таныстыру;
– қажеттi құжаттардың нұсқасын дайындау;
әдiстемелiк басшылық жасау;
– нәтижеге талдау жасау, т.б. 


55
Өзiндiк жұмыс оқу үдерiсiмен тығыз байланысты болғандық-
тан, оны ең алдымен, екiге бөлiп қарастыру керек:
1. Дәрiсханалық өзiндiк жұмыстар:
2. Дәрiсханадан тыс орындалатын өзiндiк жұмыстар. 
Дәрiсханада орындалатын өзiндiк жұмыстарға дәрiстiк
тәжiрибелiк және зертханалық сабақтар кiредi. 
Дәрiсханадан тыс орындалатын өзiндiк жұмыстарға дәрiс 
мате риалдарын толықтыру, семинар сабақтарына дайындалу, ре-
ферат жазу, үй тапсырмасын орындау, курс, диплом жұмыстарын 
жаздыру. Өзiндiк жұмыстың өзi дәрiстi тыңдау және оны жазу, 
мәтiнмен жұмыс iстеу, тезис, конспект жазу, семинар дайындау, 
үйiрмеге қатысу, ғылыми жұмыстармен айналысу сияқты iс-
әрекеттерден тұрады. 
Географиядан өзiндiк жұмыс. Өзiндiк жұмыс – бұл мұғалiмнiң 
оқушыларға беретiн тапсырмасы. Өзiндiк жұмыстың негiзгi 
мiндетi – бұл оқушылардың өздерiнiң жаңа бiлiмдi игеруi. Гео-
графия курсында оқушылар өзiндiк жұмыс арқылы жаңа бiлiм 
жинақтайды, картаны оқиды және мәлiметтерге сараптама бередi. 
6-сыныптың физикалық географиясы курсында оқушылар 
не гiзгi географиялық терминдердi үйренедi. Оқушылар өзiн дiк 
жұмыс арқылы терминдiк сөздердi жаттайды. Мысалы, оқу лық-
тың суретi арқылы көрсетiлген объектiлердiң, үдерістердің ерек-
шелiктерiн түсiнедi. 
Оқушылар курс бойынша бiрте-бiрте жеке объектiлерден жос-
парлы объектiлерге өтедi. Мысалы, алғашқы кезде Анд тауының 
географиялық орнын анықтаса, уақыт өте келе, оның табиғаты 
мен құбылыстарына сипаттама бередi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет