10. МЕКТЕПТЕГІ ГЕОГРАФИЯ КАБИНЕТІ
10.1. География кабинетiнiң жабдықталуы
Қазiргi таңда көптеген жалпы бiлiм беретiн мектептерде гео-
графия кабинетi ұйымдастырылған.
Кабинет мұғалiмнiң жүйелi түрде сабақ өтуiне, оқушыларға
тиянақты бiлiм беруiне, қажеттi көрнектi құралдарды жинақтауға
көмегiн тигiзедi. Пән кабинетi – мұғалiмнiң оқушыларға сол
пәндi терең игеруiне мүмкiндiк туғызатын зертханасы. Жақсы
жабдықталған кабинеттер оқушыларға сапалы бiлiм беруде, олар-
ды дамыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелiлiгiне өз үлесiн
қосады. Бұл жерде оқушылардың танымдық белсендiлiгi артып,
пәнге деген қызығушылығы пайда болады. География кабинетiнiң
жабдықтары оқушыларға бiлiм беру, тәрбиелеу, дамыту жұмысын
неғұрлым тиімдi жүзеге асыруға мүмкiндiк жасайтындай болуы
тиiс. Кабинеттi жобалау жұмысын да дұрыс ұйымдастыру өте
маңызды.
Кабинеттiң артықшылығы онда сабақ өтуге және түрлi құрал-
дарды сақтауға қолайлы. Сондықтан география кабине тiнде
сабақты түрлендiрiп өтудiң және түрлi карталар мен картогра-
фиялық шығармалар мен техникалық құралдарды қолданудың
мүмкiндiгi жоғары. Сонымен бiрге география бөлмесiнде мы-
надай сыныптан тыс жұмыстарды да өткiзуге болады: үйiрме
жұмы сын өткiзуге, географиялық кинофильмдер көрсетуге,
қолдан түрлi көрнекiлiктер жасауға, әртүрлi кештер өткiзуге,
т.б. Кабинетте танымжорықтар мен топсеруендер нәтижесiнде
жинақталған материалдарды да сақтауға қолайлы.
География кабинетi сабақта қолданылатын оқыту – көрнекi-
лiк құралдарымен ерекшеленедi. Оқыту-көрнекiлiк құралдарына:
картографиялық шығармалар, қабырға карталары, атлас, глобус,
160
рельеф карталары, қабырғалық суреттер, фотосуреттер, диа по-
зитивтер мен диафильм, кинофрагмент, макет пен муляждар,
при борлар, табиғи құралдар (кеппешөптер, коллекция, өнеркә-
сiп және ауылшаруашылығы өнiмiнiң үлгiлерi, топырақ үлгiлерi)
сызбалар, сызбалар, кесте, кескiн карта және әртүрлi үлестiр мелi
материалдар, сарамандық жұмыстарда жердi түсiруге арналған
құрал-жабдықтар (тұсбағар, визирлi сызғыш, мензула, т.б.)
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде география кабинетiне
қажеттi құрал-жабдықтар мен көрнекiлiктердiң саны 400-ге дейiн
болса, ал қолдан жасалынған көрнекiлiктер саны 200-300 болуы
керек.
Осындай мөлшердегi картографиялық шығармаларды сақтау
үшiн кабинетте шкаф, стеллаждар және карталарға арналған
қондырмалар болуы тиiс. Қабырғалық карталар мен суреттердi
iлу үшiн арнайы орындар даярлануы керек.
Мұғалiмнiң үстелi әртүрлi жұмыстар орындауға ыңғайла нып
орналастырылады. Үстелге су келетiн және ток көзiне қосыла-
тын болуы керек. Кабинет тақтасы оқушы арнайы жаттығу орын-
дайтындай және кино көрсетiлетiндей етiп жабдықталады. Егер
кабинетте видеомагнитофон, магнитофон, теледидар, кинопреок-
тор, диапреоктор болса тiптi жақсы.
География кабинетiнде география пәнiнiң үйiрмесi жұмыс
жасайды және оның материалдары сақталынады. Үйiрмеде оқу-
шы лардың географиялық бiлiмдерi тереңдейдi және үйiрме
мү шелерi кезекшi карта, ауа райы құбылысы, географиялық
жаңа лықтар тақтасы, қабырғалық газеттер мен жұмыс iстеп,
оларды кабинетке жақын маңда коридорға iлiп қояды. Кабинет-
те, сонымен қатар өлкетану материалдарының негiзiнде бұрыш
ұйымдастыруға да болады. Өлкетану бұрышында сол жергiлiктi
жердiң материалдары мен экспонаттары: пайдалы қазбалар кол-
лекциясы, топырағы, өсiмдiктер кеппешөбi, климаты жайындағы
кестелер, суреттер мен фотосуреттер, ауылшаруашылығы мен
өнеркәсiп өнiмдерiнiң үлгiлерi, жергiлiктi өнеркәсiп орын дары-
ның өндiрiстiк үдерістерінің барысы, аудан картасы, жергiлiктi
жердiң планы, т.б.
Географиялық кабинеттегi барлық картографиялық шығар-
малар мен құрал-жабдықтар арнайы бөлiмдерге бөлiнiп,
161
журналдарға тiркеледi. Кабинет мектептiң мүмкiндiгiне қарай
екi бөлмеден тұруы қажет: оның үлкенi күнделiктi сабақ өтуге,
ал екiншi шағын бөлмесi көрнекi құралдарды сақтайтын және
мұғалiмнiң сабаққа дайындық жұмыстарын жүргiзуiне арнала-
ды. Мысалы, бiр ғана география кабинетiнiң жабдықталу үлгiсiн
қарастырайық.
1. Кабинетте оқушыларға қарама-қарсы бағытта атақты гео-
граф-саяхатшылардың портреттерi iлiнедi. Қазiргi таңда портрет-
тердi табу қиындық туғызған жағдайда қолдан салдыруға да
болады. Мүмкiндiгi болған жағдайда ерте кезден бастап, ұлы
географиялық ашуларға дейiнгi кезеңдердi қамтыған дұрыс. Мы-
салы, Птолемей, Эратосфен, Аристотель, Х. Колумб, А. Веспуч-
чи, Ф. Магеллан, Васко да Гама, П.П. Семенов Тянь-Шаньский,
Н. Пржевальский, Ш.Ш. Уәлиханов пен Қ.И. Сәтпаевтың порт-
реттерiн iлген өте орынды.
2. Кабинеттiң қалған қабырғаларын география курсының
сатысы мен пәндер мазмұнына орай жабдықтауға болады. Мы-
салы, жердiң төрт қабығы – атмосфера, гидросфера, литосфера
және биосфераны бейнелейтiн стендтер немесе Қазақстанның
физикалық-географиялық сипатын бейнелейтiн қабырғалық су-
реттер.
3. «Қазақстан – Республикам менiң» тақырыбында елiмiздiң
физикалық-географиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағ-
дай ларын бейнелейтiн карталар, суреттер мен сызба тiректерi
және табиғаты жайындағы фотосуреттерден жасалынған стенд-
тер.
4. Географияның тiлi карта болғандықтан кабинетке мiндет-
тi түрде әртүрлi тақырыптағы карталар iлiнедi. Мысалы, Қазақ-
станның физикалық және саяси картасы, Дүниежүзiнiң физика-
лық және саяси картасы, жарты шарлар картасы, т.б.
5. Туған жердiң табиғаты. Яғни жергiлiктi жердiң планы, ау-
дан немесе облыс картасы, ландшафт элементтерi бейнеленген
фотосуреттерден жасалынған стендтер.
География кабинеттерiнде төмендегiдей құрал-жабдықтар
мен оқу құралдары да орын алады.
1. Кабинеттiң маңызды бөлiгi – кiтапхана. Онда мынадай
үлгi дегi кiтаптар мен газет-журналдар болуы тиiс:
162
а) география пәнiне қажеттi көркем әдебиеттер;
б) анықтамалық әдебиеттер;
в) оқу-әдiстемелiк әдебиеттер;
г) газеттер мен журналдардың тiгiндiсi.
География саласында әдебиеттер көбiнесе орыс тiлдерiнде
және аз болғандықтан «География жаңалықтары», «Атамекен ты-
нысы», «Халықтар достығы», «Табиғат аясы», т.б. тақырыптарға
арнайы папкалар арнаған жөн. Мұндай кiтапханалар мұғалiмнiң
сабаққа дайындалуын жеңiлдетедi және оқушылардың теориялық
бiлiмдерiн тереңдетедi.
2. Макеттер мен муляждар. Муляждарды жергiлiктi жердiң
аң-құстарынан жасап, қабырғаға iлуге және өлкетану бұрышына
қоюға болады. Ал макеттердi ғаныштан немесе саз балшықтан
жасау тиiмдi. Ғаныштан таулардың, жазықтардың, өзендер ағы-
сының бейнесiн жасайды. Бұл жұмыстар оқушылардың шебер-
лiгi мен дағдысын арттыруға көмегiн тигiзедi.
3. Жергiлiктi жердiң ландшафт элементтерi. Өсiмдiк кеппе-
шөп терi, пайдалы қазбалардың коллекциялары, топырақтың үлгi-
лерi, өнеркәсiп және ауылшаруашылығы өнiмдерiнiң үлгiлерi.
4. Оқытудың техникалық құралдары. Яғни, диафильмдер,
диа позитивтер, бейнетаспалар, теледидар, магнитофон, т.б.
5. Географиялық кабинеттiң бұрышына өлкетану мүйiсiн
ашуға да болады. Онда жергiлiктi жердiң материалдары орналас-
тырылады.
6. Қолдан жасалынған көрнекiлiктер. Түрлi карталар мен кес-
те, сызбанұсқалар, картографиялық шығармалар.
7. Графикалық көрнекiлiктер. Картограмма, картасызба, кар-
тодиаграмма, блок және шеңберлi диаграмма, кесте, сызбалар
мен сызба тiректерi, т.б.
8. Кабинетте, сонымен бiрге глобус, жердi түсiруге, ауа райын
бақылауға арналған құрал-жабдықтар болуы тиiс. Мысалы, тео-
долит, нивелир, мензула, әртүрлi метрлер, термометр, барометр,
т.б. Жоғарыдағы көрнекiлiктер мен құрал-жабдықтарды орна лас-
тыруға арналған шкафтар, сөрелер және iлгiш тақталар бо лады.
Кабинеттiң жиһаздық құрамы мектептiң экономикалық ахуа лына
және мұғалiмнiң шеберлiгi мен iскерлiгiне байланысты. Көп теген
кабинетте қолдан жасалынған сөрелер бар. Кабинеттi әсемдеу,
163
безендiру оқушыларға эстетикалық тәрбие берiп қана қоймайды,
сабақтардың өтуiне де әсер етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |