Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет11/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
Әдеби KZ 
Мен үшін бұдан былай әуре болма
Біржола үзіл-кесіл айтқаным сол. 
Шын сөзге тоқтайсың ғой амалсыздан, 
Қарағым-м-м-м... разы бол, қасіретім мол". 
Бұл хат кешікпей-ақ Ахметке тапсырылды. Қамардың бұл секілді данышпандығына 
Ахметтің есі шығып кеткендігі сонша, өзінің тіпті ғашықтығын ұмытты. Таң-тамаша: қазақта 
"қызды оқытса бұзылуға себеп" деп, қара көңілден шыққан сөзді ойына алып, сол арада 
жан жеріне тигендей құшырланып-құшырланып айтып жібергені мынау екен: 
Қайтейін, қара қазақ шабандығың, 
Ойлашы, қай жеріңде адамдығың? 
Қыз оқыса, "бұзылды, ал, кетті",- деп, 
Мінеки, айтқызатын надандығың. 
Кетпейді неге Қамар маған еріп. 
Аһ ұрып, зар қылады, көңіл беріп. 
Оқумен ойы жеткен шаһыбаздары* 
Тұрады-ау атқан оққа көкірек керіп. 
Қамар қыз оқымаса нетер еді, 
Әуелі бұлтаң-сылтаң етер еді. 
Шаһыбаз (парсы сөзі)- сабаз, жоғары санақтағы кісі. 


20 
Әдеби KZ 
Көзсіз болса, алды-артын болжау кайда
Әркімнің жетегінде кетер еді". 
Енді Ахмет өз ісінің қателігіне Қамардан кешу сұрап, атқан оқ секілді қиындыққа артқы ар-
ұятты болжап, қарсы тұрғандығына разы болғандығын білдіріп һәм ақыл айтып, ең соңғы 
қоштасу хатын жазды: 
"Қамаржан, мен күйемін сенің үшін, 
Әрине, сен күйесің менің үшін. 
Ғапу қыл, байқатпайды ғашық оты: 
Азғана күн әурелен деген ісім. 
Ғашықтық алды-артымды бірдей жаулап, 
Іс түбін ойламаппын ақыл тауып. 
Мен үшін өмір бойы қаралан деп, 
Тұрған соң айта саппын көңілім ауып. 
Ұялмай-ақ ағашқа күйе жағып, 
Батылым барды соған әлде нағып? 
Ұялам өз-өзімнен жерге кіріп, 
Саған жазған сөздерді есіме алып. 
Ғапу қыл, данышпаным, айып етпе, 
Баспаңыз көрінгенде біздің бетке. 


21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет