Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет10/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
Қалатұғын ойым жоқ саған бармай. 
Тіпті жоқ сенен өзге сүйген кісім, 
Мағлұм бір Аллаға ұшпу ісім. 
Хатыңды көрген сайын қайран болып, 
Жол таппай құр қайнайды іші-тысым. 
Әрине, өзің теңсің, малың нашар, 
Халың жоқ және-дағы алып қашар. 
Болса да басың бұлбұл, аяқ дүлдүл. 
Беруге кісі тапшы аяқ басар. 
Ақыл-ой, сын-сымбатта маған теңсің 
Шыбыным, шын сүйгенім - жалғыз сенсің. 
Ту бие, қара саба болмаған соң, 
Икемге менің елім қайдан көнсін. 
Қалса да егер бірі мұны сезіп, 
Кетуі-ақ қолын қойып менен безіп. 
"Тентекті айып салып айдап жібер", 
Деп шулап көк малтасын тұрмай ма езіп? 
Бейшара-ау, шырт түкірініп жатпас па едің
Қымызды ішіп, насыбайды атпас па едің. 
Шіреніп маңғазсынып, маңызданып, 


17 
Әдеби KZ 
Лепіріп ақыра сөйлеп, шатпас па едің?" 
Ағайын айдыныңа ермес пе еді, 
Жиылып, жылпылдақтар келмес пе еді. 
Аузыңнан шықса, "құдай берді ғой" деп, 
Өзі іздеп мені саған бермес пе еді? 
Дап-дайын көңілімде тұр ақылдары, 
Еш шек жоқ сонда бізді мақұлдары. 
"Баланың бақыты ашылды, жайлы орын" деп, 
Шалдардың таптың қағып, тақылдары. 
Түсінсең де түсінбей көп жазасың
Дертіме дәрменімсің деп жазасың. 
Тым болмаса біраз күн ойнайық деп, 
Өткелсіз орайы жоқ кеп жазасың. 
Шыдайық тілімді алсаң қараланбай, 
Досқа күлкі, дұшпанға табаланбай, 
Өтейік бір күйікпен арманда боп, 
Тағы да жара үстіне жараланбай. 
Көрініп көзге түссе осы хатым, 
"Оқыды" деген бар ед менің атым. 
"Қызды оқытпа, оқытсаң мынау ғой",- 


18 
Әдеби KZ 
деп, 
Кейінгіге тимей ме кесапатым? 
Қалдырмай бір жағыңнан мұны да ойла, 
Тамағыңнан басқаны жауып қойма. 
Не пайда, сен де оқыдың, мен де оқыдым, 
Қалмаса арттағыға үлгі бойда? 
Қайтейін, мен де амалсыз, арманым көп, 
Арманды арылтатьін дәрменім жоқ. 
Бүгін саған барамын, ертең оған, 
Онан да жақсы емес пе атылған оқ... 
Қарағым, қаралама, ая мені... 
Аяғаннан айтамын мен де сені. 
Күйдіріп бір сен үшін ата-анамды, 
Елге бүлік салудың келмес жөні. 
Жауапты үзіл-кесіл беріп тұрмын, 
Берсем де бетім күйіп өліп тұрмын. 
Қайтесің, амал бар ма, қазақ надан, 
Сен де көн, мен-дағы һәм көніп тұрмын. 
Разы, сүйген жарым, қош-есен бол 
Құдайым аша берсін алдыңа жол. 


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет