Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет35/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Әдеби KZ 
иіліп төсек, жайылып жастық болып, өліп-өшіп барады. Дөңкиіп келіп қолын артып, яки 
аяған болып бір жерін сипап, сүйем дей ме, немене күйектей бір қап жүнді сақалы мен 
сасық аузын Қамардың үлбіреген аузына тақап апарғанда, Қамардың шыбындай жаны 
шығарға орын таппай шырқырап, қиналғандағысын құдай мұсылман баласының басына 
бермесін! Қандай талмаусырап әлсізденіп жатса да, қалай маңайына Нұрым келді, солай 
шағатын жылан келе жатқандай тітіркеніп, қысыла бастаушы еді, без-без етіп қырғидың 
тырнағы таянған торғайша шырылдап тулағанда, денесін кез келген нәрсеге соғып, 
бұрынғысынан он есе төмендеп қалушы еді. Қамардың мұнысын айла деп, жекіріп-
ұрысып, сабап көріп те байқасты. Жоқ, жоқ, күн асқан сайын еттен, халден айырылып, 
айла болмай, шынға айналды. Уайым-қайғымен әлдеқашан-ақ чаходка болып қан-сөлден 
айырылған сорлы ғой, оның үстіне мына қайғы қосылып, әлгі ұшқан жүрегі орнына түспей 
дамыл-дамыл басы айналып, шатаса беретін болды. Белгілі, қазақта мұндай ауруды 
жалмауыз ишандар, алдамшы қожа-молда, басқалардың қарайтыны. Және бұл 
жарықтықтардың қайсысы да болса, қазақ елінде бар ғой. Аяқ жетер жерден алдырып 
қарата бастады. Бұл алдаушы жауыздардың қайсыбірі басында дуа бар деп, қайсысы 
қызылды-жасылды тіл-сұқтай бірдеңе жабысқан, басын айналдырып тұратын сол деп, 
қайсысы дәнеңе де емес, жастық-мастық деп, Ахметпен желігіп әруақты қорлағандай 
болды ғой, кешегі қара шаңырақтағы жарықтық бабаң Құттымбектің әруағы тегін дейсің 
бе? Сол әруақ мұны тауып жатқан. Әне, Омарды соқты ма? Тағы қарап тұр, Ахметті де 
соғады. Зиратқа түнетіп, шырақ жағып, құрмалдық союға керек деп жүз түрлі ем айтып 
жатушы еді. Міне, бұлардың қайсысына болса да Нұрым мырза сүттей ұйып: 

Пәле, пәле, тіпті жөні бар, әруақ асыға ма, саса ма? Біз ұмытсақ та, жарықтықтар 
желеп-жебеп жүреді ғой,- деп арқасы шымырлап кетіп, тез мола басына түнетіп, талай ай 
мүйізді, аша тұяқтыларын құрмалдық қылып, жамбасы мен терісін емдеушінің өзіне 
ұстатса да жазыла алмады... Онан соң үшкіру, түкіру деген нәрсе күнде нөпір. Қолында 
сандықтай құраны, алхам мен құлқуалла білетіндердің аузында дамыл жоқ. Емдеуші 
мұндай көп болар ма, үйге сыймай лық-лық етеді. Көбіне тиын түспесе де, "Бір тойған 
шала байлық" деп, өңмендей беруші еді... Тағы қорықтық құю ма, қара малдың өкпесімен 
қағып көшіру ме, жынға орау, "қырық аяқ сумен ұшықтау", "бозбұға, сарбұға", жеті түрлі 


62 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет