Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет31/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
Әдеби KZ 
Неге, неге көрмейсің, соқыр молда, 
Байқасаң, асыл менен жасық тең бе?! 
Молда (біраз төмен қарап, көзіне жас алды): 
Қайтесің, шал болса да, малы бар шал, 
Мал болған соң, аузында балы бар шал; 
Сен бұлбұл, ол қарақұс болса-дағы, 
Қосатын сені өзіне халі бар шал. 
Шырағым, бәрі де рас айтқан сөзің, 
Өртеді іш-бауырымды жасты көзің. 
Қайтейін, аясам да, амалым жоқ 
Әркімнің көз ұшында жүрмін өзім,- 
деп Қамардың шырқырап шыққан зарлы сөзіне еріп кеткендіктен өзінің қай жерде 
отырғанын білмей сөйлеймін деп, молда бейшара қол-аяғы жерге тиместен далаға шығып 
қалғанын бір-ақ біледі. 
Нұрым мен Оспанның: 

Тепкіле! Тепкіле!- деп қатты-қатты тығылған дауыстары естіліп, сол сағатта-ақ 
аузын шие жегендей қылды да тастады. "Байтал тұрсын, бас қайғы", молда-екеңнің бес 
теңгелік ақ шапаны да әркімнің қолында кетті; "Бастан құлақ садақа": астындағы атынан 
және айырылып, жаяу үйіне қашты. "Ілем деп жүріп, ілігіп кетті" деген сол, әйтпесе, ең 
құрығанда он теңге мен бір жақсы шапан кимеймін деген молда бейшараның ойы бар ма 


57 
Әдеби KZ 
еді? Енді оған указдық па, тағы қалған сақалын жұлғызып, абақтыға жібермей мұнымен 
қойса сол!.. Ойбай, ана жақта Қамарды бас салып құшақтап: 

Асыл туған қарағым, данышпаным! Қара басым қанға боялып, малым жауға, басым 
дауға таланса да, ренжітпеймін, бермеймін, жүрегім! Бермеймін, қарағым, асылым, 
құлыным, жұлыным,- пәлен-түген,- деп өкіріп-бақырып, сақалынан суы сорғалап Омар 
жатыр. Өксігені өксіп, томсарғаны томсарып, жыламағаны өтірік те болса, ауыздарын 
кемсеңдетіп, әйдай, Қамарды айнала, түнерген қатын-қалаш, қыздар отыр. Қанша қара 
жүрек болғанымен, сондағы кісілер не шығарларын білмей, не отырарын білмей, әркімнің 
көз алды қараңғыланған секілденіп, ал енді, белгісіз қиямет күні тумасын ба? Бір олай, бір 
былай аунақшып, жарыла жаздап, булығып, анда-санда үйелеген өгіз секілді ыңырана 
түсуден басқаға шамасы келмей, ардақты күйеуіміз - Нұрым отырды. Онан сайын 
Омардың "кетші, кетшінің" астына алған жан дауысы тамам ауылды басына көтеріп, 
өрлеп барады. Оспанның да құйрығына қыл батпай Нұрым ыңыранған сайын бетіне қарай 
түсіп, жаны шыға жаздап, құр анау үйден, мынау үйге кезекпе-кезек жүгіре берді. Міне 
бұл ақыр заман, ақыр таң атқанша бірден-бірге қаптап ұйлыға берді. "Бұларың ұят, 
қойыңдар!" деп айтуға ешкімнің тілі келе алмады, қайта "қызық көреміз бе, ойбай, құдай 
басқа бермесін, жүр!" десіп, жұрттың көбі үйлеріне тарасып кетті. Ың жоқ, шың жоқ. 
Жалғыз-ақ Омардың: "кетші, кет! Қамарымның басқан ізінен садаға кет!",- деген баяғы 
қорқынышты жаман дауысы мен кейбір жарамсақтанған шалдардың Нұрымды 
жақауратып: "Өй, қызды оқытып... Қызды оқытып... Бәрі сол оқып... Ахметпен 
жақындасқанның кесірі ғой, дуалы бас қой, дуадан күшті болып па?"- деп коңырсытқаны 
ғана естілуші еді. 
Оспан Омардың жанына барып: 

Мұның не, ұят емес пе?- деп бірдеңені мыңқылдайын деп еді: 

Өзіме де, саған да пышақ саламын! Түбіме жетіп, тұқымымды құртайын деп жүр 
екенсің,- деп өзіне дүрсе қоя беріп ұмтылған соң, әзер қашып, жан сауға қылып қана 
құтылды. Ақыр Оспан Нұрым досына: 


58 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет