5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет114/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Зерттеп көріңдер 
Деректер сақтар өмірі туралы бізге қандай ақпа-
рат береді? Деректердегі ақпаратты талдай отырып, 
сақтардың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы туралы әң-
гіме құрастырыңыз. 
Геродоттың «Тарих» атты еңбегі мен Страбонның 
«Географиясынан» алынған мағлұматтардан жа-
салған кеспеқағаздар беріңіз. Оқушылар тапсыр-
маны орындамас бұрын деректердің мазмұнымен 
танысып, топта талқылайды. Әңгіме 50–70 сөзден ас-
пауы тиіс. 
Жауаптары. 
Деректер сақ тайпалары туралы 
көптеген құнды мәліметтерді береді. Мысалы, дай-
лар, массагеттер сияқты тайпа атаулары кездеседі. 
Сақтар көбінесе көшпелі мал шаруашылығымен 
айналысқан. Парсыларға төтеп беріп, батылдықта-
рын көрсеткен. Күнге арнап жылқыны құрбандыққа 
шалады. Жауынгерлері мерген, атқа мінудің шебері 
болған. Жауынгерлері садақ, қылыш және қола бал-
тамен қаруланған.
Бағалау мүмкіндіктері 
Сабақ барысында оқушыларды объективті бағалау 
өте маңызды. Сондықтан оқу мақсатын меңгергенін 
анықтау үшін мынадай критерийлерге сүйенуге бо-
лады. Оқушылар «Ойланыңдар», «Зерттеп көріңдер» 
тапсырмаларын орындау барысында сақтар туралы 
грек және парсы авторларының еңбектерінде жа-
зылғанын біледі; Геродот пен Страбонның еңбек-
терінің кем дегенде үш ұқсастығын анықтайды; «не 
себепті грек және парсы авторлары сақтар туралы 
жазды?» деген сұраққа өзіндік ой-қорытынды шыға-
рады; дереккөздерді пайдаланып, сақтардың тұр-
мыс-тіршілігі, дүниетанымы туралы әңгіме құрайды. 
Сонымен қатар, топтық, жеке жұмысты тиімді ұй-
ымдастыру мақсатында оқушыларға арнайы кри-
терийлер ұсыныңыз немесе оқушылардың өздері 
құрастыруын қадағалаңыз. Мысалы, жеке жұмыстың 
критерийлері берілген уақытты тиімді пайдалану;
• тапсырмаларды нұсқаулық бойынша орындау;
• сыныптастарының жұмыс жасауына кедергі кел-
тірмеу;
• сұрақ туындаған жағдайда оң қолын көтеріп 
мұғалімге белгі беру;
• тапсырманы уақытынан бұрын орындаған 
жағдайда жұмысын қайта тексеру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет