5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет111/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

«Кестемен жұмыс»
Оқушылардың алған білімдерін жинақтау мақса-
тында кестемен жұмыс жасауды тапсырыңыз. Олар 
кестеге сақтар туралы дерек қалдырған авторларды 
жіктейді. Мысалы:
Геродоттың «Тарих» атты трактатында берілген 
мәліметтер бойынша
1.
2.
3.
Грек авторларының қалдырған деректері бойынша
1.
2.
3.
Ой-қорытынды
Кестемен жұмысты аяқтаған соң, жұмыс дәптерін 
сыныптасымен алмасып, бір-бірін толықтырады. Екі-
үш оқушыға кестені сыныпқа таныстыруын сұраңыз. 
Қажет болған жағдайда оқушыларға толықтыра-
тын сұрақтар қойып, қолдау көрсетіңіз. Сабақтың 
соңында бастапқы кестеге қайта оралып, оқушылар-
дың өзін-өзі тексеруін қадағалаңыз.
Бағалау мүмкіндіктері 
Оқушылар сабақ барысында «Ойланыңдар», 
«Баға беріңдер», «Кестемен жұмыс» деген тапсы-
рмаларды орындап, жаңа мәліметтермен таныса-
ды әрі талдайды. Оқушылар оқу мақсаты бойынша 
сақтар туралы жазылған дереккөздерді біледі; ан-
тикалық дереккөздердің маңыздылығын түсінеді; 
кестеге Геродот пен грек авторларының деректерін 
жіктеп, сақтар туралы жазылған деректердің маңыз-
дылығына өзіндік ой- қорытынды жасайды.
Қосымша тапсырмалар 
Оқушыларға жұмыс дәптерлеріне кесте салуды 
тапсырыңыз. Кестені екі бағанаға бөліп, оның бірін-
шісіне "Көне грек дереккөздері", екіншісіне "Парсы 
сына жазбалары" деп жазыңыз. Әр бағанаға дерек-
көздерде сақ тайпаларын қалай атағанын бөліп жа-
зулары тиіс. Кейінгі сабақтарда бұл кестені көмекші 
құрал ретінде қолдануға болады.


70
3-тарау.
Сақтар
3.1.
Сақтар туралы тарихи мәліметтер (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің 
құрылуын түсіндіру. 
Тірек сөздер
дайлар
массагеттер
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра. 2010.
2. Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы: Дәуір, 
1994.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет