5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет116/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Тірек сөздер
тиграхауда
парадарайа
хаумаварга
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Ежелгі Қазақстан. Қазақстан балалар энци-
клопедиясы топтамасы. – Алматы, Аруна, 2011. 
3. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. I том. – Ал-
маты, 2006.
Оқулық: Сақтар туралы тарихи мәліметтер, 
72-73-бет.
Зерттеу сұрағы:
қандай деректер сақтар 
туралы мәлімет береді? 
Сабаққа дайындық
• сыныптағы топ санына сәйкес ватман дайын-
даңыз;
• Қазақстанның кескін картасының үлгісін алдын 
ала басып шығарып, сыныптағы оқушылардың жұп-
тасқан санына сәйкес дайындаңыз.
Сабаққа байланысты деректі 
материалдар
Көне парсы жазбаларында сақтарды үш топқа бөледі. 
Ғалымдардың пайымдауынша, хаумаварга-сақтар 
Мұрғаб өзенінің алқабында, тиграхауда-сақтар Тянь-
Шань тауларының маңында, Жетісуда өмір сүрген. 
Парадарайа-сақтар Арал теңізінің маңында мекенде-
ген. Тигpaхaуда сақтары, негізінен, қазіргі Қазақстан-
ның оңтүстік-шығыс бөлігін және Жетісуді мекен-
деген деп есептеледі. Антик авторларының кейбір 
дepeктерінде хaумаварга-сақтapды aмюргия-caқтары 
дeп те aтaған. Бұл сақ тайпалары eжeлгі Бaктpия мeн 
Мapгиaна aймақтapы, Әмудapия, Мұpғaб өзeндepінің 
жaғалаулapындa өміp сүpгeн. Cөйтіп, жaзбaша де-
ректемелер б.з.д. VII–IV ғасырлардағы Қaзақcтaн ау-
мағына бірқатар тaйпaлар мeн тайпалық топтарды 
орналастыруға мүмкіндік береді. Оңтүстікте: тигра-
хауда-сақтар, грек деректемелеріндегі масагеттер 
жәнe дaх (дaйлаp), солтүстік-шығыста: аримаспылар. 
Жалпы алғанда, бұл тайпалар тілі жағынан туыс жәнe 
opтақ мәдeниeті бар сақ дәуірінің көшпелі тайпалары 
болып табылады. 
Сабаққа қатысты ескертпелер 
Бұл сабақта оқушылар ахеменидтік сына жазба-
лармен танысады. Сабақ "дәлел" концептісінің не-
гізінде құрастырылған. Оқулықтан алған мағлұматты 
сабақта қолдана отырып
оқушылар
сұрақтарға жа-
уап табуға, бірлесе жұмыс істеуге үйренеді. Оқыған 
материалдары негізінде ахеменидтік сына жазбалар-
дағы сақтардың мекендеген аумақтарын картадан 
белгілеп, антик авторларының еңбектеріндегі де-
ректермен салыстырады. Сақтар жайында жазылған 
антик авторлардың жазбаларына және ахеменидтік 
сына жазбалардың құндылығына баға береді. Топтық, 
жұптық, жеке жұмыс барысында оқушылар өз бел-
сенділіктерін барынша танытады. Өз ойларын жеткі-
зе алады. Оқушылар дереккөздер мен ресурстардың
көмегімен тапсырмаларды орындап, дереккөздер 
арасындағы сабақтастықты анықтап дәлелдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет