5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Оқулық: Сақтар туралы тарихи мәліметтер



Pdf көрінісі
бет112/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Оқулық: Сақтар туралы тарихи мәліметтер
70-71-бет.
Зерттеу сұрағы:
қандай деректер сақтар 
туралы мәлімет береді? 
Сабаққа дайындық 
• Геродоттың «Тарих» атты еңбегі мен Страбон-
ның «Географиясынан» кеспеқағаз жасап, дайын-
даңыз. Оларды арнайы конвертке салыңыз.
Сабаққа байланысты деректі 
материалдар 
Сақтардың басты кәсібі көшпенді мал шару-
ашылығы болған. Олар дөңгелекті арбаларды көш 
кезінде көптеп пайдаланған. Арбалар екі, төрт немесе 
алты дөңгелекті болып, өгіз, ат немесе түйеге жегілген. 
Геродоттың жазуларында "сақ тайпалары ағаштан үй 
салып, қыста сонда қыстап шыққан" деп айтылған. 
Олар ағаш үйді қалың ақ киізбен жапқан. Сақтар-
да шикі кірпіштен салынған үйлер де болған. Сақтар 
соғыс пен aңшылыққa apнап күймелер жacaған. Соғыс 
күймелерін аттарға жегіп, жүк арбаларын қос ат неме-
се түйе сүйреткен. Бұл көшпелілерге ортақ жылжы-
малы баспананың пайда болуына әсер етті. Caқтар 
арийлер мeн тур тaйпaлapының дәстүрлерін сақтап, 
тәңірге сыйынған. Күн мен айға табынып, Жер-Ананы, 
Өзен-Ананы қасиетті деп санаған. Олар қайтыс болған
батыр, көсем, беделді адамды о дүниеге ардақтап ат-
тандырған. Бірнеше күн бойы қайтыс болған адаммен 
қоштасу рәсімін өткізген. Қабірге мәйітті сауытпен
қару-жарақтарымен, астындағы атымен бірге жерле-
ген. Басына тастан белгі тұрғызған. Гpек жәнe пapcы 
жaзбалapында caқ тайпалаpының Қaзақcтан мен Oрта 
Aзия aумағындa opналасуы туpaлы әлі дe түпкілікті 
шeшілмeген даулы мәселелер көп. 
Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақта оқушылар сақтардың тұрмыс-тіршілігі 
туралы мәлімет беретін грек авторларының еңбек-
терімен танысады. Сабақ "дәлел" концептісінің не-
гізінде құрастырылған. Оқулықтан алған мағлұматты 
сабақта қолдана отырып, сұрақтарға жауап табуға, 
бірлесе жұмыс істеуге үйретеді. Оқушылар оқыған 
материалдары негізінде антикалық деректеріндегі 
сақтардың өмір сүрген аумақтары туралы мәлімет-
термен танысып, картамен жұмыс жасайды. Топтық, 
жұптық, жеке жұмысты орындау барысында крите-
рийлерді құрастырып, өз белсенділіктерін барынша 
танытады. Өз ойын немесе көзқарасын жеткізе алу 
дағдысы қалыптасады. Оқу мақсатына қол жеткі-
зу үшін дереккөздер мен суреттерді пайдаланып, 
тапсырмаларды орындайды. Өз ойын немесе көзқа-
расын жеткізе алады. Оқушылар дереккөздер мен 
электронды ресурстардың көмегімен тапсырмалар-
ды орындайды. Кезеңдер арасындағы тарихи са-
бақтастықты анықтып дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет