5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет117/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Деректермен таныс 
Оқушыларға оқулықтағы мәтінді оқуды тапсы-
рыңыз. Осыдан кейін оқушыларды шағын топтарға 
біріктіріп, тақтаға геометриялық фигура – тіктөрт-
бұрыш салыңыз. Ішіне және сыртына әдісі бойынша 
тіктөртбұрыштың ішіне грек және парсы деректерін-
дегі сақтар туралы айтылған сөздерді жазыңыз. Мы-
салы:
жүйрік атты турлар, құдіретті ерлер, сака, 
дұшпанға қатал, досқа адал, олар әлемдегі ең 
әділ, ең шыншыл халық, азиялық скифтер, caқ 
әйeлдepі epжүpeк кeлeді, coғыс қaупі төнгeн-
дe epлepіне көмeк көpceтіп, ұрыcқа apaласады
Сосын оқушыларға: «Сақтар туралы ақпарат қан-
дай парсы сына жазбаларында кездеседі?» – деп сұрақ 
қойыңыз. Оқушыларға алдыңғы сабақтағы меңгерген 
білімдерімен байланыстырып, грек авторларының де-
ректеріндегі сақтар туралы айтылған сөздерді сыртына 
шығаруды тапсырыңыз. Топтарға белгілі уақыт беріңіз. 
Осы уақыт ішінде олар постердегі тапсырманы орын-


3-тарау. 
Сақтар
73
дап, сұраққа жауап береді. Жылдам әрі дұрыс орын-
даған топ жеңімпаз атанады.
Жауаптары.
Сақтар туралы жазылған ахеменид-
тік сына жазбаларға Персеполь, Накш-и-Рустамдағы 
жазбалары, «Бехистун» жазулары жатады. Бұл дерек-
тердің барлығында сақ тайпалары «сака» деп берілсе, 
ал оның мағынасы «құдіретті ерлер» деп түсіндіріледі. 
Ахеменидтік сына жазбалары сақ тайпалары туралы 
анық мәліметтер береді. Қасиетті авеста кітабында 
сақ тайпалары «жүйрік атты турлар» деп жазылған.
Анықтаңдар
Сынып оқушыларына: «Парсы сына жазбала-
ры және антик авторларының мәліметтері негізінде 
сақтардың мекендеген аумағы туралы қандай бол-
жам жасайды?» Бұл тапсырманы орындау мақсатын-
да «Сақтар қайда мекендеген» деген шағын мәтінді 
оқуды ұсыныңыз. Оқушыларға келесі қадамдарды 
орындатыңыз. Оларға алдын ала дайындалған Қа-
зақстанның кескін картасының үлгісін таратып беріңіз. 
Картаны бес бөлікке: оңтүстік, солтүстік, шығыс, ба-
тыс, орталық деп бөлуді тапсырыңыз. Олар әр бөлік-
ке сақ тайпаларының мекендеген аймақтарын жазып 
көрсетеді. Бұл тапсырма оқушылардың есте сақтау 
және кеңістікте бағдарлану дағдысын дамытады. Жас 
ерекшеліктеріне байланысты тақтаға картаны оқушы-
лармен бірге сызып, қажет болған жағдайда қолдау 
көрсетіңіз. Тапсырманы орындағаннан кейін, инте-
рактивті тақтадан немесе тақтаға сызып дұрыс нұсқа-
сын көрсетіңіз. Оқушылар тақтадағы дұрыс нұсқамен 
өз жұмысын салыстырып толықтырады. 
Жауаптары. 
Солтүстік-Шығыс Қазақстанда – ари-
маспылар, Солтүстікте – аргипейлер, Батыс Қазақстан-
да – сарматтар, Орталық Қазақстанда – исседондар, 
Оңтүстік Қазақстанда – масагеттер мен сақ-тиграха-
удалар мекендейді. Антикалық дереккөздерде "Opтa 
Aзия мен Оңтүcтік Қазақстанда «сaқ» деген тaйпaлаp 
өмір сүрген" деп көрсетілген. Парсы сына жазба-
ларында олардың тұрған жерлері ретінде Мургаб 
өзенінің алқабы, Тянь-Шань тауларының маңы, Жеті-
су өңірі, Арал теңізінің маңы, Қара теңіз жағалауы, 
Каспий теңізінің шығысынан Жетісуға дейінгі аймақ 
көрсетілген. Яғни, бұл екі дереккөздегі мәліметтер бір 
аймақты сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет