5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет118/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Ойланыңдар
Ежелгі грек-рим авторлары мен парсы жазбалары-
ның маңызы неде? 
Жалпы, «Ежелгі парсы сына жазбалардың ерек-
шелігі неде?
» 
деген тақырыпты қортындылау үшін, 
оқушылар алған білімдерін қолданады. Оқушылар-
ды топтарға бөліңіз. Топтарға мынадай сұрақтар 
беріледі: «Сақтар туралы ақпараттар қаншалықты 
шынайы? Ахеменидтік сына жазбалар мен антик ав-
торларының жазбаларында сақтар туралы қандай 
мәліметтер берілген?» Олар ойларын дәлелдейтін-
дей ақпарат жинап, постерге жазады. Берілген уақыт 
ішінде өз ойларын жазып, сағат тілімен келесі топқа 
постерді береді. Екінші топ өз ойларымен толықты-
рып, жалғастырады. Алдыңғы топ өз постері қайтып 
келгенде жазылған барлық пікірді қорытындылап, өз 
ойларын жазады. Әр топтан бір спикер шығып, қоры-
тынды ойларын оқып береді. 
Жауаптары. 
Ахеменидтік сына жазбалар мен антик 
авторларының жазбаларында сақ тайпалары туралы 
нақты мәліметтер берілген. Оларда сақ тайпаларының 
кәсібі, тұрмысы, киімі, аумағы, көршілес тайпалар ту-
ралы ақпарат қалдырылған. 
Бағалау мүмкіндіктері 
Оқушылардың картамен жұмысты орындау ба-
рысында дәйектер келтіру дағдыларын бағалауға 
мүмкіндік болады. Топтық жұмысты бағалау мақса-
тында сынып оқушыларына кесте ұсыныңыз. Кестеде 
сыныптағы топ санына байланысты бағана беріліп, 
әр бағанаға топтың аты жазылады. Оқушы топтың
аты жазылған бағанаға сол топ спикерінің айтқан 
мәліметтерін жазып отырады. Бұл кесте оқушылар-
дың жұмысты жүйелі орындауын, топтық жұмысты 
бағалауға мүмкіндік береді.
Қосымша тапсырмалар 
Оқушыларға ахеменидтік сына жазбалар мен анти-
калық деректердің жазылған уақыттарын анықтауды 
тапсырыңыз. Сонымен қатар сақ тайпалары мекен-
деген Оңтүстік Қазақстан аумағында қазіргі уақытта 
салынған қалаларды атлас картадан тауып белгілеуді 
тапсыруға болады. Бұл тапсырмалар оқушылардың 
шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мақса-
тында қолданылады. Сақтар туралы мәлімет беретін 
антик авторларының жазбалары мен ахеменидтік 
сына жазбаларды салыстырады. Дереккөздердің құн-
дылығына өз бағаларын береді.


74
3-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет