Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі 1.1. Алғашқы адамдардың өмірі (1-сабақ) Оқу мақсаты 5.1.1.1 Алғашқы адамдардың антропологиялық
белгілерін сипаттау.
Тірек сөздер антропология
питекантроп
неандертальдық
кроманьондық
Ресурстар 1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. І том. - Алматы: «Атамұра» 2010.
2. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан та-
рихы. - І том. Қазақ энциклопедиясы, 2006.
Оқулық: Алғашқы адамдардың өмірі, 10-11-бет.
Зерттеу сұрағы: алғашқы адамдар қалай
өмір сүрді?
Сабаққа дайындық Сабаққа дейін алғашқы адамдар: питекантроп-
тың, неандерталь адамының, кроманьонның су-
реттерін тақтаға іліп қойыңыз. Осы адамдардың
сипаттамалары жеке жазылған 3 кеспеқағаз дай-
ындаңыз.
1-кеспеқағаз.
Бұл – питекантроп адамы.
Оның қолы ұзын, маңдай сүйегі шығыңқы. Шамамен
Қазақстан жерінде 1 млн жыл бұрын өмір сүрген.
Ең алғаш қаңқасы Ява аралынан табылған.
2-кес-
пеқағаз. Бұл –
неандерталь адамы. Оның ми көлемі
питекантроптан үлкенірек, денесінде түгі азайған,
иек сүйегі қалыптаса бастаған. Жер бетінде 100–35
мың жыл бұрын өмір сүрген. Қаңқасы алғашқы рет
Германиядағы Неандерталь жазығынан табылған.
3-кеспеқағаз.
Бұл –
кроманьон. Оның маңдайы жа-
зыңқы, денесі тік, қолдары қысқарған. Жер бетінде
40–35 мың жыл бұрын пайда болған. Қаңқасы алғаш
Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған. Пла-
катқа питекантроп, неандерталь, кроманьон адамы-
ның қалыптасып, өмір сүрген кезеңдері көрсетілген
уақыт сызығын дайындаңыз.
Сабақтың деректі материалдары Қазақстан аумағында алғашқы адамдар бұдан
1 миллиондай жыл бұрын пайда болған. Бұл кезең
– жер бетінде питекантроп адамының өмір сүр-
ген мерзімі. Қазақстаннан тас дәуіріндегі алғашқы
адамдардың қаңқасы табылмаған. Дегенмен бұл
мәселені тарихшылар дүниежүзілік контексінде қа-
растырып, питекантроп адамы – Қазақстан жерін
алғашқы қоныстанушылар деп негіздеген. Пите-
кантроптан кейін, мұз басу дәуірімен тұстас неан-
дерталь адамы қалыптасқан. Ал кейінгі палеолитте
кроманьон адамы өмір сүрді. Кроманьон қалып-
тасқанға дейін, алғашқы адамдар өте ұзақ уақытта
баяу өзгеріске ұшырады. Әлемнің түкпір-түкпірі-
нен табылған алғашқы адамдардың қаңқалары бұл
үдерістің қанша уақытқа созылғанын анықтауға
мүмкіндік береді.