5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет15/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері 
Оқушылар сабақта "өзгеріс пен сабақтастық" кон-
цептінде білімдері мен түсініктерін қалыптастырып, 
тапсырмалармен жұмыста осы білім мен дағдыны 
көрсетеді. Оқушылар сабақ барысында топтық жұ-
мыста және жеке жұмыста талдауларға қатысып, оқу 
мақсатына жете алады.
Кейбір оқушылар өздерінің шағын таныстырылы-
мын жасайды, қосымша ақпараттарды өз бетінше 
іздеп тауып, ақпараттарды жүйелей алады. 
Қосымша тапсырма
Кейбір оқушыларда адамның антропологиялық 
өзгерістерін тереңірек білуге қызығушылық туын-
даған жағдайда, оларға қосымша ізденуге тапсырма 
беріңіз. Әлемнің түкпір-түкпірінен, әсіресе Афри-
кадан алғашқы адамдардың қаңқаларының көптеп 
табылғандығы туралы ақпарат беріп, келесі сабаққа 
осы жайлы шағын таныстырылым жасап келуге 
тапсырма беруіңізге болады. 


12
1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.1.
Алғашқы адамдардың өмірі (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін 
шығармашылық түрде көрсету.
Тірек сөздер
тобыр
ру
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 
I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан та-
рихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопедиясы, 
2006.
Оқулық: Алғашқы адамдардың өмірі, 
12-13-бет.
Зерттеу сұрағы:
алғашқы адамдар қалай 
өмір сүрді?
Сабаққа дайындық
Сабақ алдында "Алғашқы адамдардың тобыры" 
тақырыбындағы иллюстрациялық сурет жабысты-
рылған плакатты, "Рулық қауымдағы ру мүшелері" 
деп аталатын коллажды үлкейтіп, қабырғаға іліп қой-
ыңыз, әр топқа үш-үштен стикер дайындаңыз.
Сабақтың деректі материалдары
Адам қоршаған жабайы, қатал табиғатта жалғыз 
өмір сүре алмайтындықтан, тобырға бірікті. Ежелгі тас 
дәуірінде алғашқы адамдар өз кәсібін қалыптастыра 
бастады. Олар жабайы дәндер мен жеміс-жидектерді 
теріп, аңдарды аулап, өз азығын тапты. Тас дәуіріндегі 
адамдардың қоғамдық ұйымының қалыптасуы күр-
делі де ұзақ даму жолынан өтті. Олар бастапқы кезде 
бірлесіп аңдардан қорғанды немесе шабуыл жасады, 
азық табу үшін аң аулап, терімшілікпен айналысты. 
Бұл қоғамдық қатынастардың әлі жетілмей тұрған 
кезеңі еді. Алғашқы адамдар тобырындағы өзара қа-
рым-қатынаста адамзатқа тән сипаттар басым болға-
нымен, хайуанаттар табынындағы қатынас сарқын-
шақтары да сақталды. Мысалы, олардың арасында 
тамақ, баспана үшін талас-тартыс болып тұрды. Сон-
дықтан 20–30 ересек адамдар мен балалардан тұра-
тын тобырлар көбіне ыдырап, бөлініп, жаңа тобыр-
лар құрылатын немесе басқа тобырларға қосылатын. 
Бірақ «саналы адамның» қалыптасуымен ұжымдық 
қатынастар жаңа сипатқа ие болды. Алғашқы адамда 
"туыс" ұғымы қалыптасты. Бұл өзгерістер қоғамдық 
қатынастардың дамуымен, рулық қауымның қалып-
тасу үдерістерімен, адам ұжымының қоғамдық ұй-
ымдасуының өзіне тән алғашқы белгісі ретіндегі ру-
дың қалыптасуымен тікелей байланысты. Бастапқы 
рулық қауымда әйелдер үстем жағдайда болды деп 
есептеледі. Әйелдер руды өрбітуші рөлін атқарды. 
Туысқандық сезім, өз руласына қамқорлық жасау, 
қорғау сезімдері орнықты. Руластарының ішіндегі 
сенімділік пен теңдік адам ұжымын берік қоғамға ай-
налуға әкелді. Осы тақырып бойынша қажетті ақпа-
ратты Қазақстан тарихының 5-томдық академиялық 
жинағының 1-томынан таба аласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет