5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет152/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жұпта өзара пікірлесіңдер
Тапсырманы орындауды мәтінді оқудан бастаңыз. 
Мәтін қандай ой туғызғанын сұраңыз. Бұл жерде 
массагеттердің де, парсылардың да жағдайларын 
қарастырып, жұпта пікір алысуды ұйымдастырыңыз. 
Оқушылардың дәйектері мен дәлелдеріне назар ау-
дарыңыз. Бақылап жүріп ұтымды пікір алмасу жүргіз-
ген жұпты белгілеп, ортаға шығарып, сыныпта тыңда-
тыңыз.
Жауаптары. 
Жақтау:
жауды жеңу кезінде қол-
данған кез келген тактика ақталады. Мақсатқа қол 
жеткізуде кез келген тәсіл тиімді. Айла қолдану – әске-
ри тактиканың бір түрі. Массагеттер аздаған жеңісі-
не мақтанып, той-тойлап, жаудың тұзағына өздері 
түсті. 
Даттау
: кез келген жағдайда адамдық қасиетті 
жоғалтпау керек. "Жауың болса да әділ бол" деген 
ұстанымнан Кир ауытқыды.
Анықтаңдар
Тапсырманы орындауды, алдымен, Томиристің Кир-
ге жолдаған сәлемін рөлге еніп оқытудан бастаңыз. 
Оқушылар Томиристің жауға деген өшпенділік сезімін 
сезіне алсын. Тапсырманы топтарға бөліп беріңіз. Әр 
топ берілген тапсырма бойынша жауаптар әзірлейді. 
Тапсырманы орындап болған соң, сағат тілімен топтар 
жұмыстарымен алмасады. Оқушыларға түрлі түсті мар-
кер таратыңыз. Әр топтың өз түсі болсын. Олар келесі 
топтың жауап парақтарына түзетулер мен толықтыру-
лар жасайды. Өз жұмыстары бойынша алынған кері 
байланысты топтарында талдайды.
Жауаптары. 
Кир әскерінен алданып жеңіл-
ген Томиристің қаһары. Кирдің соғысты тоқтатып, 
массагеттер жерінен кетуін талап етуі. Томирис 
Кирдің жеңілетіндігіне сенімді болды. Өшпенділік 
сезімін білдіретін сөздер:
 
Қанішер Кир, залымдық 
арқылы жеңдіңдер, жерімнен кет, әскерімді арсыз-
дықпен қырғаның жетер, қан жұтқызуға ант етемін. 
Сенімділік негізі: массагеттер тәуелсіздігін, жерін жа-
удан қорғайтын әділетті соғыс жүргізді. Массагеттер 
саны көп, жауынгер халық. Оқиға сақтардың парсы-
лармен шайқасқа түсуімен жалғасады.
Жасап көріңдер
Айдар негізінде берілген шығармашылық тапсыр-
маны деңгейлік тапсырма түрінде орындатуыңызға 
болады. Томиристің үш қасиетін сыныпта талқы-
лап анықтаңыздар. Анықталған үш қасиеті негізінде 
жарнама құрастыруға еркіндік беріңіз. Оқушылар 
Томиристің қасиетін таңдап алып, жарнамалайды. 
Оқушылар жеңілінен күрделісіне қарай таңдайды. 
Оқушылардың бір бөлігі жарнаманы постер түрінде 
жасайды. Кейбіреуі рөлдік сомдау арқылы көрсетеді. 
Өзгелері ақпараттық электрондық құралдармен жар-
намалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет