5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет154/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Оқулық: Шырақтың ерлігі, 
94-95-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
сақтар тәуелсіздік үшін қалай 
күресті?
Сабаққа дайындық
«Дарий патшаның сақ жеріне жорығы» кеспеқағаз-
дарының сұрақтары.
Дарий парсы әскерлерінің 
даңқын одан әрі 
асқақтатуды ойлады
«Әлем әміршісі», «мәңгілік 
патшалық» сақтарды 
жеңбейінше беделін өсіре 
алмайтын еді
Дарий жауынгер халықты 
біржолата тыныштандыру 
қажет деп шешті
«Парсылардың сақ 
көршілері шегараға жиі 
шабуыл жасап, зиян 
келтіріп отырған»
Көрші жауынгер халық 
өзін бағындыруға 
мүмкіндік бермеді
Парсылар сақтардың 
азын аулақ бөлігін ғана 
бағындыра алды
Дарий көп әскерімен 
жорыққа аттанды
Дарий б.з.д. 519–518 
жылдары сақ жерін басып 
алуға келді
Грекияға жорық алдында 
сақтарды бағындыру 
парсы империясы үшін 
тиімді деп есептеді
Сақтар Грекиямен соғысуға 
әскер жіберіп тұрды
Сабақтың деректі материалдары 
Бехистун жазбасын І Дарий б.з.д. 516 ж. қазір-
гі Ирандағы Хамадан жолындағы 50 м биіктіктегі 
жартасқа жаздырған. Ол жазбаларды әйгілі істерін 
мәңгілік тарихта сақтау мақсатымен жаздыртқан 
еді. 1837 жылы ағылшынның әскери қызметкері Г. 
Роулинсон ең алғаш Бехистун жазбасын көшірді. Биік-
тіктегі жазбаны көшіру үшін оған арқанға байланып 
жұмыс жасауға тура келді. Ол басқа сына жазула-
рымен салыстыра отырып, жазуды оқудың кілтін тап-
ты. Бехистун жазбасы – І Дарийдің сақтарға жасаған 
жорығы туралы мәлімет беретін жазба деректің бірі. 
Бехистун жазбасының бір қатарында І Дарийдің бей-
несі мен оған тәуелді болған ел басшылары тасқа 
ойылып салынған. Жартаста суреттен басқа 14 қатар 
жазулар сына жазуымен жазылған. Бехистун жазба-
сы әлем тарихы мен адамзаттың маңызды ескерткіші. 
Жазбада Дарийдің билікке келуі, соғыс жорықтары 
туралы көптеген ақпараттар беріледі. Ежелгі заман 
халықтарының мекені, тайпалардың аты І Дарий жаз-
баларында анық көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет