Сабаққа қатысты ескертпелер Сабақты Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэма-
сынан үзінді оқудан бастаңыз. Бұл үзіндіде кім тура-
лы жазылғанын оқушылардан сұраңыз. Оқушылар
оқулықтағы
сұрақтарды жұппен ойланып көзқараста-
рын дәлелдейді.
Қарсы жұппен пікірталас өткізеді.
Оқулықтағы мәтінді оқып, ойларын дәлелдейтіндей
ақпарат жинайды, дәптерге жазады.
1-2 минуттай
тақырыпқа сәйкес өз ойын жазады да, сағат тілімен ке-
лесі оқушыға дәптерін береді, келесі оқушы алдыңғы
оқушының ойын жалғастырады. Алдыңғы оқушы өз
дәптері қайтып келгенде барлық пікірді қортынды-
лап өз ойын жазады. Егер дәптерінде қарама-қарсы
пікірлер жазылса, онда өз ойын соған бейімдей-
ді. «Ескендір» поэмасын рөлге бөліп орындатыңыз.
Оқушыларға рөлге еніп ойнау керектігін ескертіңіз,
рөлде ойнаған оқушылардың рөлді сомдауы туралы
оқушылардың пікірлерін тыңдатыңыз. Жорықтарды
уақыт сызығына қою арқылы оқушылар жыл санау-
дағы ерекшелікті біледі. "Грек-македон әскерлері
сақтарды соғыста тізе бүктіре алмады" деген тұжы-
рымы бойынша оқушылар екіжақты дәйек ұсынуы
тиіс. Бұл тапсырманы оқушылардың қабілеттеріне
қарай түрлендіріп ұсынуыңызға болады.
Анықтаңдар Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке ау-
дартыңыз. Оқушылар оқулықтағы сұрақтар бой-
ынша жұпта ойланып, көзқарастарын дәлелдей-
ді. Абай Құнанбаевтың шығармасы мен Александр
Македонский дің жорығы туралы бұрын алған білім-
дерін қолдана алады.
Өлең жолдарын оқушылар мәнерлеп оқысын.
Дауыс ырғағы арқылы сезімді жеткізуге тырыссын.
«Ескендір» поэмасын рөлге бөліп орындатуға бола-
ды. Алдын ала өлең сөздерін рөлдерге бөліп, дай-
ындап әкеліңіз. Поэма мазмұнын қысқаша айтып,
оқушыларға ең маңызды жерінен үзіндіні рөлде
ойнауға мүмкіндік беріңіз. Оқушыларға рөлдері
бойынша сөздері жазылған қағаздарды таратып, ой-
наушылардың сөйлеу кезектерін түсіндіріңіз. Оқушы-
лардың сөздерімен танысуына 1-2 минуттай уақыт
беріңіз. Рөлдерді орындап болғаннан кейін, көрер-
мен оқушылардың пікірлерін тыңдатыңыз.
Жауаптары. Александр Македонский жорығы.
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. Александр
Македонскийдің мақсаты – жер жүзін жаулап алу,
елдерді тәуелсіздігінен айыру, бағынышты ету. Ақын
Александр Македонскийдің жаулаушылық саясатына
3-тарау.
Сақтар 99
өзінің ойын білдіріп жазып отыр. Абай атамыздың
соғысқа қарсылық пен наразылық сезімі анық
байқалады.