5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет157/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері
Дарий патшаның сақ жеріне жасаған жорығының 
себептерін екі бағанға орналастырады. "Сақтардың 
ірі империяға қарсы тұру күші тәуелсіздігін сақтап 
қалуға деген құштарлықтан туындайды" деген қоры-
тынды жасайды.
Қосымша тапсырма
Тақырыпқа қызығушылық танытқан оқушыларға 
сақтар мен парсы әскери күштері туралы қосым-
ша ақпарат жинауға тапсырма беріңіз. Жиналған 
ақпараттардан салыстырмалы кесте жасауға кеңес 
беріңіз. Басқа оқушыларға І Дарий мен Бехистун 
жазбасы туралы қызығушылығын туғызатын ақпа-
раттар жинауға болатын ғаламтор сайттарын ұсы-
ныңыз. Жинақтаған ақпараттардан шағын баяндама, 
2-3 абзацтан тұратын эссе жазуға нұсқаулық беруге 
болады.


96
3-тарау.
Сақтар
3.7.
Шырақтың ерлігі (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің 
халықаралық сахнадағы орнын анықтау.
Тірек сөздер
ерлік
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бергі та-
рихы. I том. – Алматы, 2010.
2. Ежелгі Қазақстан // Қазақстан балалал энци-
клопедиясы. – Алматы: Аруна, 2007
3. К. Аманжолов, А. Тасболатов. Қазақстанның 
әскери тарихы. – Алматы: Білім, 1999.
4. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. I том. –
Алматы, 2006.
Оқулық: Шырақтың ерлігі, 
96-97-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
сақтар тәуелсіздік үшін қа-
лай күресті?
Сабақтың деректі материалдары
Полиэн І Дарийдің келе жатқанын естігеннен 
кейін сақ әскерлері үш топқа бөлінген деп жаза-
ды. Парсылармен соғысу барысында бірінші тобы 
талқандалған. Парсылар сақтарша киініп алып, ке-
лесі топты да жеңеді. І Дарий әскерлерінен соңғы 
топ та жеңілген. Деректің келіспейтін тұстары бар. 
Әрбір сақ бес қарумен толықтай қаруланады. Сақтар 
жер жағдайын жақсы біледі. Сонымен қатар сақ – 
ат құлағында ойнайтын шабандоз. Ержүрек сақтар 
оңайлықпен жеңіле салмайды. Полиэн "І Дарий жо-
рыққа шықты" деген хабарды алған кезде, сақ биле-
ушілері кеңес өткізеді деп жазады. Сақтар кеңесінде 
Шырақ деген жігіт: «Сақтарды алдап қолға түсіріп, 
қырған парсыларды біз де айламен жояйық" – деп, 
өзінің жоспарын айтты. Шырақ туралы аңыз ғасыр-
дан-ғасырға ауызша жеткізілді. Б.з.д. ІІ ғасырда өмір 
сүрген Полиэн аңызды хатқа түсірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет