5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет159/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Әңгіме құрастыңдар
Бұл тапсырманы орындау екі кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезеңде оқушылар оқулықтағы суреттер 
және мәтін бойынша әңгіме құрайды. Оқушылар 
тапсырманы жеке орындайды. Кейін өзара жұп-
та талқылайды. Жұптар топтарға бірігеді. Топтан 
ең үздік әңгімені тыңдатыңыз. Соңынан оқушылар 
мәтінмен танысады. Олар өздерінің құрастырған 
әңгімелерімен қаншалықты сәйкес болғандығы не-
месе алшақ кеткендіктерін талқылайды. Тапсырма-
ны қорытындылау кезінде оқушылар Шырақ ерлігін 
түсінуі керек. 
Жауаптары.
Бірінші суретте құмды дала көрінісі 
бейнеленген. Адамдар мен түйелер әбден қалжы-
раған. Аяқтарын әрең басады. Керуенді жол көрсе-
туші адам бастап алып келеді. Жаяу келе жатқанына 
қарағанда жергілікті жердің тұрғыны болуы керек. 
Екінші суретте керуеннің қиын жағдайға тап болға-
нын көреміз. Құмды боран соғып тұр. Түйелер мен 
адамдар сусыз шөлге тап болғандықтан, жаппай 
қырылып жатыр. Соңғы суретте патшаның құдайға 
сыйынып, жалбарынып отырған түрін көреміз. Көк-
тен бір тамшы су сұрап отырғанға ұқсайды.
Мінездеме жазыңдар
1. Шырақ батырдың өмір сүрген дәуіріне.
2. Шырақ батырдың өмір сүрген ортасына.
3. Шырақ батырдың тұлғалық қасиетіне.
Жауаптары
Шырақ батыр темір дәуірінде өмір сүрген. Сақ 
тайпасынан шыққан. Аталған дәуірде соғыстар, шап- 
қыншылық жорықтар жиі болып тұратын. Әрбір сақ 
жауынгері өз елінің патриоттары болды. Олар тәу-
елсіздікті қорғауда аянбай күресті. Шырақ осындай 
ортада тәрбиеленді. Осыдан Шырақтың бойында 
отансүйгіштік, адамгершілік, батылдық, ержүректілік 
қасиеттер қалыптасты. 
Бағалау мүмкіндіктері
Тақырыпты меңгеру кезінде оқушылардың қандай 
нәтижеге қол жеткізгенін қалыптастырушы бағалау 
арқылы анықтаймыз. «Дәлел келтіріңдер» тапсыр-
масы бойынша сақтардың қарулы күштерін сипаттау 
кезінде дәлелді жауабы мен сұрақтарға жауаптарын 
оқушылардың топтың ішінде өзін-өзі бағалауына 
болады. Сурет бойынша «Шырақ батырдың» ер-
лігі туралы әңгіме құрастыру тапсырмасын шығар-
машылықпен орындаған оқушыны мақсатқа жетті 
деп есептеуге болады. Тарихи кейіпкерге мінездеме 
жазу тапсырмасын орындауын нақты критерийлер 
негізінде бағалауыңызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет