Сабаққа қатысты ескертпелер Сабақты ерлік, батырлық туралы оқушылардың
білімі негізінде әңгімелесуден бастаңыз. Еліміздің
тәуелсіздігі жолындағы күрестер туралы оқушылар-
дың білімдерін анықтаңыз. Батырлардың суреттерін
көрсетуіңізге болады. Бейбіт өмірдегі ерлік жасау ту-
ралы оқушылардың пікірін сұрасаңыз орынды болар
еді. Оқушылардың ерлік, батырлық, тәуелсіздік үшін
күрес деген ұғымдармен таныс екендігіне көз жет-
кізіңіз. Сабақтың мақсаты – тәуелсіздік үшін күрескен
Шырақ батырдың ерлігін сипаттау. Сабақтың кон-
цептісі "дәлел" болу себепті Шырақтың парсы әскер-
лерін алдап, шөл далаға адастырғандығы жөнінде
ақпарат келтіру маңызды. Оқушылар деректер мен
ақпараттарды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап
беруді үйренеді. Оқушылар алдыңғы алған білімдері
негізінде сақ жауынгерлерінің әскери киім-кешек-
тері мен қару-жарақтарын сипаттай алады. Оқушы-
лар жауаптарын жұпта талқылатыңыз. Оқушыларға:
«Неліктен парсыларға сақтармен соғысу қиын бол-
ды?» – деген сұрақты қойыңыз. Оқушылардың жа-
уабын тыңдағаннан кейін оқулық мәтінімен жұмыс
жасатыңыз. Кеспеқағаздағы жазылған дәйектерді
маңыздылығына қарай орналастырады. Оқушылар-
дың мәселе бойынша талқылау жүргізе алуы маңыз-
ды. Шырақ батырға мінездеме жаздыруға нұсқаулық
беріңіз.
Дәлел келтіріңдер Тапсырманы оқулық суретімен орындатыңыз.
Оқушылар сақ жауынгерлерінің суреттері бойын-
ша және өз білімдерін қолдана отырып, сақтарды
сипаттайды. Берілген сұрақтар арқылы терең сипат-
тама жасауға көмек береді. Оқушылар жауаптарын
жұпта талқыласын. Белгіленген уақыттан кейін топта
талқылатыңыз. Топтағы ең ұтымды жауапты оқушы-
лардың ұйғарымы бойынша сыныпта тыңдатыңыз.
Қалған топтағылар толықтыру, түзетулер жасап, өз
жауаптарын қорытындылауы тиіс. Сақтардың ең ба-
сты қаруы – Отанды сүю екендігін баса айтыңыз.
Жауаптары. Сақтардың атты әскерлері – алыстан
дәлдеп ататын мергендер. Олардың жебелері улы
және жаудың бекіністеріне от жіберетін. Жауын-
герлердің киімдері жеңіл, қозғалуға ыңғайлы. Темір
сауыты оқтан қорғайды. Аттарын қорғайтын жабу
жабылған. Садақтан басқа найза және қылышпен
қаруланған. Сақтар парсыларға қарсы тұра алатын
күш:
1. Сақтар – шабандоз. Аттың үстінде шебер ұрыс
жүргізеді. Қарудың барлық түрін меңгерген. Сақ жа-
уынгері соғыс әдістерін қолдана алады.
3-тарау.
Сақтар 97
2. Сақтар – намысшыл халық. Олар дұшпанға
қатал, досқа адал. Сақтар өз жерін жаудан қорғап
отыр. Өз тәуелсіздігі, бостандығы үшін күреседі.
3. Әйелдер қажет болған жағдайда ерлерімен қа-
тар соғысатын.