Сабаққа дайындық 1. Сақтардың әскери тактикасы туралы ақпараты
бар кеспеқағаздар жасаңыз.
2. Македонскийдің портреті жапсырылған А4
пішініндегі парақ.
Сақтар жауына күтпеген жерден шабуыл жасап, жауының
есін жиғызбастан соққылады
Сақтар өтірік шегініп, кілт бұрылып, қапыда қарсы
шабуыл жасайды
Жаудың күші сан жағынан басым болғанда, өз жерінің
ішіне қарай шегініп отырды. Жау күші әлсіреген жағдайда,
оларды қоршап алып, құртып жіберуге тырысты
Сақтар әскерді өзара келісімге келіп отыратын екі топқа
бөлді: бірінші топ соғысқан жауға қарсы майданға
шыққанда, екіншісі жау шегінгенде соққы беруге дайын
тұрады
Сақтардың ойнайтын барабан үні жаудың зәресін
ұшырады. Барабан соққылары белгілі ырғақпен әскери
бұйрықтарды жеткізген
Сауыттары кеудесінен бастап, тізесіне дейін жабулы.
Сақтар шегінген кезде қалқандарын арқаларына
қыстырып алатын
Сақ әскерлері тосқауыл жасау үшін бірнеше отрядтарды
алға жібереді және қолдау үшін қосымша күш жұмсап,
майданның тұтастығын бұзады
Сабақтың деректі материалдары Александр Македонский б.з.д. 330 жылы
Самарқанд ты басып алды. Ол Сырдарияға жетіп,
өзеннің батысындағы бірнеше қаланы бағындырды.
Оған қарсы Орта Азиядағы соғды, сақ халықтары
көтеріліс бастады. Өлім жазасына кесілген отыз соғ-
дылық ақсүйек қорықпастан ажалды әуенмен қарсы
алды. Азаттық жолында Сырдария бойындағы 7 қала
македон әскерлеріне қарсылық көрсетті. Самарқанд
қаласы көтерілістің орталығы болды. Көтерілісті
Спитамен есімді адам басқарды. Ол басқыншылар-
мен күресте сақтардың қолдауына сүйенді.
Бала кезінде оның әкесін гректер тұтқындап құл-
дыққа әкетеді. Анасы Спитаменді ертіп, Афиныға
күйеуін іздеп келеді. Спитамен Афиныдағы скифтер-
ден құралған әскери жасаққа қабылданып, грек-
тердің соғыс ісін жақсы меңгереді. Спитамен Алек-
сандр Македонскийдің шығысқа жасаған соғысы
қарсаңында туған жеріне қайтып келіп, сақтармен
бірге басқыншыларға қарсы үш жылдай партизан-
дық соғыс жүргізеді.