5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет165/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақтың мақсаты басқыншыларға қарсы ха-
лықтар күресін сипаттау және сақтардың грек-ма-
кедон әскери күшіне қарсы тұра алған себебі мен 
салдарын түсіндіру. Сабақтың концептісі – "се-
беп–салдар". Македонский жорығының Орта Азия 
жері үшін қаншалықты ауыр болғанын түсіну үшін 
оқушыларға сұрақтар арқылы суретті талдатыңыз. 
Картамен жұмыс жасау арқылы соғыстың ауқымын, 
жаулаушылар жорығының бағыттарын анықтай ала-
ды. Сақтар жеріне грек-македон әскерлерінің кіре 
алмағанын карта арқылы түсіндіре аласыз. "Сақтар 
неліктен Македонскийге қарсы күресті қолдады?" 
деген сұрақты оқушыларға қоя отырып, жауаптарын 
тыңдаңыз. Жұпта талқылатып, соңынан мәтінді оқуға 
тапсырма беріңіз. Сақтардың Македонский күшіне 
қалай қарсы тұра алған себептерін анықтау үшін 
оқушылар, алдымен, өздерінің ұрыс тактикасын 
ұсынады. Жеңіске жету себептерін маңыздылығына 
қарай орналастыру арқылы оқушылар сақтардың 
қарсы тұра алу жағдайын түсіндіре алады.


3-тарау. 
Сақтар
101
Сұрақ құрастырыңдар
Тапсырманы оқушыларға мәтінді оқып, танысқан-
нан кейін орындатыңыз. Мәтінді 1-2 оқушыға мә-
нерлеп оқытыңыз. Тапсырманы оқушының қабілеті-
не қарай түрлендіруіңізге болады. Кейбір оқушылар 
мәтінді оқығаннан кейін 3 жеңіл сұрақ құрастырсын. 
Ал үздік оқитын оқушылар үш жеңіл, екі күрделі 
сұрақтан дайындасын. Қалған оқушылар 3-4 күрделі 
сұрақтар құрастырады. Қорытынды жасағанда Спи-
таменнің қолбасшылық рөліне назар аудартыңыз. 
Оның жеке басының қасиеттері қандай болу керек 
екендігін талқылаңыздар.
Жауаптары.
Жеңіл сұрақтар:
Македонский 
басқыншыларына қарсы көтерілісті кім басқарды? 
Спитаменнің әкесі кім болды? Спитамен көтерілісі
туралы Арриан не деп жазды? 
Күрделі сұрақтар:
Неліктен сақтар Спитаменмен одақ жасасуға келісті?
Соғыс халықтардың өміріне қалай әсер етті?
 
Македо-
ниялықтардың жорығы шығыс және батыс халықта-
рының байланысына қаншалықты әсер етті? Спита-
меннің қандай қасиеттері халықты көтеріліске бастап 
шығуға мүмкіндік берді?
Ойланыңдар
Сұраққа жауап беруді жұпта орындатыңыз. Екі 
үш жұптың жауаптарын тыңдатыңыз. Жауаптарды 
тыңдағаннан кейін оқушылар мәтінді өздігінен оқы-
сын. Сұраққа оқушылардың мәтіннен қаншалықты 
жауап ала алғандығын анықтаңыз.
Жауаптары.
Сырдария жағасына македондықтар-
дың бекініс-қала тұрғызуын сақтар олардың біржо-
лата бекінуі деп түсінді. Бұл сақтардың жеріне қауіп 
төндіреді. Өзеннің екі жағасы тым жақын еді. Еркіндік 
сүйгіш сақтар басқа елдің тәуелділігінде болуды қа-
ламады.
Анықтаңдар
Тапсырманы топта орындатыңыз. Әр топқа сақтар-
дың соғыс өнері туралы жазылған кеспеқағаздар 
таратыңыз. Осы кеспеқағаздар негізінде өз жерін 
қорғаудың «әскери жоспарын» ұсынуға тапсырма 
беріңіз. Топтың басшысы сақ қолбасшысының рөлі-
не еніп, өз «әскери жоспарын» ұсынады. Топтар өз 
«әскери жоспарымен» таныстырып, талқылайды. 
Тапсырманың соңында барлық сынып қай топтың 
ұсынған жоспары ең ұтымды екенін таңдап, дәлел-
деуі тиіс. Кейін Македонский жорығының сәтсіз 
аяқталу себебін алған білімдері бойынша анықтайды.
Анықтаған себептерді маңыздылығы бойынша орна-
ластыруын сұраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет