5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет166/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері
Оқу мақсатына қол жеткізу үшін оқушылардың 
алған білім, дағдыларын тиісті түрде бағалаңыз. Бір-
неше тапсырманы оқушылардың қабілетіне қарай 
түрлендіріп, қалыптастырушы бағалауға жағдай жа-
саңыз.
Суретті талдауға арналған сұрақтарға жауап беруі, 
жеңіл және күрделі сұрақтарды құрастыруын бағалай 
аласыз.
Сақтардың соғысу әдістерін ұсынған оқушыларды 
тапсырманы орындауына қарай оқу мақсатына жетті 
деп қарастыруыңызға болады.
Қосымша тапсырма
"Александр Македонскийдің сақтар туралы пікірі 
қандай?" деген тапсырманы А4 пішініндегі параққа 
орындайды. Парақ ортасында Македонскийдің пор-
третін жапсыртыңыз. Жан-жағынан жебе сызықтар 
арқылы бағыттап, Александр Македонскийдің сақтар 
туралы 4-5 пікірін параққа жазады. Соңынан оқушы-
лар өзара жұмыстарымен алмасып, кері байланыс 
жасайды.


102
102
Тараудың қорытындысы 
Оқу нәтижелері
Оқушылар:
• оқушылар осы тараудың соңында ерте темір
кезеңіндегі сақтардың Қазақстан аумағында тара-
лып орналасуын карта арқылы танып білді;
• грек, рим және парсы деректеріндегі ақпарат-
тарды талдау арқылы сақтар қоғамын, әлеуметтік 
жағдайы мен саяси-әскери өнерін сипаттады;
• сақ археологиялық ескерткіштерін зерттеу 
арқылы сақтардың наным-сенімдерін, дүниетаны-
мын түсінді;
• «Мұртты» обалардың ерекшеліктерімен таныс ты;
• Геродот пен Помпей Трог деректерінің негізін-
де Томирис тұлғасына мінездеме берді;
• Бехистун жазбасы, грек тарихшыларының жаз-
ба деректері арқылы сақ-парсы қарым-қатынаста-
рын анықтап, түсіндірді;
• Дарийді шөл далаға адастырып әкетіп, парсы 
әскерлерінің жартысын қырғынға ұшыратқан Шырақ 
батырдың ерлігін әңгіме құрау арқылы сипаттады;
• сақтардың Александр Македонский әскери 
күштеріне қарсы тұра алғандығын дәйектер келтіре 
отырып негіздеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет